Материалдар / Эссе «Мамандығымды дұрыс таңдадым ба?»

Эссе «Мамандығымды дұрыс таңдадым ба?»

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша оқитын студенттерге
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Эссе «Мамандығымды дұрыс таңдадым ба?»

«Мамандық таңдау- табыстың кілті»

Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен аяғында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді біреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Демек, өмірде өз ағысымыз бен өз арнамызды тура таңдаумыз үшін өзімізді өзгелерге, қоршаған ортаны танып біліп, рухани құндылықтарды терең меңгеріп, адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытсақ мақсат-мұратымызға қол жеткізе аламыз.

Сонымен қатар әр адам өз өмірінде жеке ерекшелігіне сай бойындағы күні қуатқа, бар жан тәнімен сеніп, жан жүрегінде орын табылып, ынтасын бойлап алған қызығушылық сезімімен таңдаған мамандығына қол жеткізу де үлкен ғанибет. Осы жерде Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаңыз, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және аурасыз. Сіз не істесеңізде сүйсініп істеңіз!».

Адам өзінің болашақ кәсіби мамандығына әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін- ол ойға алған арманның орындалуы, отбасылық дәстүрді жалғастыру, үшінші, біреулер-әйтеуір бір мамандықты меңгеру керек болған соң.

«Армансыз адам-қанатсыз құспен тең» дегендей бала кезімде дәрігер болғым келді. Есейгенде егде жастағы адамдарды емдеп, көмектесемін деп армандадым. Арманым да сол көмектесу борышым болғандай, дәрігер емес, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман болуды нәсіп етіпті.

«Әлеуметтік жұмыс» - адам мен адамның инабаттылық қатынас туындаған әлеуметтік іс-әрекет. Бұл ежелден келе жатқан адам қайырымдылығы мен алдындағы борышты сезіну, қасіретті жандарға қол ұшын беру. Сонымен қатар тағдырдың жазуымен егде жаста жалғыз өмір сүретін қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету-біздің қоғам алдындағы міндетіміз!

Менің мамандығымның жалақысы аз болса да, қиналған жандарға көмегін көрсетеді, біз үшін өзгенің қиындығы деген түсінік жоқ. Мен мамандығымды құрметтеймін, өйткені мен үшін адамның діні, ұлты,жасы, білімі маңызды емес. Тек қана кең жүректі, адами қасиеті болса болды. Бізде осындай болуға тырысамыз. Айналамызда мейірімді жандар көп болса деймін.

Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Қуанышы да, ауырпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар» - деп тегіннен-тегін айтқан жоқ. Елбасының жастарға қояр талабы – білікті, кәсіби маман болу.

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі