Эссе
“Қазіргі мектеп оқушысының сөйлеу тілі ”
(Қайруллаев Нұртілек Жарқынқұлы)
Барлығымызға аян,қазіргі күні адам баласының технологияларды игеріп,соның ішінде хат алмасуға арналған түрлі желілер,тағы сондай электронды оқуға да арналған бағдарламалар сөйлеу тілімізді бәсеңдетіп,қарым-қатынас жасауымызды шектеп отыр.Оның ішінде мектепке жаңа қадам басқан балаға телефон ұстатып,бар көңілін содан тауып,сонымен сырласатындай дәрежеге жетіп отырмыз.Айналасымен қарым-қатынас жасамаған соң,ата-әже,үлкендердің сөзін естімеген соң,сөз алмасу процесі жүрмеген баланың сөйлеу тілі қайдан дамысын.Сөз де,өзі бір қарым-қатынас жасау барысында дамып,қыр-сыры білінінеді емес пе?Айтайын деп тұрған ойыңды сөзбен сыртқа шығару арқылы жүзеге аспай ма?
Оқуның сөйлеу тілін былай қойып,өзімізді алсақ та,жетер жеріне жеткізіп сөйлеп жүргеніміз шамалы.Әрине,көпке топырақ шашудан аулақпын,бірақ көбі осы қалыптан шықпай жүр.Сол баяғы ауызекі күнделікті сөйлеп жүрген сөздер,жаргон,варваризмдер.Ал енді мектеп оқушысынан не күтеміз,не сұрай аламыз.Қазіргі мектеп оқушысының сөйлеуі жүйесіз,екі сөздің басын қоса алмайды,сұрақ қойсаң толымды жауап ала алмайсың,ойындағысын айта алмайды.Айналып келгенде,барлығы ата-ана мен педагогтың басшылығымен жүргізілетін жұмыстар.Ия,баланың тілінің дамуындағы бірінші мәселеде ата-ананың маңызы бірінші кезекте боп тұр.Олай дейтініміз,педагогқа дейін бала тілі белгілі бір дағыдыға түсіп,ана тілімен суситындайтын болады.Кейін оның белгілі жүйеге түсіп,нақты және таза,бай болуы педагогқа байланысты.
Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы « Қазақща оқу жайынан» деген мақаласында «Бала оқытуды жақсы білемін деген адам, әуелі балаға үйрететін нәрселерін өте жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болу керек» деп жазғаны- ұстаздарға айтылған ғибрат.
Осындай мәселелерді айта келе,мектеп оқушысының сөйлеу тілін жақсарту үшін мына бір қағидаларды ұсынғалы отырмын:
Ең әуелі,мектеп оқушысының,ана тілін толық меңгергені.Яғни,басқа тілді бірінші үйреніп,ана тілін кейін меңгерсе,түсініп,жеткізе білуі де қиынға соғары анық.
Екінші,халықтың бай ауыз әдебиеті үлгілерінен,мысалы ертегі,жыр-дастан,мақал-мәтелдерді балаға үнемі айтып отыру.Ол оны тыңдамай,ұқпаса да,бір күні болмасын құлағына құйылып,миына қонары хақ.Бұл жаста бала айтылған нәрсені тез қабылдап алады,сол себептен де қиындық тудырмайды деп ойлаймын.
Үшінші,балаға ойлаған нәрсесін айттырып,немесе жаздырып үйрету керек.Солай дағдыланған бала,сөйлеген кезде де анық,нық сөйлейтігн болады.
Төртінші,баланың жас ерекшелігіне байланысты өзіне түсінікті,миына күш салмайтындай жеңіл,әдеби кітаптарды оқыту.Бұл сөйлеу тілі дамуындағы басты ұстанатын қағида.Кітапта неғұрлым айшықты ойлар,түрлі теңеулер,алуан түрлі суреттеулер,бай сөздік қолданыстар бар.Оқи келе,оқып отырған адамның өзі сол шығарманың ішіне енеді,түсінеді,талдап-таразылайды.Сөйлеген кезде жай сөйлемей,әдеби тілмен,кітап сөзімен сөйлейтін болады.
Бесінші,баланы түрлі тіл дамыту іс-шараларына,сондай сөйлеу процесі жүретін орындарға көптеп апару.
