Эссе "Ойын арқылы оқыту технологиясы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Ойын арқылы оқыту технологиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойынның негізгі мақсаты- баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса,және ойын түрлерін пайдалана отырып оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге жеткізу.Оқу үрдісіне ойын түрлерін пайдалану оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болып саналады.Ойын балалардың сабаққа қызығушылығын арттырып сапасын көтеру болып табылады. Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын жағдай.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баймагамбетова Шолпан Байсейтовна

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»

Абай Құнанбаев

Эссе

Ойын  арқылы оқыту технологиясы

1. Кіріспе. Ойынның   негізгі   мақсаты- баланы қызықтыра отырып  білімді меңгерту болса,және ойын  түрлерін пайдалана отырып оқушыларды    өздігінен   жұмыс   істеуге жеткізу.Оқу  үрдісіне   ойын  түрлерін пайдалану оқушылардың білімін берік меңгерту  құралы болып саналады.Ойын   балалардың сабаққа  қызығушылығын  арттырып  сапасын   көтеру  болып табылады. Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын жағдай.

2. Негізгі бөлім. Бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны   жаңартылып, озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - "Ойын  арқылы оқыту технологиясы". Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге қиындықты жеңуге, төзім-ділікке баулиды. Балаларға оқу тапсырмасы тікелей берілмейді, олар материалды еріктен тыс меңгереді.Мектебімізде «Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру»тақырыбында тәрбиешілер балалармен әр түрлі ойындарды ұйымдастыру арқылы ақыл-ой белсенділігін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, адамгершілік қасиеттерін сөздік қорын байыту үшін жұмыстар жүргізеді. Ойынның барлық кезеңдерінде баланың қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды; өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып, бала одан әрі нәтижелі дамиды. Бала ұқыптылыққа үйренеді, өз бетінше әрекет етуге тәрбиелейді, тез әрі тереңнен ойлау қабілетін дамытады.Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.Ойын – балалар үшін қоршаған ортаны танып-білудің ең жеңіл де ұтымды тәсілі. Шығармашылық ойындары, ақыл – ой ойындары ұлттық, спорттық ойындар, т.анымдық ойындар Балалар «дәрігер», «мұғалім», «жол қызметкері», «ұшқыш» болып ойнағанда, олардың бейнесін есіне түсіріп, әр маманның іс әрекетіне тән ерекшеліктерін өздерінің түсініктері бойынша ескеріп, рөлін атқаруға талаптанады, келешек мамандық таңдаудың беташары. Спорттық ойындар балаларды қайраттылыққа, шешімділікке, батылдыққа, ерлікке,төзімділікке қалыптастырады. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. https://infourok.ru/oyin

Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын –бір жағынан баланы бірде қуанышқа бөлесе, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағыттайды. Өйткені ойын барысында келешек өміріне ықпал ететін рухани адамгершілік сезім, қасиеттер, икем қалыптасады. Сонымен бала өмірінен маңызды орын алатын оқытудың бір түрі-ойын, жаттығулар екені анық. Олай болса «оқыта отырып ойнайық, ойната отырып оқытайық» деген пікірді ұстана отырып, балаларды тәрбиелеуде ойынның маңызды екенін түсінуімізге және байқауымызға болады. Оқушының тілін  дамытуда, сөйлеу  мәдениетімен ой -өрісін, дүниетанымын жетілдіруде мына ойындар  тиімді нәтиже береді. Бұндай ойындарға мысалы: "Сандар қатары", "Көңілді поезд", "Жасырылған затты тап","Болады-болмайды","Адасқан буындар" және корректуралық ойындар т.б. Геометриялық фигураларды бояу арқылы пішіндерді, түстерді ажыратуға үйрету.  "Адасқан әріптер"ойынын   ойнату  арқылы әріптерден  сөздер  жазғызу, жаңылтпаштар   айтқызу  арқылы  тілдерін жаттықтырады."Болады-болмайды"ойынын  алатын болсақ,  болатын нәрсеге "ия" болмайтын нәрсеге "жоқ" деп жауап  беру керек",  "Жасырылған   затты    тап" ойынын алатын болсақ  көрсетілген нәрселердің "ішінен бір затты алып  тастау сол затты табу. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетін   арттыруға көмегі  зор.

Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды.Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады.

Ойындарды 3 мақсатта пайдалануға болады. Олар:

1. Сөздерді, дыбыс әріптерді дұрыс айтуға, жаттықтыру.

2. Балаларды тілдік қарым – қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға үйрету.

3. Жағдаяттар туғызып, іс - әрекеттер арқылы сөйлетіп үйрету.

Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. http://bilimdiler.kz

3. Қорытынды

 Әрбір  ұстаз ойын элементтерін сынып оқушыларының деңгейіне  қарай  таңдап   ала  білсек, қолдана білсек үлкен нәтижеге жетуге болады,себебі біздің сабағымыз   оқушыларға қызықты болып оларды жалықтырмауы қажет. Қызықтырар   ұстаз  болса, қызықпайтын шәкірт жоқ деп сөзімді аяқтағым келеді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
524
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі