Тақырып бойынша 21 материал табылды

Эссе "Кел, балалар, оқылық! "

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кел, балалар, оқылық!

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің негізін қалаушы, педагог, ұлт мақтанышы атанған тұлғалардың бірі. Қазақ елі үшін өзінің бар өмірін сарп етіп, болашаққа жол салған кісі. Осы еңбегінің арқасында біз сауат ашып,кітапты қолымызға алып, әріп тани бастадық. Бірден бір себепкер осы Ы.Алтынсарин атамыз. Қиын қыстау заманда мектеп ашып, замандастарының сауатын ұлғайту үшін барын салған жазушы сол кезде кітап шығара бастады. Ең алғашқы туындысы «Қазақ хрестоматиясы» деген атпен белгілі және де жүрегіндегі дінге деген құрметін жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты діни сауаттылыққа толы туындысы жарық көрді. Осы екі оқу құралының бір сарындылығын сақтай отырып, өз заманында саналы ұрпақ қалыптастырды. «Қазақ хрестоматиясы» кітабында жазушы ең алғашқы бетіне

Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.

Істің болар қайыры
Бастасаңыз Аллалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.

-деп балаларды жігерлендіру үшін өлең шумақтарын жазған. Екі шумақ өлеңде қаншама терең мағына жатыр десеңізші.....

Өмір мен шығармашылықты ұштастырған көрнекті ақын Ыбырай Алтынсарин өзінің шағын әңгімелерінің түп мағынасының тереңдігімен ерекшеленіп келеді. Басты міндеті баланың тәрбиесімен еңбекке баулу, адамгершілігінің мол болуын қадағалайды. Мысалы «Асан мен Үсен» шағын әңгімесі шығармадағы түпкі ой- бай баласымен кедей отбасыдан шыққан баланың еңбекқорлығымен өлшенеді, бұл жерде еңбек ету тапқа бөлінгендіктен емес, керісінше осы жақсы, өнегелі азамат болудың кілті еңбек етуде екенін ұғындыру. Қазіргі заманда жан-жақты, тәрбиелі азамат болып қалыптасу үшін білім алып, еңбек ету керек. Осы екі нәрсені ұштастыру арқылы мамандық қалыптасады. Өмірде мамандық таңдаудан ешқашан қателеспеу керек. Бала тәрбиесінде өмірде екі тұлға әсер етеді, олар ата-ана және ұстаз демекші, Ыбырай Алтынсарин атамыздың мамандығы мұғалім.Ол өз заманында жан-жақты ұстаз, қоғам белсендісі болғанын байқаймыз. Мұғалімнің білімі, ақыл-ойы барлығы шәкіртке тікелей әсер етеді. Сол себепті Ыбырай Алынсарин мұғалімнің мәртебесін әрқашанда биік болуын қалады. Мен үшін жақсы ұстаз бәріненде артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі. Елді бұлыңғыр қараңғылықтан, күн сәулесінің жарығына жетелейтін бірден-бір жан ол-мұғалім.

Ыбырай Алтынсариннің төл туындыларымен қатар көптеген аудармалары да бар. Халықты сауаттандыру, сана - сезімін ояту, рухани өмірін дамыта түсу мақсаттарында жазған хрестоматиясында Ыбырай Алтынсарин орыс тіліндегі әртүрлі оқулықтардан сырттай үлгі алумен тынған жоқ. Осы іздену үстінде ол орыс мәдениетінің қазақ арасына енуіне жол ашты: орыстың алдыңғы қатардағы жазушылары мен үлкен ойшылдарының, ағартушылары мен педагогтерінің еңбектерін қазақ даласына алып келді, оларды қазақ тіліне аударып, қазақ өміріне сіңістірді.

Ыбырай Алтынсарин И.Крыловтың «Егіннің бастары», «Қарға мен түлкі», «Қайырымды түлкі», Лев Толстойдан «Полкан деген ит», «Силинші», И.И.Дмитриевтен «Екі шыбын», орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан «Тәккаппаршылық», «Дүние қалай етсең табылады», «Талаптың пайдасы», «Үш ұры», «Алтын шеттеуік», «Аурудан - аяған күштірек», «Әке мен бала», «Білгеннің пайдасы», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Жаман жолдас», «Мейірімді бала» сияқты көптеген шығармаларды аударды. Осы шығармаларды өзін-өзі тану пәнінде көптеп пайдаланамыз. Тәрбиелік мән-мағыналары өте зор. Бұл шығармаларда адам бойындағы адамгершілік игі қасиеттерді жақсы көрсете білген.

Қортындылай келе, мен Ыбырай Алтынсарин шығармалары адамға салмақты ой салатынын ұғындым. Ал, қарапайым халықты өз шығармаларының кейіпкері ете отырып, бала бойына жақсы нәрселерді игеруге ұмтылдырады. Қазіргі таңдағы интерет желісінен, теледидар арналарынан көрсетілетін зұлымдық, ата-ана, тіпті кішкентай сәбилерге көрсетіліп жатқан қатыгездікті көргенде, шыныменде қарап отырсақ, бізге Ыбырай шығармаларындағы қарапайым ғана тілмен жазылған адамгершілік қасиеттерінің жетпегенін түсінуге болады. Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. Сондықтан оның әңгімелерінен балалар әдебиетіне  қойылатын негізгі талаптардың барлығы да атап айтқанда, туындының көлемі мен құрылысының қарапайымдығы, тілдің тазалығы, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік – танымдық мәнінің жоғарылығы, оқиғалардың балалар жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой – қиялдың шынайы түрде жазылғанын түсіндім.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2021
3673
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12