Ал енді одан кейінгі жүктеме мұғалімде тұр.Оқушыларға қай әріптің қалай дыбысталатынын,қай сөздің қай кезде қолданылатынын,сөз,сөйлем құрылысын,барлығын жіктеп,таразылап беретін болады.Оқушының таным-түсінігіне сай,ойлау қабілетіне орай сұрақ қойып,сөйлету керек.
Көп жағдайда біз,берілген кітаптардағы тапсырмалармен ғана шектеліп қаламыз,ал ол тапсырманың күрделі бола ма,қиындығы қандай,ол жағын ойланбаймыз.Көріп жүргеніміздей,қазіргі мектеп балаларына берілетін тапсырмаға,кішкене бала тұрмақ,оқыған саналы ересектердің де қабілеті жетпей жатады.Заман дамығаннан ба,адамның сөйлеу тілі мен ойының дамығандығынан ба,соған сәйкес жаттығуларда қиындап барады.Десек те,жаңартылған оқулықтардың жақсы жағы ғана емес,олқылықтарының да бар екенін ескеруіміз керек.
Ал енді,осы бастауыш мектепте баланың сөйлеу тілін дамытуға арналған, бірқатар еңбектерге шолып өтейік.С.Рахметова «Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты зерттеуінде тіл дамыту бойынша ауызша, жазбаша тіл дамыту әдістемесі, сөз және сөйлемдермен жұмыс жүргізу жолдары, байланыстырып сөйлеу әдістемесі мәселелерін зерттеген. Ғалым бастауыш сыныптарда ана тілін оқытуда сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау және байланыстырып сөйлеуге үйрету, күнделікті өтілетін сауат ашу, грамматика, оқу сабақтарымен байланысты, біртұтас жүргізіліп отырылса, тіл дамыту жұмысы біршама жүйелі өткізіледі деп тұжырымдайды.
Т.Әбдікәрімова «Бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыс істеу арқылы тіл дамыту» атты зерттеуінде мәтінмен жасалатын жұмыстың барлық түрін талдай отырып, тіл дамыту мәселесімен байланыста қарастырған. Ғалымның «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулықтарында мәтін түзудің ғылыми-әдістемелік негіздері» деген тақырыптағы докторлық диссертациясында мәтін арқылы тіл дамытудың әдіснамалық негіздерін –
1) оқылым әрекеті арқылы оқушы тілін дамыту;
2) мәтіннің оқушы сөздік қорын байытуы;
3) айтылым және тыңдалым әрекеті арқылы оқушының тілін дамыту;
4) суретпен жұмыс арқылы шығармашылықты дамыту, – деп талдай келіп, бастауыш сынып оқушыларының тілін мәтін арқылы дамыту мәселесін оқытудың жаңа технологиясы бойынша зерттеген.
А.Жапбаров «Қазақ тілін оқыту барысында оқушылар тілін дамытудың әдіснамалық және әдістемелік негіздері» деген тақырыптағы еңбегінде тіл дамыту мәселесінің жүйелі түрде зерттелмеуіне байланысты осы мәселенің терминдерінің әлі анықталмағанын дұрыс көрсеткен: «... қазақ тілін оқытуда тіл дамытудың мәні мен мазмұны толық ашылмады. Тіл дамыту жұмысы жүйе ретінде қаралмады, оның бағыттары, бөлімдері нақты жіктелмеді. Тіпті бөлімдер жұмыс түріне қарай: «Тіл байлығын арттыру», «Тіл стильдерімен жұмыс», «Сөздік жұмысы», «Өз ойын жеткізуге байланысты сөйлем құрау» т.б. немесе «Тіл дамыту», «Тіл ұстарту», «Байланыстырып сөйлеу» деп әртүрлі аталып келді».Ғалым пікірімен келісу орынды, өйткені термин алалығы күшті екені рас және «тіл дамыту» термині қазір орнығып келеді деуге болады, сондықтан ол толық қабылданғаны, қалыптасқаны дұрыс. Әдіскер ғалым еңбегінде сөз мағынасын меңгеруге байланысты таным, ұғым мәселелеріне де қатысты орынды пікір айтылған. Зерттеуші сөйлеудің лексикалық икемділігі, дағдысы және сөздік қорды байыту мәселесін арнайы қарастырған. Осы мәселеде автор тіл дамытуды үш деңгейге бөліп, сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамытудың ұстанымдары мен жүйесін белгілеген.
