Материалдар / Эссе "Мен жүргізген тренерлік курстар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Мен жүргізген тренерлік курстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе мектеп тренерлеріне есеп, эссе жазуға үлгі ретінде ұсынылып отыр. Жасалған жұмыстардың тренер ретіндегі есеп үлгісі деп санауға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
584
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен жүргізген курстар.....

Сыдыкова Алтынгул Сыражовна

№60 ЖББОМ КММ мектеп тренері


ХХІ ғасыр білім және ғылым ғасыры. Бұл ғасырды әлемдік заманауи стандарттарға сай өркендейтін кезең деп білеміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлттық бәсекелестік қабілеттілігі-ең алдымен оның білімділігімен өлшенеді» - деп атап, елімізде білім беру ісіне ерекше назар аударады. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына қойылып отырған талап күшті. Ұстаз ең алдымен білімді ақпараттық құралдарды жетік меңгерген, үнемі өзі үшін ізденуі қажет. Адам баласы шын мәнінде білімді болуы үшін үш қасиетті: жан-жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы, және сезім қажет. Әрбір оқушының өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек ететін болсақ,бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра аламыз.

Мен өз іс тәжірибем мен білім беру тәсілдерімді өзгерту арқылы оқушыларымның да білім алуға деген көзқарастарының өзгергендігін байқадым және де алдағы уақытта «Тиімді оқыту» бағдарламасының жалғасын тауып, әрі қарай жетіле түсуім үшін нақты мақсаттар мен нәтижелі іс- әрекеттер керек екенін түсіндім. Кез-келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарларын да , биік деңгейге жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады...» делінген Қазақстан республикасы орта білім беру жүйесі дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында.

Сондықтан, мен мектеп тренері ретінде мұғалімге тән педагогтық қарым - қатынас әрекетінің мәні мен мазмұнын ашып, ұстаздарды табысты оқуға жетелеуге тырыстым. Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалім мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен аудитория ішінде және көпшілік назарындағы тұлға.

«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» деген тұшымды ой тастаған Махатма Гандидың пікірі маған ой салды. Өзім «Тәжірибедегі рефлексия: мектеп тренері» курсынан кейін өзімде тың өзгерістер бола бастағанын байқадым және оны өзімнің курс тыңдаушыларыма да үнемі айтып отырамын. «Тәжірибедегі рефлексия: мектеп тренері» бағдарламасының түйінді идеялары мен мазмұны - мұғалімдердің қазіргі заманға лайықты білім беру тәсілдерін меңгерудегі тиісті сапалық деңгейге қол жеткізуіне бағытталған. Ол сапалық деңгей Мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан ой толғауға қабілетті, өзінің оқыту және оқу тәжірибесін өзгертуге дайын маман ретінде таныту үшін қажет. Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден - жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік оқиғаларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтитын мұғалімдерді дайындау. Бұл мақсат - менің тобымдағы жас мамандардың оң бағыттағы өзгерістерге жетелеу жолында зор маңызы бар деп есептеймін.

Біздің елімізде білім саласында болып жатқан оң өзгерістерге көз жүгіртсем, мектептің қазіргі атқаратын қызметі - білім беру арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Қазақстандық мектептар енді жалпыға арналған білімнен білім әркімге өмір бойы үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жаңа-әдіс тәсілдерді ендіруде ұлттық құндылықтарымыз ешқашан да назардан тыс қалмауы керек. Себебі ғасырлар бойы қалыптасып, қазақ елінің өсіп-өркендеуіне ұлттық құндылықтың маңызы өте жоғары деп білемін. Қазақтың тиым сөздерінің өзі тұнып жатқан тәрбие мен философия емес пе? Қай ел болмасын өзінің даму жолында әлемдік даму деңгейі жоғары елдердің озық идеялары мен табысты реформаларынан үлгі ала отырып, тәжірибе алмасу арқылы өз құндылықтарын сақтай отырып, инновациялық озық үлгілерді қабылдайды. Мен де өз елімнің патриоты ретінде осы бағдарлама бойынша өзім оқығаннан кейін және өзім тренерлік ете жүріп көп ойланамын. Қайткенде мектеп жұмысы, оның ішінде мектеп мұғалімдерінің оқыту процесіндегі қызметі нәтижелі болмақ?, «Жас буынның талаптары мен қажеттіліктеріне сай оқыту үшін не істеу керек?» деген мәселелер көп толғандырады.

Дәстүрлі сабақ беру барысында оқушылардың білімді тек механикалық есте сақтау арқылы игеріп отырғанын, сондай-ақ алған білімі жаттанды болды, мән-мағынасы терең меңгерілмей, келешекте тиімді пайдалана алмайтынын мойындауымыз керек. Сондықтан да оқытудың қай түрін алсақ та оның оқушының қажеттілігіне негізделуіне басты назар аударуымыз керек деп санаймын. Оны жүзеге асыру үшін әрине мұғалім шеберлігі қажет. Мұғалім өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай,шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы.Төртінші қыры - байқағыштық сезімі - көрегендігі. Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы. Алтыншы қыры - жан - жақты дарындылығы. Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті - сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі. Осы жайтты мен өзтыңдаушыларыма алғашқы дәрісте ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады.» деген сөздері арқылы түсіндіруге тырыстым.

Ричард Дарант анықтаған «үздік» сабақтың алты белгісінің бірі - оқушылардың табысқа қол жеткізуі. Сабаққа қызығушылық білдірген және белгілі мақсатты көздеген оқушылар табысқа қол жеткізеді және өзінің белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алғанын сезіну баланы одан әрі ынталандырып, мақсатқа ұмтылуға жетелейді. Жақсы нәтижеге жету үшін әр ұстаз өз сабағында түрлі интерактивті әдіс-тәсілдерді көбірек қолдануы тиіс және әр қолданылған әдістің нәтижесіне үнемі сараптау, талдау жұмыстарын жасап тұруы қажет деп ойлаймын. Оны жетілдіру мектеп тренерлерініңде шеберлігіне байланысты болатынын түсіндім. «Жетістікке тез жетемін деп есеп жасама және аз табысқа елікпе. Асықсаң - мақсатыңның орындалуы қиындайды, азға қанағаттанып қоя салсаң үлкен жетістікке жете алмайсың» деген Конфуций.

Бұл жерде айта кететін тағы бір мәселе бар: мұғалім өзгеру керек, оқушы өзгеру керек, сабақ өзгеру керек дегенмен, мектеп саласын басқару жұмысын кей кезде ұмытып тұрғандаймыз. Жаңа нәрсені басқару да жаңаша болуы тиіс. Егер сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған оқушыларды қалыптастырғымыз келсе, жаңашыл идеяларға ұмтылуымыз керек және сапалы әрі табысты оқытуды жүзеге асыру үшін өз тәжірибемізде сындарлы оқытуға бағытталған тәсілдерді кеңінен қолдануымыз керек. Мен тренерлік курсқа қатысушылар бұған дейін меңгерген білімдерін жаңадан алған білімдерімен байланыстыра алуы үшін ақпарат пен жаңа ұғымдарды мейлінше түсінікті баяндап отыруға жұмыстандым.

Жыл бойы өткізген тренерлік сабақтарым туралы бірер сөз айтатын болсам, ең бірінші күні мұғалімдермен жақынырақ танысып, «Мұғалім не үшін өзгеруі керек?» деген мәселе төңірегінде әңгіме жүргіздім. Мұғалімдерден социометрия алып, курстың міндеті мен нәтижесі туралы алғашқы түсініктер қалыптастырдым. Курстың аяғына дейін созылатын топтың iшкi eрeжeлeрiн бірлесе құрдық. Өз әріптестерімді жалықтырып алмас үшін әртүрлі жұмыс тәсілдерін - түрлі ойындар, әдіс-тәсілдер, тренингтер, сергіту сәттерін тиімді әрі көбірек пайдалануға тырыстым. Сонымен бірге түрлі диафильмдер көріп, соны талдау кезіндегі пікірталастар да өзіндік мән-мағынасы бар әрі қызықты өтті. Әр сабағыма үлкен ізденіспен дайындалдым десем де болады, оған дәлел- әр сабақ сайын психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатындағы тренингтер мен сол күнгі өтілетін тақырыпты ашуға байланысты видеофильмдер мен тренингтер. Сонымен қатар әр күн сайын түрлі тoптарға бөлiнiп , талдаулар мен түсiнiктeрiмізді постерлер арқылы қорғадық, сөйтіп тобымда ынтымақты атмосфера қалыптастырдым, әріптестер тарапынан курс мақсатына деген жаңа көзқарас пайда болды, әсіресе жас мамандарда педагогикалық қызметке деген қызығушылық артты. Алғашқы сабақта тақырыпқа қатысты бірнеше ұғымдар атап айтсақ, тиімді сабақ критерийлері, тимбилдинг, мағынаны тану, андрагогика ұғымдары жазылған социометрия толтырттым. Осы социометрияны толтырғанда осы ұғымдардың қатарынан қай ұғым мүлде таныс емес екендігін белгілегенде өз әріптестеріме деңгейлік оқыту бойынша көп көмек қажет екендігін байқадым. Әріптестеріме өздері толтырған социометрияны топ старостасына тапсырып, курс соңында социометрияға қайта оралып, қандай дәрежеде білім алғанымызды салыстыратынымызды айттым. Одан әрі интерактивті оқыту ережелерін бірлесе талқылап, модерация жасауға басшылық жасадым. Интерактивті оқытудың формаларын «Инсерт» ,«Үлкен шеңбер», «Зырылдауық», «Аквариум», «Миға шабуыл», «Дебат» туралы түсініктерін одан әрі кеңейте түсті, осы әдістерді өз сабақтарында қалай пайдалану қажеттігі туралы үйреттім. Коучинг сабақта «Ханшайым, айдаһар, жауынгер» , «Сиқырлы таяқша» т.б тренингтер жүргізілді. Әріптестер түрлі тренингтердің қызықты екендігін айтты. Сондай-ақ сыни ойлау мен «Миға шабуыл» ұғымын ашу үшін «Кеме апаты» ойынын ұйымдастырдым, Мен бұл әдістің О. Озбрн есімімен байланысты екенін айттым. Сабақтарда ықшам сабақ, «Ассоциация» әдісі, Блум таксономиясы, БҮҮ кестесімен жұмыс, Ойлаудың 6 қалпағы әдістерімен жұмыс жасап үйрендік. Осы кезеңде мастер класс, тренинг, семинар, коучинг сияқты жұмыс түрлері туралы әңгімеленіп, негізгі тақырыптар мазмұны ашылып отырды. Тақырыптық жаттығуды ұйымдастырудың бірнеше үлгілері – «үйде дайындау», «доп», «командалар жарысы», «таныстырылым», «ара», «әткеншек», «үштіктер», «қуырылған жұмыртқа» туралы , қолданылуын танысып, өзара пікір алмастық. Мен осы әдістердің ішінде «Әткеншек», «Қуырылған жұмыртқа», «Аквариум», «Түрлі түсті телефон» туралы мүлдем естімеген әріптестерім болды. Менің негізгі мақсатым - әдістердің жүргізілу әдісін үйрету мен бірлесе үйрену. Сонымен қатар оқыту процесінде қолданылатын өзіндік танымға, өз эмоциялары мен сезімдерін, жағдайларын, мінез- құлқын талдауға бағытталған ойлау үдерісі- «Рефлексия» туралы талқыладық. Сондай–ақ тәжірбиеде қолдануға рефлексия мысалдарының жинағымен таныстырдым. Олар «Табыс сатысы», «Рефлексивті нысана техникасы», «Аралдар» әдісі, «Бермуд» үшбұрышы, «Шынығу» әдісі «Қосу–алу–қызықты» әдісі, «Сауалнама» әдісі «Күнделіктер» тағы да сол сияқты бірнеше әдістермен таныстырдым. Топ мүшелері АКТ технологиясының маңызы, зерттеу сабағы, инклюзивті білім беру, бағалау, Блум таксономиясына қатысты коучинг-сабақтарда белсенділік танытты. Lesson stadi зерттеу сабағының түйінді мәселелері айтылды. Кері байланыс алу кезінде мұғалімдер «Бес саусақ», 2 жұлдыз, 1 тілек, «Блоб ағашы», «Аралдар» тағы басқа тәсілдер арқылы өз іс–әрекетіндеріне баға бере алды.

