Эссе: Отбасы-тәрбие бастауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе: Отбасы-тәрбие бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы

Сайрам ауданы

51 Жүнісбек Қауалов атындағы жалпы орта мектеп

10 сынып оқушысы

Үсен Назгүл Төлегенқызы

ЭССЕ

Отбасы-тәрбие бастауы

Отбасы-адам баласының алтын діңгегі.Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап,осында отбасында өсіп, отбасының тәрбиесін алады.Сондықтан да отбасы-адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.Отбасы баланың азамат болып өсуінінің негізі болып табылады.Ал отбасының басты міндеті баланы тәрбиелеу, адам және жеке тұлға ретінде қалыптастыру.Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге елген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсу үшін қажет жағдай жасайды.Отбасында дене,еңбек,ақыл ой,адамгершілік,эканомикалық,экологиялық,құқықтық,сұлулық тәрбиелері болуы керек.Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Ал сол менің шағын ғана әлеуметтік ортамда 7 адам бар.Олар әкем,анам және төрт інім бар.Мен оларды қатты жақсы көремін және әрқашан құрметтеймін.Себебі олар мен үшін ең жақын адамдар.Менің адами құндылықтарым,адам болып қалыптасуым,қазіргі жағдайым,жақсы тәрбием бұның барлығы маған ең жақын отбасымның арқасында дарыды.Сондықтан мен осы күнім үшін өздеріне ,көздеріне қарап тұрып айтпасам да үнемі құрметтеп,жақсы көремін және риясыз алғысымды айтамын.Кезінде әжем маған ешкімнің ала жібін аттама,үнемі өзгелерге жақсылық жаса алдыңнан шығыды,ата-анаңды құрметте,үлкенді сыйла,қандай жағдай болмасын адами қасиеттеріңді жоғалт па,адал бол,әрқашан ар намысыңды биік ұста т.б деп ақылын,өзінің өмірден түйген жақсы сөздерін айтып,маған барынша жақсы тәрбие беруге тырысты.Менің осылай сабырлы,мейірімді,ең бастысы адал,жақсы қыз болып бой жетіп келе жатқаным әжемнің,отбасымның маған берген ең үлке асыл қазынасы тәрбиесінің арқасы.Ұл қызы иманды,тәрбиелі,жақсы адам болса ата-анасы үшін ең үлкен бақыт сол.Отбасының берекесі имандылықтан басталады.Имандылық-адамның қоғамдағы жалпы өмірдегі іс-әрекетті рухани реттеуші,қадір қасиет,адам бойындағы адамгершілік,ізгілік,кісілік белгісі.Бұның барлығы отбасының ең басты құндылығы.Отбасы тәрбиесі-бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.Сондықтан қоғамда да, отбасыда да тәрбие өте маңызды.Қазақта “Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесін”дейді.Сондықтан отбасындағы тәрбие баланың болашақ өміріне,қоғамдағы орнына,адами қасиеттерін сақтап қалуда өте маңызды.Жаман адам болмайды,оған тек жақсы тәрбие бере білу керек.Отбасы-тәрбие бастауы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2021
5655
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі