Эссе "Педагогика және менің мамандығым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Педагогика және менің мамандығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға, студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педогогика және менің мамандығым

Эссе

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың əрқилы ықпал-əсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулері-кейінгі, жақын дəуірлерде пайда болды.Солардың бірі менің өз мамандығым халықаралық қатынастар ғылымы. ХХ-ғасырдың ортаңғы кезеңінен бастап бұл ғылым саласы дүние жүзінің бірқатар елдерінде, әсіресе, АҚШ пен батыс елдерінде сыртқы саясат мәселелерін шешуде зор ғылыми- тәжіребиелік қызмет атқарып келеді. Халықаралық қатынастар - мемлекеттер мен мемлекеттік жүйелер, халықаралық кӛлемде әрекет ететін ұйымдар мен қозғалыстар, әлеуметтік, экономикалық, саяси күштердің арасындағы дипломатиялық, саяси, құқықтық, идеологиялық, мәдени, шаруашылық т. б. байланыстардың жиынтығы.

«Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді.  Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Осы жерде педагогика мен халықаралық қатынастардың ұқсастығын атап кеткім келеді. Педогогиканың өзі бір – дипломатия. Себебі яғни педагогтар саясаттағыдай өзіндік әртүрлі айла-тәсілдер, амалдарды қолдана отырып, жас өскінді басқару арқылы тәрбиелейді. Педогогика баланы тәрбиелейтін болса, дипломатия дарынды дипломаттар мен саясаткерлерді білім –ғылымға, өзін-өзі ұстау, сөйлеу шеберлігі, ұшқыр ойлау, көрегенділікке, тапқырлыққа, жүріп-тұру ережелеріне, саясаттың сан қырлы құпияларын түсінуге бағытталған.

Соңғы кезде педагогика ғылымы басқару өнерінің жетістіктерін де пайдалана бастады. Ал басқару сөзі ол тікелей саясат, халықаралық саясат және халықаралық қатынастар ғылымдарымен тікелей байланысты.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады: 
- сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу; 
- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу; 
- болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру. 
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады. 

Қазіргі заманғы мемлекеттің сыртқы саясатының дамуы әдетте шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының) жинау, өңдеу және талдау секілді қадамдар арқылы жүзеге асып отырады.

Жалпы немесе нақты аймақтарда халықаралық қатынастар ықтимал процестерді

  • болжау (анықтау, әр түрлі елдердің, саяси ұйымдар мен қозғалыстардың даму перспективаларын зерттеу);

  • жоспарлау (кеңейтілген дамыту).

  • ғылыми негіздеу;

Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз. Осы бағыттан біз саясат пен педогогика ғылымдарының бір-бірін толықтыратынын байқаймыз.
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, əлеуметтану жəне т.б.) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян. Яғни педагогика адамзат тарихында қолданылып келетін барлық ғылымдардан өзіне керек жерлерін өзіне қатыстырып алатынын түсінеміз. 
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерт-теу пəніне ие салыстырмалы дербес білім саласы («Педагогика» оқулықтарының ең соңғы басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин жəне т.б.). Мысалы халықаралық қатынастар туралы да ғалымдар мен саясаткерлердің ойлары әрқилы. Біреулері халықаралық қатынастар ол саясат ғылымының бір тармағы деп қарастырса, ал енді бірлері халықаралық қатынастарды бөлек жеке дербес жаңа ғылым деп пайымдайды. Анықтамалар мен ой-түйіндемелер қандай әртүрлі болмаса да, менің мамандығым мен педагогиканы бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Педагогика ғылымы барлық басқа ғылымдармен астасып, байланысып жатыр.



Шарипова Гаухар Бекмурзиевна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
4840
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі