Эссе. Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңеміз?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңеміз?

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңеміз?" тақырыбындағы оқушы эссесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңеміз?

Кез келген өркениетті қоғам үшін,сыбайлас жемқорлықпен күрес- ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық –қоғам дерті. Жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Қазіргі кезде Қазақстан осы бір дертпен күресуде.

Мектеп оқушысы ретінде мен жемқорлық туралы не білемін?Қайдан білемін? Күнделікті көк сандықтан беріліп жатқан хабарлардың көбісі жемқорлық жайлы. Сыбайлас жемқорлық тіркесінің өзі «пара немесе параға сатып алу» дегенді анық білдіретіндей. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде саяси қайраткерлердің, лауазымды адамдардың мемлекетке қасақана сатқындық ретінде сипатталады екен. Ал бізде пара деген не ? Кімге қандай жағдайларда ұсынылып жүр? Ғаламтор бетін ашсаң қосымша табыс табамын деп тұтылып жатқан сыйлы апаларымыз бен ағаларымызды, атақты мемлекеттік қызметкерлердің өздерін көруге болады. Көп тірлік сол пара арқылы шешіледі дегенді де естіп жүрміз. Беруге дайын адамдардың көптігінен, алуға бейімдері де өршіп бара жатқандай. Кейде ойлаймын кеңпейіл қазағымның «рахметі» сол парамен ауысып, үлкен жемқорлықты туғызды ма деп. Заң қолға алынып жатқан егеменді елімізде күрес күшейтілсе де неге одан сайын ушығып бара жатқанын түсінбеймін? Әлде бізде заң қаталдық танытып жатқан жоқ па?

Дана халқымыз «Ұрлық түбі – қорлық» деп бекер айтпаса керек. Сыбайлас жемқорлықтың тарихы тым тереңнен келе жатқанын халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Күлембайға» деген өлеңінде :

Болыс болдым мінеки,

Бар малымды шығындап.

Түйеде қом, атта жал,

Қалмады елге тығындап- деген жолдардан білуге болады. Ашкөз адамдардың билікке деген сенімін жоғалтуға себеп болатын бұл дерттен арылудың жолдарын табу үшін ең алдымен оның  себептерін анықтау қажет ау?

Тағы да бір дана Абай атамыздаң 29 қарасөзінен келтірсем «Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі». Отбасын асырау үшін заңмен рұқсат етілген адал табысқа не жетсін? Қорықпай ішіп-жейсің, киінесің.Сыбайлас жемқорлық бойынша ұсталып, өмірін өксіткен жандар көп жағдайда бұның себебін жалақының төмен болуымен түсіндіреді. Әрине, олардың бұлай ақталуына еш негіз жоқ.

Жемқорлықтан арылу үшін адал ұрпақ тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Адалдық, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді бойымызға жинай білсек , сыбайластық деген ұғымнан алшақ боламыз деп сенемін. Ұлы ойшыл Әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы » деген еді. Әр ата-ана өз баласын тәрбиелі болса екен дейді. Мен қарапайым отбасында туылдым.Әкем- құрылысшы, анам- ұстаз. Олар : «Қанағат- қарын тойғызар » деп үнемі есімізге салып отырады. Қанағатшыл адам – өзгенің байлығы мен мансабына қызықпайтынын санамызға құйып келеді. «Жамандық көрсең- нәфрәтлі, жақсылық көрсең-ғибрәтлі» деп Абай атамыз айтқандай асыл қасиеттерге ие болсақ, арам табысқа ұмытылмаймыз деп сенемін.

Жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру жұмыстары біздің мектепте көптеп жүргізіледі «Адал ұрпақ» 28 мүшесі бар 7-10 сынып оқушыларынан құралған еріктілер клубы бар. Сатушысы жоқ « Адалдық дүкені» оқушылар үшін өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік берді. «Тәрбие –тал бесіктен басталады» демекші сыбайлас жемқорлықты жеңуде оқушылар арасында осындай іс –шаралар көптеп ұйымдастырылып отырса алдағы болашағымыз үшін зор септігін тигізеді деп сенемін. Күнделікті ақпарат құралдарында «Аманат» партиясы жемқорлықпен қарсы күрес жүргізіп жатқанын естіп,білудемін. Арнайы бағдарлама жасап,көптеген іс –шаралар өткізілуде. Бүгінгі «Аманат» ұйымдастырған эссе байқауында бар білгенімді жазуға тырыстым. Жазып отырып әлемде жемқорлық деген сөз аталмаса екен тіледім.

Мен адалдықтың барына сенемін! Тәуелсіз елімнің жемқорлықсыз ел қатарындағы басты орындарының бірінде тұрады деп сенемін! Қазақстанның әрбір азаматы еліміздегі жемқорық дертінің ушықпауына жауапты болса екен.











-







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2024
182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі