Поэзияның ақ
гүлі
«Әйел – ана бір қолымен бала
тербетсе,
бір қолымен әлемді тербетеді»,
-
деп қазақтың маңдайындағы
жұлдызы Мұхтар Әуезов айтқандай, биыл Қазақстан Республикасының
мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын, журналист, аудармашы, Жамбыл
облысының құрметті азаматшасы, Парасат және Құрмет орденінің
иегері, қазақтың қара торы қызы Күләш Ділдәқызы Ахметованың мерейлі
75 жылдығы.Күләш Ділдәқызы тек қана үлгілі жар, аяулы ана емес,
еліне еңбегі сіңген қоғам қайраткері. 1946 жылы сәуір айының 25-ші
жұлдызында Талас ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген. Ең
алдымен еңбек жолына түспей тұрып, мейірбике мамандығын бітірген.
Кейін келе, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
журналистика факультетін бітірген. Қос мамандықты қатар алып,
бірнеше жылдар жұмыс атқарған. Ақын босуақытында сүйікті ісі
ретінде өлең жолдарын жазып жүреді. Өзіне тән бағытымен
ақын-жазушылардан асып түспесе кем қалмайтын шығармалары
бар. Қандай да бір тақырыпты
тереңінен жырлап, ақыл-парасат шуағын, жан-жүрек сәулесін молынан
түсірді. Атамекен мұратын, ел-жер тағдырын, адам әлемін алуан
ізденіс, түрлі салыстырулар арқылы шебер де шешен жеткізді. Күләш
Ахметованың ақындық өнері-талант қуатымен, көркемдік нәрімен,
сыр-сезімге толы шындық сипаттарымен ерекшелене
түседі. Ең алғаш 1975 жылы «Ақ гүлім
менің» атты әдеби кітабы – өзі жұмыс істеген «Жалын» баспасынан
жарық көрген. Шығармалары орыс, украин және түркі халықтарының
тілдеріне аударылып, кеңінен таралған және жүлделерге ие болған.
Өлеңдерінің жанрлары әртүрлі болғанымен шындыққа астарлап
жеткізілген ойға келеді. Туған жеріне, халқына арналған өлең
шумақтарында рух пен намысты оятатын сөздер бар. Кейбір
шығармаларында еліне деген сүйіспеншілік пен жанашырлық байқалады.
Мысалы, ақынның «Қазағым менің» деген
шығармасында:
«Бір жерде тұрлау
таппаған,
Қосылмай малы
қаптаған
Бөлініп қонған
қазақты,
Кімдер де кімдер
шаппаған?!
Бағынып бірақ
қалмаған,
Тәуелсіз қайран жан далам!».
Осы шумағында қазақтың рухын асқақтатып, ата-бабаларымыздың ешқашан
берілмей, шыдамдылықпен жеңіске қол жеткізгенін
айтады.
Тоқсан ауыз сөзді қорытындылай
келе, мен «Поэзияның ақ гүлі» Күләш Ділдәқызының барлық
шығармаларымен тереңінен таныстым. Жастайынан еңбекке құштар болып,
алға қойған арман-мақсаттарына айқындап жеткен, халықтың
сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген азаматшасымен таныстым десем де
болады. Күләш Ахметова жауһар жырларымен ғана емес, оқырмандарына
ұлағатты сөздерімен де ықпал жасап, тура жолға бастап келеді. Оның
шынайы ізгі тілектері жүректі толқытып, шуаққа көмкеріп, шатыққа
кенелткені шындық. Қалғып кеткен санаңды селт еткізіп оятып,
адамгершіліктің биік мұраттарына жетелеп, терең сырларымен
сусындатқандай әсер беретіні де рас. Қысылғанға қол ұшын аямайтын
кеңпейіл Күләш Ахметованың қазақтың талай тау тұлғаларынан жылы
лебіздер естіп, ыстық ықыласына бөленген шақтарында да аспай-таспай
қарапайым қалпында қалатын керемет кішіпейіл кемел бекзаттығы мені
тәнті етті. Өзінің мағыналы, адамға ұшқыр ой салатын шығармаларымен
оқырмандарының, тіпті дүйім жұрттың назарын аудартқан қайталанбас
тұлға - Күләш Ділдәқызы Ахметова.