Мен мектеп тренері ретінде өзім де заманауи әдіс-тәсілдерден құралақан болмауым керек деп санаймын. Қазіргі мектепке қойылатын талапты ғана біліп қоймай, түсінуім де қажет, қолдануым да,үйретуім де керек. Басқаша айтқанда кез келген мұғалімнің орнына сабақ бере алатындай, мұғалімге үйрете білетіндей деңгейде дағдыларымды дамыту үшін әр коучинг-сабақтарыма дайындықпен келуге тырыстым, әрі тыңдаушыларымды жалықтырып алмау үшін көп іздендім . Заман ағымынан қалып кетпеу үшін, көшбасшылық міндетті лайықты орындау үшін кәсіби білімімді үнемі шыңдап отыру қажеттілігін түсіндім. Бүгінгі оқу - ертеңгі күннің азығы деп балаға үнемі айтып ғана қоймай, мектеп мұғалімі оның мәнін өзі де терең түсінуі қажет екендігін тыңдаушыларыма ұғындыра алдым деп ойлаймын. Мұғалімдердің өзін-өзі дамытуы, басқару стилінде инновациялар енгізуді толық мәнінде түсіне білу үшін тренерлік курстың бергені көп. Менің жыл бойы алдыма қойған басты мақсатым- бағдарлама әдістерін өз мектебімде мұғалімдерге үйретіп, оқушыларға жоғары сапалы білім беріп, олардың өзгеріске бағытталған жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне барынша жағдай жасайтын ұстаздарды дайындау. 2017-2018 оқу жылында осы мақсатқа қол жеткіздім деп есептеймін. Себебі тренерлік курстан дәріс алған мұғалімдердің оқушыларының жетістіктері, сабақты түрлендіріп өткізген ашық сабақтары мен пәндік кештерінің мазмұндылығы мен сапалылығы, сондай-ақ педагогикалық жетістіктері бұрынғымен салыстырғанда едеуір жоғарылаған.

«Ізгі кісінің жанында үш қателікке жол беріледі; сөйлемейтін кезде сөйлеу - асығыстық, сөйлеуге тиіс кезде сөйлемеу - бұл тұйықтық және әріптесінің бет-әлпеті өзгеруіне қарамай сөйлеу - көрсоқырлық. Ізгі кісі өз абыройына сай емес іс туралы ойламайды. Ізгі кісі көп сөйлеуге ұялады, ал іске келгенде тойымсыз болады. Біреулерге баға бергіш адамды жетілген кісі деуге болмайды. Ізгі кісінің оған уақыты жоқ. Ізгі кісі тапшылықта да өзін сақтайды, қиындықта ұстамды келеді, нашар адам босаңсып кетеді. Ізгі кісі өзіне талапшыл. Нашар кісі өзгеге талапшыл. Адамгершілігі мол кісіде мына бес қасиет болуы керек: кісіге шын құрмет, кең пейілдік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық. Біріншісі- жарымсақтануға жол бермейді, Екіншісі - барлығын бағындырады, үшіншісі - адамдардың көңіліне сенім ұялатады, төртіншісі - жеңіске жетуге мүмкіндік береді, бесіншісі- адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады» деген Конфуций сөімен қортындылағым келді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!