Эссе. Тәуелсіз елдің асқақ рухы

Тақырып бойынша 23 материал табылды

Эссе. Тәуелсіз елдің асқақ рухы

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе. Тақырыбы: Тәуелсіз елдің асқақ рухы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған эссе. Эссені барлық оқушылар қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Тәуелсіз елдің асқақ рухы

«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы» Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасымыздың осы бір тамаша сөзімен бастағым келіп отыр. Неге десеңіз, Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ ! Елбасы айтқандай , қаншама жылдар,зарығып , аңсап жеттік. Ол әрине, азаттық үшін аянбай терін төккен ата –бабамыздың адал еңбегі деп білемін.

Ата –бабамыз арман етіп, қаншама қанын ағызып, азаттық жолында терін төккен еңбегінің рахатын бүгінгі халық, мына біздер жастар көріп отырмыз. Тәубенің зоры Тәуелсіздік. Бүгінгі күнімізге тәубе.

Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 30жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз.  Атап айтар болсақ : Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. 
Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. 
1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды. 
1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. 
1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. 
Озбырлық күшпен тұншығып, 
Үміттің оты өшкен күн. 
Жанына тапай бір шындық, 
Ер Қайрат қыршын кеткен күн. 
Қайғы езіп елдің еңсесін, 
Жаншыды-ау жанын батпан күш. 
Енді қайтіп келмесін, 
Сол бір қарғыс атқан күн! 

Әрине , сол бір күндер қайтып келмесін! Дәл осындай батырларымыз болмағанда ,біз осылай бейбіт күнде өмір сүрер ме едік?! Жоқ! Себебі, Тәуелсіздікке жету жолы өте қиын болды. «Бiз ендi ешкiмнiң қолтығының астында жүрмеймiз. Бiздiң ел ендi ешкiмге кiшi iнi болып, тiзiмге қосылмайды. Бiз еркiн ел болдық».Елбасының осы бір сөзі жанымды жылытады. Оған дәлел, осы күнге жеткеніміз де Елбасының өзге елдермен достығының беріктігі деп білемін. Өйткені , қаншама мемлекетпен тату өмір сүру дегеніңіз оңай емес.Сол себептен тұңғыш Елбасымыздың амандығын тілейік. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қазақта жақсы сөз бар. Тұңғыш Елбасымыздың жақсылығын, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жеткен жетістіктерін тізіп жазу мүмкін емес. Бастысы, Тәуелсіздігіміз тұғырлы ,еліміз Мәңгілік болсын!!!



Қатысушының аты жөні

Облыс , аудан, ауылы

Мектебі, сыныбы

Жетекшінің аты - жөні

Жұмабаев Мағжан

Ақмола облысы Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылы

«Жалғызқұдық ауылының ЖОББМ» КММ-нің 9 «А» сынып оқушысы

Жусупбекова Шынар Шаймановна








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2021
1934
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі