Эссе :Туған жерін сүйе алмаған , сүйе алар ма туған елін.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе :Туған жерін сүйе алмаған , сүйе алар ма туған елін.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы мұғалімдерге көмек ретінде ұсынып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЭССЕ

Туған жерін сүйе алмаған , сүйе алар ма туған елін.

Туған жер – адам өмірінде үлкен мағынаға ие . Адам өз отаны туылған елінде өсіп- өнеді . Дәл осы жер адамның өткені мен бүгінін байланыстырады . Адам шыр етіп дүниеге келгеннен бастап туған жерінің ауасын жұтып , топырағына аунап , достығы мен бейбітшілігі жарасқан мемлекетте емін – еркін өсіп жетіледі . « Отан үшін отқа түс күймейсің»-деп Бауыржан Момышұлы айтпақшы , адамның балалық шағынан бастап , Отанға деген сүйіспеншілігі , махаббаты оянады . Туған жерімнің асқар таулары , өзен , көлдері , сайраған құстары мен жасыл желегі бәрі-бәрі де менің жаныма жақын . Туған жер сөзі әр адамның жүрегін елжіретпей қоймайды деп ойлаймын . Менің туып- өскен жерім – Тәуелсіз Қазақстан . Мен өз елімді мақтан тұтамын . Қазақстан достығы мен бейбітшілігі жарасқан егеменді ел ! Еліміз көптеген қиыншылықтарды басынан кешіріп , сол қиыншылықтарға төтеп бере алды . Қазірде еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 27 жыл толып отыр . Бірлік – түбі ырыс береке молшылық демекші , еліміз осы жылдарда ынтымақ , бірлігінің арқасында тәуелсіз Казахстан туған ел жеріміз терезесі тең шет елдермен теңесіп әлемге танылып, әрсалада көптеген жетістіктерге жетті .

Мен Қазақстанда өмір сүріп жатқан әр жанды бақытты деп сенімді түрде айта аламын . Себебі , жеріміз кең байтақ түрлі қазба байлықтарға бай , елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүруде . Бір шаңырақ астында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті бейбітшілікте тіршілік етуде . Көпұлттылық – қоғамның кемшілігі емес , артықшылығы , - деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан еді . Көпұлттылықтан біз жапа шегіп отырған жоқпыз . Қайта біздегі ұлттардың арасындағы татулық дүниежүзіне үлгі болып отыр . Мұның бәрі әрине , атам заманнан бастап қазағымның өз жері секілді кеңдігінің арқасы !

Мен өз елімді , туған жерімді , қасиетті мекенімді жанымнан артық жақсы көремін . Ол – аяулы анамның , ардақты әкемнің , туған туысымның , дос – жаранымның , балаларымның туып – өскен жері . Бұл жер мен үшін өте қымбат . «Отан- отбасынан басталады », - деп дана халқым айтқандай , Отанды құрметтеу , туған жерге деген сүйіспеншілік отбасында берілген тәрбиеден бастау алады . Сондықтан да ата-ананың балаға берген тәрбиесінің ел болашағына тигізер маңызы зор .

Әр адам өз туып – өскен жерін құрметтеп , ұлттық құндылықтарын сақтай білуі тиіс . Қазақ халқы : Елдің даңқын ер шығарады , ердің даңқын ел шығарады , - деп бекер айтпаған . Еліміздің елдігін , қазақ елінің өзіне тән ұлттық құндылықтарын әлемге паш етуге бізде өз үлесімізді қосуымыз керек ! Тәуелсіз елімізге жол сілтеуші –кемеңгер елбасымыздың салихалы саясатының арқасы. Мен елімнің рухани жаңғырған мәңгілік ел болуына толығымен сенемін ! Туған жерімнің гүлденіп өсіп өнуіне өркендеуіне тілектеспін!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
10232
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі