Эссе Күз ғажайыбы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе Күз ғажайыбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эссе табиғаттың керемет маусымдарының бірі күздің сұлу ерекшелігін сезіне білуге шақыратын,сырлы да ,сыршыл эссе жұмысы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Күз ғажайыбы»

Ғажайыптар сыры-алтын күзде...

Күз-жыл мезгілдерінің ішіндегі ең керемет маусымдарының бірі.Себебі бұл мезгіл түрлі қиял- ғажайыптарға толы уақыт.Күз мезгілі құдды бір адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы болып келеді.Бірде жаңбыр жауып жатса,енді бірде күн шайдай ашылып тұрады.Бұл мезгілде жапырақтар сарғайып,табиғатқа басқаша сән беріп тұр,айнала алтын түске боялады,жерге алтын кілем төселгендей болады.Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпегенін де байқайсыз.Соққан желдің самалы жапырақтармен ұшып,көңіліңізді алабұртқан сезімге бөлейді.Тырс-тырс тамған жаңбыр тамшысы сіздің тынышыңызды алып,еріксіз алаңдауға мәжбүрлейді.Тал-теректің барлығы жапырағынан айрылып,қатал қысқа төтеп беруге дайындық үстінде болады.Жеміс-жидек,көкөніс атаулының барлығы пісіп бітіп дастарханыңызды береке мен молшылыққа толтырады.Осының барлығын күз ғажайыбы деп айтуыма толық негіз бар.Күз шын мәнінде әрбір сәті ғажайыптардан,түрлі қалтарыстардан,өзгерістерден,қозғалыстардан тұрады.Осы күз ғажайыбы маған түрлі шабыт,көңіл-күй сыйлайды.Табиғат тола сурет пен сұлулықтан,ғажайыптардан тұрады.Мен оның әрбір ғажайыбын сол қалпында қабылдауды үйреніп келемін.Табиғатпен сырласып,оның әсерін сезіне білу де адам жанының сұлулығына әсерін тигізері сөзсіз.

Табиғатқа қарап отырып небір ғажайыптарды аңғарып,суретші болсаңыз сурет салғыңыз келеді,ақын болсаңыз өлең шығарғыңыз келеді.Тіпті жай адам болсаңыз да бір түрлі әсерге бөленбей қоймайсыз.Табиғат ананың өзі осынша шебер екенін мойындайсыз.Осы күз ғажайыбы туралы ақиық ақын Мұқағали Мақатаев былай дейді:

Жүрші,жаным,қоңыр күзде серуендейік жырақта,

Қайтқан құстың әуенімен қоштасайық қыратта,

Күз өткенге кейімеймін сағынамын бірақта.

Қайтып бара жатыр,әне,сағыныштар- тырналар,

Ақ қайыңдар,тал-теректер...алтын сары сырғалар,

Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.

Қайда кеткен жасыл аппақ,жасыл орман,жасыл маң?

Табиғаттың ғажайыбы ақын жанын сарғайған сағынышқа толтырған настальгияға толтырған екен.

Мен жалпы күз мезгілі келгенде ерекше бір сырлы,күйге түсемін.Ішкі жан дүнием бір тосырқаулы,жабырқаулы,күйге енеді.Болашақтан бір үміт күтіп тұратындай сезімде боламын.Сарғайған жапырақ менің жанымды да басқа бір күйге бөлейді.Соққан жел көңілімді алысқа жетелейді.Жауған жаңбыр жандүниемді тазартқандай болады.Түскен жапырақ болашаққа үміт сыйлайтындай.Күз ғажайыбы мені сиқырға бөлеп,арманымды асқақтата беретіндей болады.Күз ғажайыбынан мен ішкі арпалысқа толы өзімнің көңіл-күйімді көремін.

Күз ғажайыбынан өзімнің өмірімді көремін.Күздің әрбір күні түрлі ғажайыптарға толы болса,менің де өмірім күздің ғажайыптары секілді қызылды-жасылды,сырлы сұлу бұралаңдардан тұрады.Табиғатсыз өмірімді елестете де алмаймын.Оның әр сәтінен сезімталдық оянып,жан дүнием нұрлана түседі.

Сөзімді қорытындылай келе айтарым,күздің ғажайыбын көзбен көріп,жүрекпен сезініп,ақылға тоқи білсем,Абай айтқан «толық адам» ұғымына да жетемін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2020
1372
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі