Материалдар / Эссе: "Ұстаз"

Эссе: "Ұстаз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттің туындысы
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ұстаз мерейі

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ұстаздың жүзі жылы, көңілі жұмсақ келеді. Әр оқушысын өз баласындай көріп, өз баласындай асыл тәрбиесін берген ұстаздардың жұмысы әрдайым жоғары бағаланады. Ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші. Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. Әр уақытымызды құрметтеп, мейірім шуағымен бөліседі. Өмірін ұстаздыққа арнаған адам өмірінің соңына дейін құрмет қошеметке ие болмақ. Ұстаздар жайында қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлы атамыз: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... . Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» - деген.

Осы ұстаздар берген білім нәрі баланың бүкіл қалған өмірінде азық болады. Біздің көзіміздің ашықтығы, басқада жетістіктерге жетуіміз ұстаздар қауымының арқасы. Егер ұстаздарымыз жылдар бойы шәкірттерін ерінбей-жалықпай білім нәрімен сусындатпағанда дәл бүгінгідей жетістіктерге жетуіміз екі талай болар еді. Жанашыр ұстаздарыма осы атқарып жүрген қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметтеріңіздің тек жемісін көріңіздер демекпін.

Менің үлгі тұтарлық адамым бар. Ол менің математика мұғалімім - Малгеждаровна Назгуль апай.





Жазған: 112 топ студенті Отынчи Амина

Кураторы: Кенжегулова Назгуль



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі