Материалдар / Эссе «Оқу мен оқытудағы жаңа көзқарастар» құрамында 7модуль
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе «Оқу мен оқытудағы жаңа көзқарастар» құрамында 7модуль

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған керек деректер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2021
657
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Оқу мен оқытудағы жаңа көзқарастар»құрамында 7модуль

Эссе

Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр.  Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еншісінде екені айтпаса да белгілі.  Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің  «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі.

«Жаңартылған білім мазмұнының» өзегі - жылдам дамып бара жатқан өзгермелі қоғамымызда өмір сүруге икемді, жеке басының, сонымен қатар қоғамның ыңғайына қарай өзін-өзі толыққанды жүзеге асыруға дайын,мектеп қабырғасында алған білімін өмірмен байланыстырып қолдана алатын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып отыр.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан – жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.Кез – келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды

білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.

«Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту

Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Оқудың тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. АКТ туралы білім, оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жеткізе білу жатыр.

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Қазақстанның көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды.


Білім берудегі басқару және көшбасшылық» модулін мен таныстырылым әдісінен және бағалау парағын қолдана отырып топ мүшелерінің жұмысын бақылап отырған көшбасшыдан көремін. Өйткені бұл әдісте таныстырылым жасаған оқушы және бағалай білген оқушы өз тобының көшбасшысы болады. Өз тобы атынан шыққан оқушы өзін көшбасшысы ретінде сезініп ілгері ұмтылады, өз мүмкіндігіе риза болады, ал өз тобының жұмысын бағалап отырған көшбасшы тобын алға жетелу үшін бар күшін салып отырады.


оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді сабақта қолдану арқылы ғана нәтижелі мақсатқа жетуге болатындығы айқындалды.
1. Жұптарда өзара бағалау. Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беріліп, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді тапсырды. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс екені ескертіледі.

Бағалау әдiл болу үшiн оқушылармен бiрлесе отырып бағалау критерийлерiн жасап алу керек. Оқушының әрбiр жауабы, ұсынысы, идеясы, шешiмi құнды болып есептелетiнiн және бағаланатынын ескерту керек. Әр сабақта жаңа тақырыпты өздерi оқып, жұбымен, одан соң топта талдап, мысалдар келтiредi. Топта әрқайсысы өз ойын, идеясын ортаға салып, шешiм қабылдауды үйренедi. Бұл жерде Барнстың «Оқыту мұғалiмдi селқос тыңдағанда емес, сөйлеу, талдау, дәлелдеу нәтижесiнде iске асады» деген пiкiрiн басшылыққа алдым.

Оқыту мен білім беру процесіндегі ең маңызды бөліктердің бірі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай олардың қызығушылығы мен қабылдауы, ойлауы мен сөйлеуі әртүрлі болады. Сондықтан, оларды оқыту құралдары да, тәсілдері де әртүрлі болады. Бұл модульде біз ең алдымен баланың танымдық даму деңгейін анықтап алуымыз қажет. Яғни, баланың оқу және белгілі бір мәселелерді шешу дағдыларын, сонымен қатар оның сөз сөйлеуін, ойлауын, зейінін, тапқырлық және шығармашылық қабілеттерінің қандай дәрежеде екендігін анықтап, оның ары қарай дамуына ықпал етуіміз керек.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақ-сатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты,оқушының креативті белсенділігін айқындау процесі көпжақты. Дарындылық- табиғи және тәрбиелеу барысындағы дарындылық болуы мүмкін, сондықтан да оның қалай пайда болғанына қарамастан диагностикасы болу керек. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Әp мұғалiм бaлa бойындағы дарындылықты ашуды өз сабағынан бастайды. Егер мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырмаларын күрделендіре беріп , бағыт- бағдар көрсетіп отырса , оқушы бұл тапсырманы орындағанда оқулық материалдарымен шектеліп қана қоймай , өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып , ойланып , ізденіп жауап береді. Қорыта келгенде заман талабына сай мектеп оқушыға тек білім беріп қана қоймай, қоғамдағы өзгерістерге төтеп бере алатын жаңа заман адамын тәрбиелеуге міндеттіміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!