Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Мен басшы болсам,........"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепоқушыларына эссе жазуға көмек ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Егер мен мектеп басшысы болсам....(эссе)

Тәуелсіздік алғалы бері елімізде әлемнің небір дамыған мемлекеттерімен қатарлас деңгейде болу үшін, көптеген игілікті істер жүзеге асырылып келеді. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алу үшін, елімізде білім саласының алатын орны ерекше. Білімді жастарды тәрбилеу үшін, елімізде білім беру жүйесін заманауи технологиялармен қамтамасыз етіп, ұлттық яғни қазақ мектептерінің санын, сапасын арттыру қажет.

Қазақ мектебінің болашағы туралы Мағжан Жұмабаев “әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты” деп айтып кеткендей, мектеп-білім алдындағы үлкен кеме сияқты. Ал,директор кеменің ішіндегі басқарушы- капитан. Оқушылардың қаншалықты білімді болып шығатынына директордың ықпалы зор.

Егер мен мектеп басшысы болсам, алдымен, мектептің іші-сыртының тазалығына көңіл бөлер едім. Мектептің жан-жағына ағаштар отырғызып, гүлдер егіп,қоқыс тастайтын арнайы орындарды бекітіп, отыратын орындықтарды көбейтетін едім, ал мектептің ішіне гүлдерді көбейтіп, қабырғаларды оқушылардың қолынан шыққан қолөнерлерін іліп қояр едім. Оқушыларды тазалыққа шақырып, сенбіліктер ұйымдастырып, мектептің айналасын қоқыстардан тазартар едім.

-“Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні , киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді” деп Мәлік Ғабдулиннің ғибратты сөзін еске ала отырып, мұғалімдердің бірдей формада болуын қадағалаймын.

Тәртіпке бағынған құл болмас “ дегендей оқушылардың тәртібін басты назарда ұстаймын. Тәртіпке бағынбайтын, қиын оқушылардың ата-анасымен тығыз байланыс орнатамын. Жиі-жиі жиналыстар жасап отырамын. Балаларға тәртіпсіздіктің соңы қандай дәрежеге әкеп соқтыратынына байланысты, бейне роликтер көрсететін едім, сол бейне роликтерді көріп өздерін тәртіпке келтірер.

Елбасы Н.Назарбаев қай кезде болмасын ұстазға үлкен құрметпен қараған. Ол “Ел болашағының кілті бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші-ұстаздардың қолында. Тек жоғары сауатты , дарынды, дана, әрі отан сүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады”-деп бірегей тұлға ұстазға деген құрметі ерекше екендігін білдірген болатын. Сондықтан да “жас келсе іске” демекші жас мамандарға қолдау көрсететін едім. Мектепішілік тренерлік сабақтарды көбейтетін едім. Басқа да көптеген семинарларға жіберіп, өздерінің білімін одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасар едім. Жас мамандардың арасында ашық сабақ, сайыс сабақ өту барысында жақсы дәрежеде өткен мұғалімдерді марапаттап отыратын едім. Бұл жас мамандардың одан әрі ізденуіне себепші болады.

Мектепті жаңа комьютерлік кабинеттермен жабдықтап, ақпаратты жүйелермен (интерактивті электронды тақталар, жоғары жылдамдықты интернет, мультимедиялық кабинеттер) құралдануы оқушыларға тиімді білім беру мен қатар,мұғалімге де оқу үрдісін тиімді басқаруға қажетті заманауи сабақ беруіне ыңғайлы. Әр сабақ сайын оқушыларға жаңашыл инновациялық технологиялардың көмегімен қызықты да, түсінікті оқу материалдарын өткізуін қарастырамын.

Мектепте би үйірмесін, сурет уйірмесін, қол өнер үйірмесін тағы да басқада үйірмелерді көптеп ашатын едім. Оқушылар бос уақытын бекерге жібермей өзінің ұнататын ісімен айналысатын еді.

Дені саудың, жаны сау демекші, спорт кешенін ашар едім, балалар өзінің жанына жақын спорт түрімен айналысатын еді.Әрі денелерін шынықтырады, бос уақыттарын тиімді жұмсайды. Жат әрекеттерден аулақ болады.

Кітапхана- ол кітап пен білімнің әлемі. Кітапхананың ең басты әдемілігі, құндылығы –кітап. Кітапханада кітаптар қорын көбейтетін едім, оқырмандар іздеген кітабын тауып оқитындай. Кітапхана қоры көп болса, оқырмандарды қызықтырады. Әрине, сән үшін ғана емес кітаптар әрі құнды, әрі мәнді болуы тиіс. Арнайы оқу залдарын ашып, балаларды кітап оқуға шақырып, көптеген шығармашылық кештер ұйымдастыратын едім.

ХХI-ғасыр қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында” ХХI-ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз” деген болатын. Қашанда білімді ұрпақ- болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры жас ұрпақтың тағдыры- бүгінгі ұстаздардың қолында.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2019
6690
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12