Материалдар / Эссе. Мен мұғаліммін
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе. Мен мұғаліммін

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен мұғаліммін эссе. Жас мамандарға өте керекті ақпарат алуға болады және жас мамандар сайысында қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
3674
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен мұғаліммін 

Егер өмір алтын болса, зергері – мұғалім, 
Егер өмір теңіз болса, гауһары – мұғалім. 
Егер өмір жүзік болса, көзі – мұғалім, 
Егер өмір ақын болса, сөзі – мұғалім. 
Шухрат 

«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдердікі»,- деген қазақтың кемеңгер ақыны М. Жұмабаев. Ал менің мұғалім мамандығын таңдауым ойламаған жерден алланың берген тосын сыйы болды десем қателеспеймін. Қазақта "Адам өмірде жар таңдаудан және мамандық таңдаудан қателеспеуі керек" деген жақсы сөз бар емес пе? Ал, менің мамандық таңдауым жар таңдауыммен байланысты болды. Бастапқыда әрине үйренісе алмай жүрдім, себебі, мұғалім мамандығы жауапкершілігі жоғары, қатаң тәртіп пен мәдениеттілікті талап ететін мамандық. Мектебіміздегі тәжирибиелі ұстаздарымыздың, жеті қырлы бір сырлы мектеп басшысының және қашанда өзгеге көмек қолын соза білетін мектеп басшысының орынбасарларының арқасында мен өз мамандығыма деген қызығушылығым арта түсті. Қазіргі таңда мен үшін өз мандығымнан асқан керемет мамандық жоқ. . Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- дегені бәрімізге мәлім. Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл - ұстаздар еңбегінің жемісі. Олай дейтінім ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да, тіпті баланы да ұстаздар тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде–ақ белгілі болды. 
Мен - ұстазбын, мен - мұғаліммін, мен - зерттеушімін, мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын - тәрбиешімін. Өзім информатика пәні мұғалімімін, сонымен қатар сынып жетекшісі ретінде бала тәрбиесіне тікелей араласып келемін. Мен, сынып жетекші, алдымда отырған жас жеткіншектерден ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, қоғамымызды өркендетуге қабілеті мен қарымы жететін азамат, жеке тұлға тәрбиелеу үшін, оларды өз бетімен білімді алуға, терең ойлап, ойын дұрыс жеткізе білуге үйретудемін. 
Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет ғана алға озып шыққан. Мектеп -үйрететін орта,оның жүрегі- мұғалім,ұстаз мектепте басты тұлға болып қала береді, себебі халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ешбір керемет заманауи технология мұғалімді алмастыра алмайды. Менің мұғалім ретінде міндетім - жеке тұлғаны қалыптастыруға атсалысу, қоғамның бір бөлшегі жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындату, оларды өмірден өз орнын табуға көмектесу, бағыт - бағдар беру. Осы қиын да қызық мамандық мені ешқашан жалықтырған жоқ, қайта өмір сүруге күннен — күнге құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс — тәсілдерді іздеуге итермелейді. Елбасы Н.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп,өмір сүріңдер, бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын . Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту - заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға , терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үдерісінде мұғалім басты рөл атқарса,қазір оқушының іс -әрекетімен мектептер бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс - тәсілдер баршылық. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында жиі қолданылып отырған жаңа әдіс - тәсілдердің бірі оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру және ақпараттық - коммуникативтік технологияларға бағытталған әдіс -тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде оқушыларға информатика пәнінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады , заманауи компьютердің тілін меңгереді, және компьютер арқылы тәжірибиелік жұмыстар жасауға дағдыланады. Менің қызмет жолындағы педагогикалық ұстанымым - ел есінде бір жыл қалғын 
келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол - ұстаздық.

Халқымызда «Жас келсе - іске» деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш - қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін. Ұстаздық еткен 3 жыл ішінде мен өз іс - тәжірибемді түйіндей келе төмендегідей ой қорыттым. Егеменді еліміздің ертеңі жастарға жүйелі білім, тәлімді - тәрбие беруде халық педагогикасының мән - маңызы күн өткен сайын артып келеді. Мұғалім - баланың жеке тұлғасын қалыптастырушысы, маңызды тәлім - тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік - саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім - тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. 
Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті. 







































Никельтау орта мектебі













Эссе тақырыбы:

"Мен мұғаліммін"





Дайындаған: Информатика пәні мұғалімі:

Халбаева Пакизат Камалқызы













2015-2016 оқу жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!