Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе оның түрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттер тізімі

1 . «Эссе қалай жазылады?» С.А.Молдабекова

2. Қ.Е.Бешімбаев «Эссе түрлері»

3. https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/32827/

4. newskz.wordpress

5. .https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/8586/ «Бір ауыз сөз...»

6. https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/8573/ «Жүрген жерде ізің қалсын»



Келісемін

Директордың бейіндік оқыту

бойынша орынбасары: А. Б. Тургунбаев

2023 жылғы тамыз


Қаралды

Әдістемелік бірлестік

отырысында қаралды.

Әдістемелік бірлестік жетекшісі: М. Үсенова

2023 жылғы тамыз





Бекітемін

Мектеп директоры Г. Т. Убайдина







10 «Қайнар» мектеп-гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Г. Ж. Орынбасарованың 2023-2024 оқу жылына қазақ әдебиетінен 9-сынып үшін түзген «Эссе және оның түрлерін бағалауға қойылатынталаптары, өлшемдері» курс бағдарламасы













Пікір


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Г. Орынбасарованың үлкен ізденуі арқылы 9-сынып оқушылары үшін «Эссе және оның түрлерін бағалауға қойылатынталаптары, өлшемдері» курсына авторлық бағдарламасын түзген.


Бағдарламада:

- мақсаты мен міндеті;

- оқу әдістемелік жоспар;

- әдістемелік нұсқаулар;

- әдебиеттер тізімі.

Автор бағдарлама түзу кезінде курстың теориялық мазмұнына, оқушылармен жүргізілетін жұмыстың инновациялық формаларына көңіл бөлген. Курс бағдарламасының оқушылар үшін ізденуге, пәнге деген құштарлығын арттыруға, мамандық таңдауға пайдасы үлкен.

Бұл бағдарлама мұғалімдер үшін әдістемелік көмекші құрал болып табылады.

Пікір жазған:

Мектеп директорының

бейіндік оқыту

бойынша орынбасары: А. Б. Тургунбаев


Құрастырған: Г. Ж. Орынбасарова






Түсінік хат

Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі-еңбек шығармашылық сипат алуда. Осыған орай, мектептің алдында тұрған ең маңызды міндет-балалардың жас шағынан бастап өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру,шығармашылық белсенділігін арттыруда өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс әрі тартымды баяндай білуге ұйрететін шығармашылық жазба жұмыстың ең ауқымдысы-эссе.

Эссе – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі,дағдылы жұмыстың көрсеткіші Бағдарламаның мақсаты:

  • Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін,еркін сөйлеу шеберлігін (жазбаша түрде) дамыту;

  • Қазақ әдебиетінде жазылым дағдыларына сүйене отырып эссе жазуды қалыптастыру.

















Әдістемелік нұсқаулар

Ұсынылған бағдарламада арнайы курс бойынша меңгерілетін тақырыптар сағаттарының жоспары, үлгі сабақ мазмұндары көрініс тапқан. Оқушыларға білім беруді арнайы лекция және талдау, іздену сабақ түрінде ұйымдастырылу ұсынылады.

Лекция сабақтары алған білімдерін тереңдетуді, жүйелеуді жүзеге асырып, өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарына іскерлік дағдысын қалыптастыруды мақсат етеді.

Ал ізденуге арналған сабақтар оқушылардың алған білімдерін тереңдетуді, жүйелі жүргізуді жүзеге асырып өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарына іскерлік дағдысын қалыптастыруды мақсат етеді. «Эссе және оның түрлерін бағалауға қойылатынталаптары, өлшемдері» курсы жан-жақты терең жүйелі білім беру мақсатында жоспарланған. Сонымен бірге оқушының болашақ мамандығын таңдауға да септігі зор болмақ.

















Курстың өзектілігі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын құруда «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім беру стандарты оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті біліміне деген мемлекеттік стандарттан тыс сұраныстарын қанағаттандыратындай болуы шарт» делінген. Қоғамның дамуы оның ғылыми саласы мен оқу жүйесіне тікелей ықпал ететіні белгілі. Оқушыларға білім беру жолында қазақ тілінің рөлі ерекше.

Бүгінгі заман талабына орай бітіруші сыныптардың Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтетіні белгілі. Ұлттық бірыңғай тестілеуден өту барысында бітіруші түлектерге қиындық тудыратын күрделі сұрақтар өте көп. Сондықтан да осы олқылықты жою, бітіруші түлектер үшін қиындықты оңтайландыру үшін түзілген «Эссе және оның түрлерін бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері» курсы бойынша оқушы білімін жүйелеп, нақтылай алады.













ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 05 шілдедегі №199 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасының негізінде түзілді



Сабақтың тақырыптары

Сағат саны

мерзімі

1-тоқсан

1

Эссе туралы түсінік. Эссе құрылымы

1


2

Эссенің шығармадан айырмашылығы

1


3

Эссенің ерекшеліктері, түрлері

1


4

Эссенің жоспарын құру, үлгі

1


5

Эссе жазудың мақсаты, шарттары мен алғышарты

1


6

Эссе жазудағы тиімді тілдік оралымдар

1


7

Эссеге тақырып таңдау. Тезис-эссенің кілті

1


8

Эссе жазуда жиі кездесетін қателіктер

1


2-тоқсан

1

Пунктуация (тыныс белгіні дұрыс қойып үйренейік)

1


2

Жоспар құра білу-оқушы ойын жүйелеуге көмектесу.

1


3

Эссе түрлері

1


4

Әдеби-талдау эссе

1


5

Әдеби-талдау эссе құрылымы

1


6

«Менің заманымның келбеті» тақырыбында эссе жазу

1


7

«Менің заманымның келбеті» тақырыбында эссе жазу

1


8

Эссе талдау

1


3-тоқсан

1

Әдеби-сыни эссе

1


2

Әдеби-сыни эссе құрылымы

1


3

«Шоқанды танып болдық па?» тақырыбында эссе жазу

1


4

«Шоқанды танып болдық па?» тақырыбында эссе жазу

1


5

Эссе талдау

1


6

Әдеби-синтез эссе құрылымы

1


7

«Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім» тақырыбында эссе жазу

1


8

«Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім» тақырыбында эссе жазу

1


9

Эссе талдау

1


10

Эссені тексеру мен бағалау

1


4-тоқсан

1

Әдеби-салыстырмалы эссе құрылымы

1


2

«Шұға мен бүгінгі күн қыздары» тақырыбында эссе жазу

1


3

«Шұға мен бүгінгі күн қыздары» тақырыбында эссе жазу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.04.2024
413
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12