Эссе "Өшпесін ұстаз есімі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Өшпесін ұстаз есімі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік.Ұстаздық-бұл ерекше қасиет.Мәңгі бақи адамзат өмірінде мүлдем бөлек,биік орын алатын,ардықты есім.Ұстаз есімі-мәңгілік өшпес!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өшпесін ұстаз есімі

Ұстаз деген кім? Жәй ғана мектепте саған әліппе үйретіп,математика мен тарих негізін беретін мұғалім бе?Әрине,жок.Ұстаз деген ұлы тұлға.Жас ұрпақты тәрбиелейтін,соларға білім нәрін беретін жан.Тек мұғалім болу және нағыз ұстаз болу екі бөлек нәрсе.

Ұстаздың оқушы алдында мәртебесі қашан да биік.Оның білімділігі,мінезі,жүріс-тұрысы,тіпті сырт келбеті де оқушыға үлкен әсер тигізеді.Өйткені ол өз шәкірттеріне үлгі.Ата-анасымен қатар ұстазда бала тәрбиесінде,дүниетанымында үлкен рөль атқарады. Ол шәкірті білімді,жан-жақты дамыған,адамгершілігі мол болып өсуіне қаншама тер төгеді.Тек сол бір: «Ұстаз» деген сөздің артында қаншама еңбек жатыр.

Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.Ұстаз әрдайым түсіністікпен қарайтын мейірімді жан болу қажет деп ойлаймын.Өйткені ол адамның рухани жан дүниесін,оның шым-шытырығын жақсы біледі.Өйткені ол өз шәкіртінің сенімді,әрдайым дұрыс жолға бағыттайтын досы секілді.Өйткені ол бала тілін түсінеді.

Ұстаз өмір-бойы білім алады және осы білімді шәкірттеріне жеткізе біледі.Бұл да бір дарын.Аянбай еңбек етіп,алдымен шәкірттерін ойлайтын,соларға әрдайым жаны ашитын кеңпейіл,ақ көңіл жан.Түрлі-түрлі ғалымдар,дарынды тұлғалардың барлығы кезіндегі бір ұстаздарың шәкірттері.Солардың жетістіктері,биік шыңға шыққандары сол жандардың еңбектерінің жемісі.Ұстаздар үнемі оқушыларының биік шыңға шығып,өмірде өнегесі өрісті адамзат болып қалыптасу үшін күндіз-түні ізденіп,көз майын тауысып,еңбектерін аямайды.Тіпті өмірлерін шәкірттеріне арнайтын жандар десем де артық кетпес.

Ол тек қана білімді ғана емес,сонымен қатар таза,ашық-мінезді,адамгершілігі өте мол,шыншыл,инабатты мұғалім.

Ұстаз біздің өміріміздегі жол серігіміз,тірегіміз.Ол сенің бастамаларыңды қолдап,саған сенім арттатын,жылы сөзімен демеу беретін,қолынан келсе әрдайым көмектесіп жүретін періштең секілді.Өмірде неше түрлі қиындықтар кездеседі,ұстаз сол кезде қасыңнан табылып,өз тәжірбиесімен бөлісіп,жол көрсетіп жіберетін адам.Ол оқушыға тек үлгі болып қоймай,оның мотиваторыда болып келеді.

Ол әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарайды.Себебі әр адам баласының бойында өз потенциалы бар,белгілі бір қабілеті бар.Ұстаздың жұмысы сол потенциалды сыртқа шығару.Қабілетін анықтау.Әр шәкірттің өз тілін табу.

Ұстаз-бұл қасиетті маман иесі.Ол екінің бірінің қолынан келе беретін жұмыс емес.Бұл үлкен жауапкершілік.Ұстаз болу үшін ерекше төзімділік,ізгілікті ізденіс, еңбекқорлық қажет. «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»-деп Абай атамыз да айтып кеткен.Ұстаз жолы-өте қиын.Шаршаса да осы жолдан таймайтын ұстаз-мықты көшбасшы,жігерлі тұлға.Оның өз көзқарасы бар, зерттеушілік,ойшылдық, шығармашылық қабілеті бар және де ол өз шәкірттерінің бойына да осындай қасиеттерді сала біледі.Ұстаз болу-дарын!

Сондықтан әрдайым да ұстаз мәртебесі өте жоғары,өте қадірлі.Ұстаздарға еліміздің ертеңі,ұрпағымыздың ой-санасы тәуелді.

Ойымды Елбасымыздың сөздерімен қорытындылағым келеді:«ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық.Қашан да білімді ұрпақ-болашағымыздың кепілі.Егеменді еліміздің тағдыры-жас ұрпақтың тағдыры-бүгінгі ұстаздардың қолында.»

Яғни ұстаз аты-биік әрі мәңгілік.Ұстаздық-бұл ерекше қасиет.Мәңгі бақи адамзат өмірінде мүлдем бөлек,биік орын алатын,ардықты есім.Ұстаз есімі-мәңгілік өшпес!



Дайындаған: Нургалиева Куляш Саулебаевна

Мақат ауданы,Доссор кенті

С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының әлеуметтік педагогы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2020
829
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі