Материалдар / Эссе "Тәрбиеші болу-бақыт" МАД

Эссе "Тәрбиеші болу-бақыт" МАД

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет ететін тәрбиешілерге тәрбиеші мамандығының құрметті мамандық екені,бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі маңыздылығын насихаттайды.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбиеші болу-бақыт.

Мен, Медетова Калия Абдинагиқызы- мектепалды даярлау сыныбында тәрбиешімін... Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген адам ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар. Мынау менің мектепалды даярлау сыныбым... Мынау менің кішкентай бүлдіршіндерім... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады.Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді.Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді. Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп,бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім.Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін салады. Ал, құс көктемде ұя салып,күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал, тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де,қыстың қаҺарына да,көктемнің лайсаңына қарамай, табиғат ананың жаңаруымен бірге, құстарын баптайды. Бірақ, нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды.Көп жылдар өте,кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса-міне,нәтиже.Ұлы педагог Г.Песталоцци: «Егер де сүйе білмесең, тәрбиелеу құқығың жоқ» деген екен.

Мен балаларды жанымдай жақсы көремін. Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты,жасандылықты сүймейді,не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қараңызшы... Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал, мамандығын өзгертетіндері сирек. Оның себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай. Мен мектепалды сыныбында қызмет еткен жылдарымда бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені, менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.Өз педагогикалық тәжірибемде қандай білім беру саласында болмасын, әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу қызметіне аударту, баламен оқу қызметі үстіндегі әрбір қарым-қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр. Сократтың: « Таным-бұл жақсылық»деген пәлсапалық қағидасы дәл осы жерде тікелей мағынасына ие.Баланың жан-дүниесін неғұрлым терең таныған сайын тәрбиеші оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады. Мектеп өмірін әлі түсіне қоймаған ойын баласына оқу, жазу,санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектепалды тәрбиеленушісін мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейінгі «Мен бәрін де мектептен үйренемін»-деген үмітін ақтау,бүкіл мектеп ұжымымен ата-анасының қатысуымен жүзеге асырылады.

Баланың мектепке дайындығын балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыру-басты мақсатым. Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілерінің шығармашылын дамыта отырып,қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа алып жұмыс жасаудамын.Педагогикалық озық технологияларды сабақ барысында пайдаланып,балалардың шығармашылығын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Осындай жұмыстарымның нәтижесінде аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып жеткен жетістіктерім:

І орын-«Қазақстан Ұстаздары»қоғамымен ұйымдастырылған «Бастауыш сыныптар»пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиада

Алғыс хат- Облыстық «Үздік ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті» байқауы

«Ізденімпаз педагог»номинациясы -аудандық «Мектепалды даярлықтың үздік педагогы-2016» байқауы.

Құрмет грамотасы-аудандық кәсіподақ ұйымынан

Тәрбие-отбасынан басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата-ана, жанұясымен жете танысып,үнемі қарым-қатынаста болуды өзіме басты міндет етемін. Ол біздің ортақ баламыз екендігін сезінуге, үйретуге тырысамын. Бір бала анасына келіп: -Ана, сен мені жақсы көресің бе?-депті. Әрине, сен жақсы болсаң ғана жақсы көремін,-деп жауап беріпті анасы -Ал,мен сені үнемі жақсы көремін,-деген екен сонда баласы. Ата-аналар жиналысындағы осындай әңгімеден кейін ата-аналар балаларына басқаша көз-қараспен қарайтынын түсіндім. Ата-аналар жиналысында осындай өзекті тақырыптарды күн тәртібіне қойып, талқылау бала тәрбиесіне оң әсерін тигізері анық.Кез-келген бала-дарынды немесе дарынсыз болсын,жылдам немесе ақырын қимылдасын-бәрібір өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалайды.Сондықтан әр баланың дарындылық қабілетін танып, мүмкіндігін көре біліп,жанын түсініп,мақтап, қолпаштап, оның әр түлі қабілеттерінің ашылуына көмек көрсету арқылы қызметімде тек қана жақсы жетістікке қол жеткізетініме сенемін. «Бұлақ көрсең-көзін аш» демекші тәрбиеленушілерімді аудандық, облыстық, республикалық,халықарлық дәрежедегі әртүрлі сайыстарға қатыстырып отырамын. «Шын жүйрік жарыста сыналады» биылғы оқу жылында 1тәрбиеленушім –аудандық «Мені қоршаған әлем»жоба қорғау байқауында ІІ орынды иеленсе бірнешеуі республикалық «Үркер», халықаралық «Платон»сайыстарына қатысып, нәтижесін күтудеміз.«Білерім-бір тоғыз, білмейтінім-тоқсан тоғыз демекші, білген сайын білмейтінің көп екенін ұға түсесің. Тәрбиеші мамандығы- көп оқуды, үнемі ізденуді талап ететін мамандық. Өзің іздене,үйрене жүріп үйретсең ғана еңбегіңнің жемісін көресің. Шын білімдінің зейін-зердесі кең, алыстан қарасаң-кербез,жақыннан қарасаң-кішіпейіл,жүзіне үңілсең-мейірімді,жанына үңілсең-шуақты көрінбек.Міне,осындай кербез,кішіпейіл,мейірімді,шуақты тәрбиеші атансам-адами парызымның орындалғаны болар.

19 Қазан 2018
625
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі