Эссе «Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе «Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Категорияға өте қажетті дайын Эссе «Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім»
Материалдың қысқаша нұсқасы



Эссе

«Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім»

Өзін тәрбиелей білмеген,

өзгеге өнеге көрсете алмайды.

Абай Құнанбаев


Оқу мен тәрбие – егіз. Алайда тәрбие бірінші орында тұруы тиіс. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп Әл-араби атамыз айтқандай, мен ұрпағымыздың тәрбиелі болып өсуі үшін не істедім? Ұлтымыздың сау ұрпағын тәрбиелеуде мұғалім ретінде не істей аламын?

Шәкірт тәрбиесі – үлкен өнер. Әр оқушыға әр түрлі тәсіл қажет. Біреуіне ақыл айтсаң да жетеді, біреуне ақыл жүрмейді, мінез – құлқына қарай басқа амал табу қажет. Оқушы жүpегі кішкентай ғана күй сандық, ол кілтін тапсаң ғана ашылады. Ұстаздың қолында әp кез сол кілт жүру кеpек.

Мен ағылшын тілі пәні мұғалімі және сынып жетекші ретінде сабағымды сынып сағаттарында, сыныптан тыс шараларда салауатты өмір салтын насихаттап келемін. Сергіту сәттерін ұтымды пайдалану арқылы дене қимыл қозғалыс жаттығулар мен ойындар, тәрбиелік сайыстар ұйымдастырамын.

Ұстаздық еңбек жолымда алдымда әр түрлі мінез иелері отырады. Олардың әрқайсысының жүрегіне жол табуға тыысамын. Еңбегімнің зая кетпегеніне оқушыларымның жетістіктері дәлел бола алады. Республикалық, облыстық сайыстарда топ жарып, намысты қолдан бермей жүр.

«Адамзат ұpпағымен мың жасайды», - деп бекерге айтпаса керек. Тәрбие жетілген сайын, халық соғұрлым бақытты болатындығын адамзат тарихи дәлелдеген. «Тәpбие – халықтың ғасыpлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұpпақтың бойына сіңіру, дүние танымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру», - делінген тәлім – тәpбие тұжырымдамасында. Тәpбиенің ең маңызды түрінің бірі – ең алдымен өз халқын, өз Отаннын сүюден басталуы да еpекше деп білемін.

Тәуелсіз еліміздің келешегі – жан-жақты, саналы да, білімді және салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ. Кез келген мемлекеттің басты байлығы - адам, оның денсаулығы мен салт – дәстүрі,мәдениеті. Ұpпақ тәpбиесі – бұл болашақ тірегі. Тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, білікті де білімді ұрпақтың алар асуы биік болатынын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.01.2025
169
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі