Материалдар / Эссе Мен инноватор педагог
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе Мен инноватор педагог

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
686
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Ең үздік инноватор педагог атануға лайықтымын ба?



Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. «Ұстаз- өз ізденуін, білімін жетілдіруін тоқтатқан кезде оның ұстаздық қызыметіде тоқтайды»- демекші біз әрқашан өз білімімізді бүгінгі жаңа заманға сай жетілдіріп отыруымыз қажет. Әсіресесе осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады. Білім беру жүйесіндегі негізгі талап – сабақта білім берудің жаңа технологиясы әдістерін қолдана отырып, халықтық педагогикамен ұштастыру және оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын  деңгейге жеткізу. Соңғы кезде мектеп оқушыларының оқу пәндеріне деген қызығушылығы мен белсенділігі әр түрлі себептерге байланысты біршама төмендеп барады. Оқушы мұғалімнің сабақ кезінде берген материалдарын түсініп, келесі сабақта ең оқу мотивациясы төмен деген оқушының білімі « толық үш» — деген бағаға сай келу керек екендігін өмір дәлелдеп отыр. Үлгірімі нашар оқушыларды осындай дәрежеге жеткізу үшін сабақ кезінде мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым-қатынас байланысы болу қажет. Сабақ кезінде әр оқушы пән мұғалімімен бірге сабақта берілетін материалдарды бірлесіп талқылап, тұжырымдап, қорытындылап және кейбір жағдайда мұғалімнің айтайын деген ойын әрі қарай жалғастырып отыратын күйге жеткен кезде ғана тақырыптың негізгі мазмұны түсінікті болуы мүмкін.Осындай атмосфера тудыру үшін ұстаз «оқушы үні»-яғни баланың жан дүниесіне терең бойлап,оқушы психологиясына үңіле білу қажет деп ойлаймын. Мұғалім мен оқушылардың байланысы 40 минут ішінде үзілмеуі  баланың пәнге деген белсенділігі мен қызығушылығын арттырады. Оқу үрдісін мұндай деңгейге жеткізу үшін, мұғалім өз ісінде ең жоғарғы шеберлігін көрсетіп, бар ынта-жігерін әр түрлі әдістерді қолдана отырып сабақ өткізіп, маңдай терін төгуді қажет етеді. Көп жағдайда сабақтың жақсы немесе нашар өтуі мұғалімнің ұйымдастыру кезеңін дұрыс, біркелкі ретке келтірмегендігіне де байланысты. Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл-ой, адамгершілік, физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді.

Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыда ықпал жасай аламыз. Ойын, еңбек, оқытуды өзара ұштастырған жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары Елбасының «Қазақстан-2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».
Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» – деп, кезінде ғалым М. Жұмабаев айтып өткеніндей, ұлт тәрбиесін білім алушыға дұрыс деңгейде бере білсек, бүгінде белең алып жатқан жастар арасындағы келеңсіз оқиғалардан арылуға жол салған болар едік.
Ұлттық тәрбиелік білім жас ұрпақты әсемдікті игеруге, сұлулықты сезініп, қастерлей білуге, оны өз бойына дарыта білуге, яғни, эстетикалық тәрбие бере білуге, ең бастысы рухани даму сипатына жетелейді. Ұлттық тәрбиелік білім беру арқылы, жас өскелең ұрпақты халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпымен таныстырып, адамның ішкі сезімін, жан дүниесін түсіне білуге бағыттауға ұмтыламыз. Халқымыздың сан ғасырлардан келе жатқан ұлттық мұрасын оқу-тәрбие ісімен сабақтастыра отырып тәрбиелеу, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттап, олардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру – әрбір ұстаздың міндеті.Жаратылыстану ,география сабағын әңгіме, баяндау, тек түсіндіру арқылы оқыту айтарлықтай нәтиже бермейді. Оқушылардың оқу материалын оқып-үйрену кезінде таным белсенділігі жоғары болатын сабақтар білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Тиянақты білім беру, оқу үрдісін жандандыру түрлі әдіс-тәсілді таңдай білуге, қолда бар көрнекілікке, құрал-жабдыққа, т.б.көптеген себептерге байланысты.Мектеп оқушыға жыл бойы нені үйретеді, нені оқытады деген сұраққа педагог мамандар «Табиғатты» деп жауап береді. Адам өмірге келгеннен өмірден озғанынша табиғатпен біте қайнасып, табиғатты зерттеп, табиғатты өлшеп, табиғатты жырлаумен күн кешеді. Демек табиғат адам өміріндегі бітпейтін өлшеусіз лаборатория болып табылмақ.

Осы алып лаборатория — «табиғатты» география пәнінен ажыратып тастау мүмкін бе? Жоқ. Адам ұғымындағы бұл екі сөз атауы жағынан айырмашылық жасағанымен бірлескен біртұтас дүние. Бұл жерде айтпағым,  бүкіл оқу жүйесі географияны оқытады дей келе, геогафия пәнін елеусіз тұрғыда қарастыруға мүлдем болмайды демекпін. География пәнін оқыту барысында әрбір сабақты сарамандық жұмыспен өткізу өте тиімді.

Ал енді география сабағын сарамандық жүйеде оқыту оқушының қаншалықты тиянақты білім алуына жағадай туғызатындығына тоқталайық.

Мысалы, «План және карта», «Атмосфера» тараулары оқушымен бірлесіп, әр сабақта картамен, географиялық алаңды пайдалана отырып сарамандық жүйеде жұмыс жүргізуге болады. Мұнда топтық, серуен, картаны оқу, георафиялық алаңмен жұмыс жүргізу оқушының география пәніне деген қызығушылығын арттыра түседі.Сегізінші сыныпта география пәнін оқытуды күрделендіре түсу керек.Мысалы, әр тақырыпты мен картадан оқып түсіндіремін. Бұл оқушының одан әрі қарай сол жаңа сабақты оқып түсінуіне жағдай туғызады.Осы жүйені қалыптастыру үшін пән мұғалімінің теориялық білімі жеткілікті және әр оқушыда атлас пен контур картасы болуы керек деп ойлаймын.

Ұлы Абай «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- дей отырып болашақ ұрпақтан арлы, білімдар, ақиқатшыл әрі еңбекқор, көпшіл, жақсылықты жанқиярлықпен жақтаушы, қайратын жалындатқан, ақыл-парасатын көрегендікке бағыттаған азаматты аңсады. Лайымда, әр жас өрен ұлы Абай аңсағандай азамат атанса, халқымыз адамзат көшінде әркез ардақты орында болары хақ. Хадисте білімнің екі түрі болады дейді біріншісі бастағы оқыған білім, ол көпшілікке арналған пайдасыз білім дейді,бір білім бар ол жүректегі тоқыған білім ол пайдалы білім .Қазіргі кездегі білім басқа беріліп жатқан білім ол жүрекке түспесе пайда бермейді.Абай айтады- «ақылмен ойлап білген сөз, бойыңа жұқпас сырғанар,ынталы жүрек сезген сөз бар тамырды қуалар». Біздің бар нәрседен құр қалып жатқан себебіміз ол бастағы пайдасыз білімнің соңына түсіп кеттік, бес дипломы бар адамдар білім жүрегіне сіңбегеннен кейін қоғамға пайдасыз болып отыр, ал пайдалы білім деген не, білім жүрекке өткенде тоқыған білімі болғанда ғана адам өзгереді. Ендеше тоқыған білім сабақ процесінде білімді тәрбиемен ұштастыру кезінде жүрекке өтетін білім . Кем дегенде сабағымыздың екі үш минутын тақырыпқа байланысты ұлттық құндылықта кіріктірілген тәрбиемен байланыстыру болашақ ұрпақты білім нәрімен сусындатып ғана қоймай сонымен қатар алған білімін өз өмірінде пайдаға жарату. Мәшчүр Жүсіп айтады «ғылымның бірінші пайдасы, ол адамның мінезін өзгерту» дейді, мінезін өзгертпеген адамнан жақсылық күту ол бос әурешілік дейді. Әудірахман Сағади айтады «көп оқыған адамсың ,үлгі тұтар ісің жоқ, кітап артқан бір есек түк білмейтін надансың»- дейді. Менің ойымша еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде, білім беру жүйесіндегі негізгі міндет болашақ ұрпаққа ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп,салт-дәстүр,әдет-ғұрып мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы біліммен ұштасқан тәлім-тәрбие беру, ұстаздардың дәстүріне айналу керек .


Ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұрады.Заман талабына сай тәрбие беру-мұғалімнің басты міндеті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!