Осындай жайттарды қарастыра отырып,түбі сүйенетін нәрсе керек болады.Біз,педагогтар үшін,ең құнды нәрсе әлбетте,оқулық болып табылады.Айналадан іздеп жатпай-ақ өзіміздің ұлтымыздың ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бастауыш мектеп балаларын оқытуға арналған "Тіл-құрал" еңбегін өлшеусіз деп бағалаймын.Осы еңбекті оқып қана қоймай,мектеп бағдарамасына да енгізуді ұсынамын.Бұл еңбек қаншама төгілген тер мен биік сананың нәтижесінде жазылғандықтан,баршамыздың білуіміз керек.Сондықтан кеңестік идеялармен бүркемеленіп,небір қыр-сыры ашылмаған бұл еңбекті ғасырлар қойнауын алып,сол заманның жасамаған дүниесін,осы заманда іске асырып,пайдаға асырайық!Оқушыларымыздың бейнелі де кестелі,ойын анық айта алатын дәрежеде,ол сөйлегенде қазақылықтың исі шығып тұратын,бай,шұрайлы тілімізжі өрнектей айта алатынын қаласақ, Ахаңның мәңгілік мұрасын жаңғыртайық,өмірде қолданайық,сол хақында ойланайық!
Сөйлеу әрекетінің жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі тіл білімінде ХХ ғасырдан бастау алады.Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Қазақстандық ғалымдар: Т.А.Аяпова, Э.Д.Сүлейменова, Ф.Ш.Оразбаева.т.б. Л.Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз-үзіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», деген, ал Т.Аяпова «Адам баласының сөйлеуі-баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты, қажетті болып табылатындығын айқындайды», - деді.
Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі.Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай қазақ тілін оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты оқушының қазақ тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін (топик) құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде жеткізе алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады деген пікірді тілге тиек етіп отыр. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:
а) Тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу.
ә) Тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздардың тілін пайдалану.
б) Тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.
Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі; 1.сөздікпен жұмыс; 2.сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3.байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары.
Тілді оқытудағы ең басты мақсат- оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйрету. Сөйлеу тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз oйын жарыққа шығару процесі, өз сөзін екінші біреуге түсінікті етіп жеткізуі.Сөйлеуге үйрету дегенде мынадай ұғымға мән беріледі: бұл-адам мен адамның тілдік қарым-қатынаста бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі яғни бір адамның өз ойын екінші адамға ауызша жеткізуі, сөйлеуі, айтуы. Сонымен бірге айтылған ойдың адамға түсінікті болып, оны қабылдау арқылы екінші адамның оған өзіндік жауап қайтаруы. Бұл сөйлеуге үйретудің бір адамға ғана мәселе емес екендігін көрсетеді. Ол тілдік коммуникация арқылы жүзеге асады. Сөйлеу әрекеті-тілді үйрену жолындағы маңызды баспалдақ, қажетті шарт қана емес, ол-адамзаттың қоғамдағы орнын, қызметін көрсететін күрделі әрекет. Өйткені, сөйлеу әрекеті адамдық қасиетті білдіретін басты өлшемдердің бірі. Ауызша сөйлеуге үйрету- тілді жалаң үйрену емес, адамның жалпы ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру деген сөз. Жалпы сөйлеу әрекетін меңгеру үшін мына жағдайларды ескеру қажет: Үйрететін тілде сөйлеуге деген қажеттілік; қоршаған орта, жағдайдың әсері; жеке бастың қабілеті; сөйлеудің негізгі мақсатын айқындау.
Қазақ тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөйлеудің маңызы зор. Сөйлеуге үйрету үшін оқыту әдісі ситуативті әдіс болуы керек себебі: ситуативтілік сөйлеу әрекетінің табиғи қасиеті болып табылады.
Сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен беруге болады:
а) «көз алдыңа елестетіп көр», «қиялдап көр» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру;
ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамытатын, күшейтетін суреттер тізбегіне қарап, соның көмегімен сөйлеу;
б) күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайға ұқсас нәрселерді сипаттау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе "Қазіргі мектеп оқушысының сөйлеу тілі"

шағым қалдыра аласыз