9-а сыныбының қазақ тілі мен әдебиеті
пән мұғалімі Ж.Ж.Атыханованың
«Эссе жазып үйренейік!» жобасы
бойынша жүргізілген жұмыс есебі .
Қараша айынан бастап мектепішілік « Эссе жазып үйренейік! » атты жобаға сынып оқушыларын қатыстырдым.
Ондағы мақсатым : оқушыларымның сыни ойын жетілдіру, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау және алдағы мемлекеттік емтиханға дайындық .
Яғни, біз осыған дейін эсседе оқушының ойы, эмоциясы, шығарма немесе автор көзқарасы бойынша өзіндік көзқарасына, тақырыпты ашуына, эссе құрылымының сақталуына ғана баса назар аударып келсек, бұл жолы «Эссе қалай жазылады, жүйесі, құрылымы, түрлері және оларға қатысты сөз оралымдары» туралы практикалық тапсырмалар негізінде талқылай отырып, тәжірибемізді жетілдірдік.

Жалпы оқушыларға жобаның көп көмегі тиді деп ойлаймын. Себебі, оқушылардың көпшілігі эссе – қарапайым шығарма деп ойлады. Алайда олай емес екендігін түсінді.
Эссені жазып, талдау барысы
Эссе - автордың белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасын білдіреді. Эссе жазу кезінде логика, ойды дәйектеу, ақпаратты сауатты жазу жақсы дамиды.
Эссе жазу барысында жанрдың бұл түрін көбі шығармамен шатастыру қиындықтары туындады. Кейін түсіндіру, талқылау жұмыстары барысында эссенің құрылымы қандай болу керек екендігін, эссені басқа жанрлардан қандай белгілері ерекшелендіріп тұратындығын, сонымен қатар өз ойын қалай сауатты түрде қағаз бетіне түсіру керектігін меңгерді.

Эссенің құрылымы
Оқушылар өздерінің кері байланыстарын бейнебаянмен жолдады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Эссе» жазып үйренейік!» жобасы бойынша жүргізілген жұмыс есебі.
9-а сыныбының қазақ тілі мен әдебиеті
пән мұғалімі Ж.Ж.Атыханованың
«Эссе жазып үйренейік!» жобасы
бойынша жүргізілген жұмыс есебі .
Қараша айынан бастап мектепішілік « Эссе жазып үйренейік! » атты жобаға сынып оқушыларын қатыстырдым.
Ондағы мақсатым : оқушыларымның сыни ойын жетілдіру, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау және алдағы мемлекеттік емтиханға дайындық .
Яғни, біз осыған дейін эсседе оқушының ойы, эмоциясы, шығарма немесе автор көзқарасы бойынша өзіндік көзқарасына, тақырыпты ашуына, эссе құрылымының сақталуына ғана баса назар аударып келсек, бұл жолы «Эссе қалай жазылады, жүйесі, құрылымы, түрлері және оларға қатысты сөз оралымдары» туралы практикалық тапсырмалар негізінде талқылай отырып, тәжірибемізді жетілдірдік.

Жалпы оқушыларға жобаның көп көмегі тиді деп ойлаймын. Себебі, оқушылардың көпшілігі эссе – қарапайым шығарма деп ойлады. Алайда олай емес екендігін түсінді.
Эссені жазып, талдау барысы
Эссе - автордың белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасын білдіреді. Эссе жазу кезінде логика, ойды дәйектеу, ақпаратты сауатты жазу жақсы дамиды.
Эссе жазу барысында жанрдың бұл түрін көбі шығармамен шатастыру қиындықтары туындады. Кейін түсіндіру, талқылау жұмыстары барысында эссенің құрылымы қандай болу керек екендігін, эссені басқа жанрлардан қандай белгілері ерекшелендіріп тұратындығын, сонымен қатар өз ойын қалай сауатты түрде қағаз бетіне түсіру керектігін меңгерді.

Эссенің құрылымы
Оқушылар өздерінің кері байланыстарын бейнебаянмен жолдады.
шағым қалдыра аласыз



