жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе: "Онкүндіктен түйген ой"
№ «185 ЖББМ»КММ
Оқу ісі жөніндегі орынбасар
Құрманбек Назгүл Бидайбекқызы
Эссе
«Онкүндіктен түйген ой»
Онкүндік. Бұл біздің мектебімізде қалыптасқан жақсы дәстүрлердің бірі. Кез келген мұғалім өз пәні бойынша онкүндікке ерекше дайындалады.
Міне, бүгін біздің яғни бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі басталды. Бүгін-ерекше күн. Мұғалімдердің барлығы әдемі көңіл-күймен мектепке бір-бірін құттықтап кіріп жатыр. «Тойдың болғанынан боладысы қызық »демекші барлығы келе салып білекті сыбанып жұмысқа, яғни безендіруге кірісіп кеткен. Бірі гүл ілсе, бірі партаны көтеріп, бірі стендті безендіріп, бірі оқушыларды отырғызып, бірі Шолпан апайға « тез-тез музыканы қосыңыз, көңіліміз көтерілсін» деп қалжыңдасуда.Онкүндігіміз салтанатты түрде ашылды. 4«Ә»сынып оқушысы Тоғжан өзінің мектебі туралы ортаға шығып әңгімеледі. Ол мектепте болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды, сыныптастарының арасындағы жылы қарым-қатынасты,ата-ана мен бала арасындағы сүйісеншілікті,ұстазға деген құрметпен оқушы ретінде өзінің және сыныптастарының көзқарасын айтып өтті. Көңілді музыка ойналып, ортаға «Көңілді смайликтер» шығып би биледі. Сосын жүргізуші Екибаева Лаура Қошқарбайқызы өтілетін іс-шараларға барлығымыздың (ұстаздар, ата-аналар, оқушылардың ) бір кісідей атсалысып, белсене қатысуымызды өтінді. «Басқаларды үйрете жүріп ,біз өзіміз үйренеміз»деген Сенеканың сөзін басты ұран етіп алып, жоспарлаған іс-шараларымызды бастап та кеттік.
Күнделікті ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар,ата-аналармен ұйымдастырылған отбасылық спорттық сайыстар, оқушылардың шығармашылық жұмыстары ( эссе жазу, сурет салу, өлең шығару, ребустар құрастыру) , сабақтарды талдау арқылы бір-бірімізге қолдау көрсету, мақтау-мадақтау, сыни көзбен қарап,ойымызды астарлап жеткізу, түсіну секілді адамгершілік қасиеттерді жоғары қоя отырып,көздеген мақсаттарымызды бірлесе отырып іске асыра бастадық.
Бұрынғы ашық сабақтардан қазіргі ашық сабақтардың айырмашылықтары сабақ барысында оқушының іс-әрекетіне бағытталған жұмыстардың, баланы ойландыратын тапсырмалардың көп болуы, оқушының өз бетімен ізденуі және жауап табуы барлық сабақ кезеңдерінде жүзеге асып отырды. Сабақта бағаның нақты бір оқушыға қойылатынын, оның білімді меңгерудегі жіберген кемшіліктері мен қателерінің анықталуы немесе саралануы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалардың әділдігі, анықтығы және ашықтығы, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын бірлесіп анықтауы, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыстың жүргізілуі-өте күрделі де, қызықты іс-әрекет екендігіне тағы бір көзіміз жетті.
Онкүндігіміздің алғыс айту күні және көктем мезгілінің басталуымен жалғасын тапқандығы -ұстаздарымыздың жүрегіне талпыныс беріп, одан әрі шабытпен жұмыс жасауға жетеледі.
«Ақыл қайда болса,ұлылық сонда болады, білім қайда болса, біліктілік сонда болады» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай ,кешегі күні мектебіміздің басшысы Алдоңғар Егеубайұлы әкімшілік мүшелерін шақырып алып, алғыс айту күнімен құттықтап,бір-бірімізге кешірімді болу,жылы сөздерді жиі айту,жақсылық жасау , түсінісу сияқты игі істер жайлы айтқан сөздері жүрегімізге түйінді ой салып,күні бойы жақсы көңіл күй сыйлады.
Бұдан түйер ой не? «Адам-өз өмірінің суретшісі.Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар,түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді демекші , біздің де ұстаздарымыздың көзқарасының бір арнаға тоғысқандығы, жаңашылдыққа бірлесе ұмтылуы және іске асыруы, қазіргі қағазбастылыққа да қарамай шабыттана жұмыс жасаулары көңілге шуақ ұялатады. Әріптестерімнің күннен -күнге шыңдалып,ізденіп,бірі-бірімен ақылдасып,кеңесіп жұмыс жасау дәстүрі әрі қарай жалғасын таба берсе «Нұр үстіне-нұр болар еді.
Бұл менің ойым, бұл менің пікірім, бұл менің көзқарасым.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген