400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Эссе мониторинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестатцияга кажет кужаттар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз-ұлылықтың,адалдықтың символы

Адалдық – адам бойында кездесетін ең асыл қасиет болып табылады. Адалдықтың да түрлері болатын болса, оның ішіндегі ең қастерлісінің бірі де – өзіңнің кәсібіңе деген адалдық. Тек өз кәсібіне адал маман ғана өз еңбегінен пайда көріп қана қоймай, оның пайдасын адамзатқа паш ете алады.

Әр мұғалім өзінің ұстаздық жолында ерекше педагогикалық мектептен өтеді. Ол ең алдымен педагогикалық мамандыққа деген қызығушылықтан басталады. Адамзат тарихында ұлы болған ұстаздардық бәрі, өз кәсібін сүйген мамандар болғаны анық. Педагогикалық құзыреттілік тек махаббатпен шектеліп қана қоймай, онымен бірге теориялық және практикалық дайындығымен және қабілеттілігімен ұштасады.

Құзіретті ұстаз, өз ісіне адал маман болып табылады. Ал педагогикалық адалдық берген біліміңде көрініс табады. Берген сабағыңда нақты және дұрыс ақпарат беру. Яғни, ағылшын тілі маманы ретінде, мен өзімнің кәсібіме деген адалдықты, оқушыларға дұрыс білім беруде деп білемін. Жаңа берілген материалды оқушыларға тек өзімнің түсінігім бойынша ғана емес, оны жан-жақты зерделеп, дайындалып, қызықтыра отырып беруім мен үшін міндет. Менің мақсатым – адал және білімді ұрпақ тәрбилеу. Бұл тұрғыда, мен жоғары деңгейде сабақ беріп, оқушыларыма мотивация беріп, оларды жақсы нәтижеге жетелеуге әрекет жасаймын. Менің ұстаздық адалдығым осы әрекетімде.

Ал біздің білуімізше, замануи мұғалім, ол әрі мотиватор, әрі көшбасшы кейпінде болуы керек. Сыныпта оқушыға бейімделген атмосфераны дамытып, оқушыға бағдар беріп, оған басшы ретінде емес, алға жетелейтін жол көрсетуші ретінде әрекет ететін мұғалім ғана оң нәтижеге жете алады. Оқушыны өзіңнің білім беру процесіндегі серіктесіңе айналдыру үшін, оқушыны жақсы көріп, оны сыйлап, оған сеніп, әр оқушыға қамқорлықпен қарау керек. Бұның формуласы атақты педагог-жаңартушы Ш.А.Амонашвилимен айқандалады, оның айтуынша: «...Баланы өз еркімен және қызығушылық танытатын әріптес және пікірлес ету үшін, мұғалім өз тәрбиесінде, оқытуында, баланы педагогикалық процестің тең құқылы қатысушысы жасауы керек...» деген.

Мен өз оқушыларымның бойындағы тектілік пен адалдықты тәрбиелеуді, ең алдымен, оларға деген сенімім нақты екенін көрсетуден бастаймын. Сыныпқа келген күннен бастап, мен олардың жақсы әрі ақылды екендеріне сенетінімді айтқанда, бірден олардың көзақарасынан жалт еткен жалынды көремін. Оқушыны еш уақытта сыныптастарының көзінше даттамаймын, тек нашар қылық көрсеткен жағдайда, бұл қылықтың оған жараспайтынын айтып, тағы да, ол осы қылықты қайталамайтынына сенімді екенін айтамын. Менің сеніміме ие оқушы, жаман қылықтан арылып, өтірік айтудан ұялады. Осылайша олардың бойында адалдық пен тектіліктің алғашқы көріністері қалыптаса бастайды. Дұрыс жолдамын деп, өзіме де сенемін.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.05.2024
257
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі