Эссе «Мен шабыттандырамын, мені шабыттандырады...»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе «Мен шабыттандырамын, мені шабыттандырады...»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін - өзі тану пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен шабыттандырамын, мені шабыттандырады...»

(эссе)

Мен шабыттандырамын...

Өзімнің сүйікті іс-әрекеттерім: өзін-өзі тану пәніне дайындалғанда, әр түрлі іс-шараға дайындық барысында, шығарма және өлеңдер жазғанда шабыттанамын. Сол шабыттың арқасында ізденіп, зерттеп жүргенде бір жақсы дүниелер пайда болады. Өткізген сабақтарым оқушыларға ұнағанын оқушылардың көз қарастарымен қызығушылықтарынан сеземін. Уақыт өте келе бір күні баспалдақтан, дәлізден өтіп бара жатқанда кішкентай бірінші немесе екінші сынып оқушысы маған айтады: «Апай мен сізді жақсы көремін, сабағыңыз маған қатты ұнайды». Ол барлық түйсігімен жақсы көріп тұрғанын көріп, өзімнің жасап жатқан ісіме риза боламын және жаңа әдістерді тауып шығармашылыққа бой алдырып, оқушыларыма үйретсем, көрсетсем, сезіндірсем екен деп шабыттанамын.

Әріптестерімен, жолдастарымен немесе туыстарымен көрісіп қалғанда, олардың бойларындағы болмашы бір өзгерісті көрсем «сенің осы бір жақсы қасиетің маған ұнайды», «сені көргеніме қуаныштымын» деп ылғи бір жақсы нәрсе айтқым келеді. Оларды көргеніме қуанышты екенімді білдіремін. Бір ғажабы олардың кейбіреулері балаша қуанады. Көңілдері көтеріліп, қалжыңдасады, бойларында бір нұр пайда болады.

Мені шабыттандырады...

Қазір біз көптеген ақпараттардың ортасында өмір сүреміз. Өміріміздің көп уақыты жұмысымызда өтеді. Бір ақпараттарды қабылдап, екінші ақпараттарға жауап береміз. Бар санамыз ақпараттарды тез-тез қабылдап үйреніп алған, елегімізден өткізіп, таң аттырып, күн баттырамыз. Бірақ кейбір жайттар санамызда орын қалдырмай өте алмайды. Соның ішінде өмірмен күресіп, тағдырының ауырлығына қарамастан жақсылық жасап, жатқан адамдарды көріп мен өз өмірім туралы ойланамын. «Мен қандай жақсылық жасадым?» - деп іштей толғанамын. Міндетті түрде теледидардан көрсететіндей ұлы іс жасауға емес, жоқ, тым болмаса қарапайым жақсылық жасау. Сол сәттен бастап, әр басқан қадамыңды ойлап, саралай бастайсың. Үйден шығысымен уақытым болмай тұрсада, кездескен көршімнің қалын сұрап, ол жағдайын айтады, оған бір жақсы сөздер айтып жұбатасың, ол бір жасап, марқайып қалады. Сол сәтте сен бір жақсы ісер алсаңда, сол көңіл күйімен әрі қарай кете бересің.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2018
1328
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі