Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті
оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра
алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
Л.Н.Толстой
Эссе «Мен бастауыш сынып мұғалімі»
Мен – бақыттымын! Неге дейсіз
бе? Неге деген сол сұрақты қойыңызшы маған. Өйткені, мен неге
бақытты екенімді айтуға асығыспын!
Оның себебі, мен бастауыш сыныптың
мұғаліммін.
Мұғалім мамандығына
жастайымнан бейімделгенмін деуге болады. Көзімді ашып
көргенім, құлағыммен алғаш естігенім де – мұғалім. Мені ешқашан
«оқуға қайда барамын, кім болып жұмыс істеймін» деген сұрақтар
мазалаған емес , себебі ұстаздықтың қадір-қасиетін отбасынан сезініп өстім.
Қасиетті ұстаздық жолын салған анама еліктеп, алыстаған сайын
биіктеп, киелі қасиет қашықтаған сайын құны арта түсетіні анық.
Бүгінде жапырағын жайған ұстаздар әулетіміз
десек
болады. Бұл дәйек менің мамандық таңдаудағы алғашқы жетістігімнің
бірі болды және тек қана осы жерде, балаларға тәрбие, білім беру
арқылы қоғамға қандай да бір пайда әкеле аламын деген сенім
берді. Мен өмірімді жұмыстан бөлек
елестете аламын ба? Жоқ, мен үшін ұстаздық – бұл мамандық емес,
өмір салты. Ұстаздық – бұл менің жаратылысым. Сондықтан, «Ұстаздық
– бұл адамға берілетін сый, ұстаздық – бұл талант, ұстаздық – бұл
бейімділік, ұстаздық – бұл өмірлік іс» дер
едім. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен
қуанышы мол болған еңбек жолында 20жыл еңбек етудемін.
Педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан
көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу
арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Жақсы ұстаз— бұл қай кезде де ең
алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық
қабілеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге
ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын
қоғамның ең озық бөлігі болуы тиіс. Күнделікті әр оқушыға
математиканың заңдылықтарын ұғындыра отыра, олардың пәнге деген
қызығушылықтарын арттыруға тырысамын. Бүгінгі заманауи сабақты жаңа
әдіс-тәсілдер мен технологияларсыз елестету мүмкін емес , сондықтан
өз іс-тәжірибеме әр оқушының өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, оны
дамыту , жетілдіру жолдарын ескеремін. Әрине, әр бала көбейту
кестесін білуі , есептерді шешуі маңызды болса да, ең маңыздысы
болашақта ол алған білімін өмірде қолдана алуы деп білемін. Әр
сабағымды шығармашылықпен жоспарлап, оқушыға дайын білімді бермей,
бағыт бере отыра қиындықты жеңуге, ізденіс дағдыларын
қалыптастыруға байланысты тапсырмалар әзірлеймін.
Әрбір сабақтың қызықты,
тартымды өтуін, әрбір оқушы сыныптан шыға бере өзінің бүгінгі
нәтижесі мен мүмкіндіктерін мақтан ететіндей сезімде болуын
қадағалаймын. Қателеспейтін тұяқ жоқ демекші, қателесе отыра
мақсатқа ұмтылуға жетелеймін. Оқушы үшін білім алатын
орта қалыптастыру, оқушының ішкі уәжін ояту, оған өзінің біліміне
өзі жауапты екенін көрсету, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету, алған білімнің күнделікті өмірде қажетілігін түсіндіру
менің алдыма қойған мақсатым десем артық
емес.
Білдіршіндердің сабаққа деген қызығушылығын,
танымдық белсенділігін, тіл үйренуге деген ынтасын арттыру үшін
жаңа технологияларды қолдана отырып, инновациялық әдістермен жұмыс
жүргізгенді жақсы көремін. Қазір жаңа технологиялардың түрі көп.
Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын қызықтыра оқыту көп нәрсені
талап етеді. Әрбір бала-бір-бір әлем. Сондықтан, сабақ үрдісінде
түрлі әдіс – тәсілдерді және сонымен қатар түрлі формаларды
қолдануға тырысамын. Әсіресе ойын технологиясын көп қолданамын, бұл
технологияны қолданғанда бүлдіршіндердің көздері жанып тапсырманы
орындауға асығып отырады.Осы технологияларды сабақтарымда үнемі
қолданып отырамын соның арқасында көздеген нәтижеме қол жеткізіп
отырмын.Бүлдіршіндердің бір орында ұзақ уақыт отырып қалмауын,
жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде қимылды-әуенді
ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын
топтар жұмысы, логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды
жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, дидактикалық ойындар,
ертегі негізіндегі тапсырмаларды қолданамын. Ойында әрбір баланың
шығармашылық қабілеті, ерік-жігері, көңіл-күйі ерекше байқалады.
«Ойлы бала-ойыннан белгілі» деген халық даналығы. Сондықтан,баланың
ойынға деген қызығушылығын сабақ процесімен әр сабағымды
ұйымдастырамын.
Өз тәжірибемде осының біреуін қолдану үшін күнделікті сабаққа
кірген кезде бүлдіршіндердің жүздеріне мұқият қарап, олардың көңіл
- күйлерін түсінуге тырысамын. Кейбір бүлдіршіндер көңілдері
көтеріңкі, жайдарлы болса, кейбіреулерінің сабаққа ешқандай
құштарлығы болмайды. Сондай сәтте мен әр сабағымды шаттық шеңбері,
жүрек жылуы, жылулық шеңбері, жақсы лебіз, психологиялық сәт немесе
жақсы көңіл көтеретін әнмен, өлеңмен бастаймын. Бұл әдіс бір
жағынан бүлдіршіндердің көңілін көтереді, екінші жағынан сабаққа
деген қызығушылығын, ынтасын арттырады.
Мен бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан балаларды дұрыс сөйлеуге,
ойын еркін жеткізе білуге үйретіп қана қоймай, оларды қазақ
халқының салт- дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, мемлекеттік тілді
қадір тұтып, сыйластықпен қарауға үйретемін.
Мұғалімге қойылатын жауапкершілік зор.Сонымен қатар бүлдіршіндердің
соған сай үйренсем – білсем деген талаптары күннен – күнге өсіп
келеді. Мерекелік ертеңгіліктерде үйірме жұмысында қазақ тілінде
тақырыпқа сай тақпақ, жұмбақ, мақал-мәтелдерді жатқа айтқызып,
ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға тырысамын. Ұлттық
мерекелерде қазақ халқының салт дәстүрлерінен үзінді, қойылымдар
көрсетіледі.Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда
ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі
жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол
жеткіземіз деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып басқан
және таудай болып шыққан бүлдіршіндерді сауатты, саналы азамат
болып өсіру біздің қолымызда. Олай болса еліміздің болашағын
ойлайтын саналы азаматтарымыз, қасиетті тілімізді биік – биік
шыңдарға шығарып, әлемдік тілдер қатарынан қоссын дегім келеді.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,-деген Ғафу Кайырбековтың өлең
жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма
мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте
көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені
ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін
жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір
сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас
тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді
шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші,
бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті,
икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті
қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім,
мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған
ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі
шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала
арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған
маман.
Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз
болу – бала кезімнен арманым еді. «Ұстазы жақсының ұстамы
жақсы»демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне
ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға
кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,-
десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп,
шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше, менің табынатын ұстазым
өмірдегі үйренерім –қазақ тілі пәнінен сабақ беріп жетік меңгерткен
-Оралова Айжан мұғалім.
Бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу,
оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру саясы
мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет
беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика
кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге
тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.
Ал жаңашыл ұстаз қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің
майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу
керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе
бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән
қасиет.
Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр
түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп,
болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің
көшінен қалмау, яғни білімі мен біліктілігін әрдайым жетелдіріп,
жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан
да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға
етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ
беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші
дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа
айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт
бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен
ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына
түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір
шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп
атайды. Осы тұста Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр
шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса,
төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау -
әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін,
мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен
сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл
кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке
мәңгі ұстаз болып қалады.
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта
мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен
қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім
киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті,
білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан
кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен
өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті
қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі
келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:
«Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды
жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге
икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген
тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық
шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену,
ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида
жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты»,- дейді
осы мектептегіАйгүл апай. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің
жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті
болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім
мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты
ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:
- Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі
- Қызметке бейімділігі
- Кәсіптік білімі мен біліктілігі
- Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім
- Ұйымдастырушылық қабілет
- Заманға сай жаңашылдық
Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта
таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы
болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес
заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі
жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз
арқылы қол
жеткіземіз.
Өз тәжірибемді ой елегінен
өткізе отырып: « Мұғаліммін,
жұмыскер жай адаммын
, жас өренге мейірі
бай адаммын, білімменен ұрпағымды
сусындатқан, Ұстаз деген атаққа сай
адаммын»,- дер
едім. Менің
оқушыларым менен алған шамшырақтарын ары қарай жаға
алатынын,
өмірде пайдалана алатынын, жақындары мен қажет ететіндерге
ұсына алатындықтарын білемін. Мүмкін олар ғалым болмайтын шығар,
бірақ олар нағыз адам болып шығады. Мен оларға
сенемін!
«Октябрь мектеп-балабақша кешені»КММ
Эссе тақырыбы: «Мен бастауыш сынып мұғалімі»
Бастауыш сынып мұғалімі:Жанкебаева.М.К
Белое ауылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе: «Мен бастауыш сынып мұғалімі»

шағым қалдыра аласыз