Эссе "Менің Тәуелсіз Отаным" Ульянова Яна Ұстазы Дауренбекова Қ.Р.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Менің Тәуелсіз Отаным" Ульянова Яна Ұстазы Дауренбекова Қ.Р.

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің Тәуелсіз Отаным - Қазақстан туралы оқушымның ой -толғауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің Тәуелсіз Отаным

Ұстазым Тәуелсіз Қазақстан туралы эссе жазуды ұсынғанда, құлағыма домбыраның үні, көз алдыма көк аспан аясында жатқан шексіз жазық дала, шөлейт жерлер, биік таулар, қалың ормандар, сарқыраған өзендер, осы жерде мекендейтін жануарлар мен құстар әлемі, заманауи қалалар мен кішігірім ауылдар келді. Солтүстікте қар жатса, оңтүстігінде жемісті ағаштары гүлдейтін тамаша табиғаты қандай! Жер астында жатқан газ, мұнай, алтын көмір тағы басқа байлықтарымыз ше? Бұл көп ұлтты, қонақжай, тату халқы бар менің тәуелсіз Қазақстаным. Тәуелсіз деген не? Менің түсінігімше, ол ең басты байлығымыз - адамдарға деген қамқорлық, адамдардың бақытты өмір сүруі үшін жағдай жасау.

Тәуелсіздік - Қазақстанда ұзақ уақыт болған сияқты. Себебі мен Тәуелсіз Қазақстанда тудым. Осында ата - анаммен, туыстарыммен тұрып жатырмын. Біз Тәуелсіз Қазақстанда туып -өссек те, тәуелсіздіктің қалай келгенін, қазақ халқының қаншама қиындық көргенін бағалаймыз. Өйткені, өткенсіз болашақты бағалау және жоспарлау қиын. Қазақстан - менің Отаным, менің атамекенім. Адамның туып - өскен жері әрқашан оның жүрегінде болады. Әр адамның аты, тегі болғаны сияқты, менің Отанымның тегі, аты ол Бейбітшілік пен Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Көк аспан аясындағы алтын күн бейбітшілік пен байлықты білдірсе, ал қалықтаған қыран жомарттықты, қырағылықты ұшқыр ойды білдіреді. Ал тудағы көк түс ашық аспан мен молшылықты білдіреді. Меніңше, біз қай тілде сөйлесек те, ұлтымыз басқа болса да бәрімізді біріктіретін - туған жерімізге деген сүйіспеншілігіміз, алғысымыз.

Келесі жылы Қазақстан Тәуелсіздігіне отыз жыл толады. Мемлекетіміз үлкен қадаммен жылдан -жылға дамып келеді. Қазір біз бала болсақ та, болашақта кім болатынымызды ойлап, елімізге қандай пайда әкелемін деп, алдымызға мақсаттар қойып армандаймыз. Біз болашағымызға сенімдіміз. Өйткені біздің Президентіміз біздің бақытты өмір сүруіміз үшін бар жағдайды жасайды. Менің Қазақстаным - ең қымбат, сүйікті елім. Бұл - менің Отаным. Мен осындай Тәуелсіз мемлекетте дүниеге келіп, өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Бақыттымын.


Ульянова Яна

Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«Фрунзе орта мектебі» КММ 7-ші сынып оқушысы

Мұғалімі Дауренбекова К.Р.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2020
555
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі