Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Мамандығым-мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
өз мамандығын сүйетін жас мамандарға, студенттерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым – мақтанышым

«Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлейді,ал рух үшін оны мұғалімдеріміз әзірлейді»

Г.Лихтенберг

Нағыз мұғалім тұлғасы қоғамда өз мәртебесін түсірмек емес. Осы бір қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандықты таңдауда қателеспедім деп ойлаймын. Балалық арманым ба, әлде алғашқы ұстазыма ұқсағым келді ме, әйтеуір, осы бір арман мені ұзақ жылдар бойы жетелеп, мектеп бітіргеннен кейін мұғалімдік мамандықты таңдауыма себепші болды.

4 жыл бұрын алтын ұям – осы мектепті аяқтап, арман қуып Қостанай шаһарына аттандым. Арада уақыт өтіп, жоғарғы оқу орнын аяқтап,жұмыс орнын таңдау барысында, өз туған мектебімде педагогикалық жолымды бастауды ұйғардым.Алғаш рет жұмысқа тұрған күнім мәңгілік жүрегімде қалады. Себебі, бұл күн – менің мамандық таңдауда қателеспегенімді ұққан күн.

Ең алғаш мектепке барған күнім көз алдымда. Мен үшін әлемнің жаңа бір парағы ашылды. Алғаш,қашықтықтан болса да, сабақ беретін сыныппен жүрексіне танысқанда маған күлімдей, әрі сынай қараған пәк көздерден мен өзіме жүктелген үлкен жауапкершілікті сезіндім. Қатты толқығаным әлі есімде. Сол сезім, толқыныс менің жан-дүниемде мәңгі қалғандай. Мен мамандығымды жаныммен сүйемін және әр оқушыға мейіріммен қараймын. «Әр шәкірт – менің жалғызым» деген басты қағидам бар. Бала жүрегі оған деген көңілді сезеді.

Еңбек жолын енді бастағалы жатқан жас маманға ең алғашқы жұмыс орны ыстық болып келеді-мыс. Сондықтан өз құшағына баурап алар бұл мектептің жылуы ерекше. Бұл ордада білім алуым – алдағы жолымның ары қарай түрлі – түсті бояуға еніп, дамуыма шамшырақ болды. Солтүстік желдің өті, Тобыл – Торғай даласында білім алып, өз мектебімде Ыбырай бастаған ұлы істі жалғастыру – үлкен мәртебе. Кеше ғана маған ұстаз болған жандармен, бүгінде бірге қызмет жасап, бір мақсат пен бір мүддені ту етіп, ана тіліміздің мәртебесін көтеру – педагогикалық жолымның басты мақсаты.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12