Материалдар / Эссе. Менің атам - зейнеткер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе. Менің атам - зейнеткер

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушының зейнеткер атасы туралы жазған эссесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
1028
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕНІҢ АТАМ - БЕЛСЕНДІ ЗЕЙНЕТКЕР

Абайқызы Диляра

Қызылорда қаласы

Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің

6"Б" сынып оқушысы

Жетекшісі:Баймишева Айгуль

Ата ананың балаға берер ең қымбат дүниесі - тәрбие

Халық даналығы

"Қариясы бар үйдің қазынасы бар" деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Біздің үйдің асыл да, баға жетпес қазынасы, ол – менің атам.

Біздің атамыз Жанаев Ахат Әбжаппарұлы – жазушы. Қазақстанның құрметті журналисі, белгілі қаламгер. Қазақ радиосының үздігі, ҚР – ның мәдениет қайраткері.

Ахат атам 1934 жылы 24 маусымда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданына қарасты С.Сейфуллин ауылында қарапайым шаруа Әбжаппар Жантуғанұлы Жанаевтың отбасында дүниеге келіпті.

Атамның әкесі сталиндік қуғын – сүргін құрбаны болып, "Халық жауы" деп ұсталып, небәрі 39 жасында ату жазасына кесіліпті.Анасы қайғыдан қан жұтып,қайтыс болып, атам жастайынан жетімдіктің ащы дәмін татып өсіпті.Қиын заманда өмір сүріп,қаншама жоқшылық пен аштықтың зардабын тартқанымен өз белсенділігі мен күш – қайратының арқасында мектепті жақсы оқып, 1957 жылы Қызылорда пединстиутын,содан соңАлматы жоғары партия мектебін бітірген екен.Еңбек жолын ұстаздықтан бастап,радиожурналистика саласында жалғастырған.

1965 – 1995 жылдар аралығында Қазақ радиосының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқарған.

1975 жылы Қорқыт бабамыздың 12 күйін қарт қобызшы Смайыл Шәменұлынан жазып алып, Ұлттық академия қорына табыс етіп, қазақтың күй қазынасына баға жетпес дүние жинақтаған ұлтының жанашыр перзенті. Сыр сүлейлерінің мұрасын қайта жаңғыртып, айналымға қосқан қаламгер.

Атам Қазақ радиосында тілшілік қызметін атқарып жүрген кезеңінде (1991 жылдары болса керек) радио арқылы берілген, қазақтың біртуар ақыны С.Сейфуллин жайлы, Арқалық ауданы, Қайыңды совхозының қарт тұрғыны 1937 жылғы қуғын - сүргін құрбаны Мырсалық Исмаилов ақсақалдың естелік әңгімесі өмір бойы есімде қалды деп отырады. Мырсалық ақсақал өз естелігінде 1937 жылы С. Сейфуллин екеуін ату жазасына кескенімен Жабық пойызбен Игарка деген жерге , одан Бодайбо, әрі қарай Соловкаға әкеліп, сонда ақынды 1943 жылға дейін жасырын түрмеде, аштықта ұстап, қинап өлтірілгені жайында баяндаған екен. Озбыр саясаттың кесірінен қаншама боздақтарымыз арманда кетті деп тарихтың шындық беттерінен үнемі сыр шертіп отырады.Өзінің журналистік қызмет атқару кезеңінде атақты ел ағалары Манап Көкенов, ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев, арқалы ақын Мұхтар Шахановтан алған сұхбаттарын сағынышпен еске алады.

Ахат атам зейнеткерлікке шыққанымен облысымыздың барлық мерекелік іс – шараларына қатысып, кездесулерден қалмай, жас ұрпақтың тәлімді де, тәрбиелі болып өсуіне өзінің ақыл – кеңесі арқылы атсалысып келеді.

Ата – ананы сыйлау ,құрметтеу сонымен қатар қазақы салт – дәстүрлерді сақтау сияқты асыл қасиеттерді сіңіру жолындағы атамыздың сіңірген еңбегі зор. Бұған дәлел ретінде атам айтқан мына бір оқиғаны баяндап бергім келеді.

Бұл оқиға ертеректе, болса керек. Қазақтың бір отбасында әкесі мен анасы екі баласымен тұрып жатады. Күндердің бір күнінде елді ашаршылық жайлайды. Отбасындағы асыраушы әкесі қайтыс болады.Екі баласына ас – ауқат тауып бере алмаған анасы қазанға су құйып, жерде жатқан екі қара тасты сала салыпты. Сөйтіп балаларына:"Аз ғана шыдаңдар, қазір тамақ піседі"- деп сабыр сақтап, ұйықтап алуларын өтініпті. Балалары ұйқыға кеткенде анасы Құдайға жалынып – жалбарынумен болады. Осылайша, қанша уақыт өткенін кім білсін... Бір кезде қара қазанның ішін ашып қараса, әлгі екі қара тас Құдайдың құдіретімен асқабаққа айналып кетіпті.

Сөйтіп бір отбасы аштықтан аман қалса керек. Атам тоқшылық пен бейбіт заманның қадірін ұғындырып, аштықтың қандай жаман екенін түсіндіре келе маған:

  • Әрқашанда ата – анаңды құрметте, сыйла ,олар сен үшін, сенің амандығың үшін үнемі тілектес адамдар, - деп отырады.

Отбасымыздың қазынасы атамыз 5 бала тәрбиеліп, олардан 12 немере, 2 шөбере сүйіп отырған қадірлі ел ағасы.

Менің сүйікті атам туралы осылайша сыр шерттім. Өткен өміріндегі көрген – түйгендері жайында әлімнің жеткенінше баяндауға тырыстым.

Иә, менің атам – тәрбие мен тәлімнің бай қазынасы, ақылдың дариясы, әулетіміздің берекелі бәйтерігі, кемеңгер, данышпан адам.

Біздің бойымызға қазақы салт – дәстүр арқылы парасатты тәлім, өнегелі тәрбие беру жолында өзінің сөзімен де, ісімен де үлгі болып жүрген асыл адам.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!