Материалдар / Эссе. “Ұстаз - ұлы есім”

Эссе. “Ұстаз - ұлы есім”

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық мамандығы туралы жалпы ұғым бір эсседе
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Эссе

Ұстаз – ұлы есім

Ұстаз-ұлы есім... Ұстаздықты ұлылыққа теңеген дана халқым сөз құдіретін сезгендей. Ұстаздықтың ұлылығы мен құдіретін көрсете білген қаншама зиялы ұстаздарымыз өтті.

Ұстаз, мұғалім, тәлімгер, педагог, оқытушы, оқушыға екінші ана, мектеп жүрегі деп түрлі сипаттама береміз. Ұстаз расында мектеп жүрегі, кез-келген білім ордасының жылуы мен көркі. Ұстаз деген сөздің өзі қастерлі, ұлағатты. Ұстаз болу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Алдында отырған шәкіртін жақсы көру, оны тәрбиелеу,оған қанат бітіріп биікке жетелеу, өз баласындай көріп мейірім төгу, жаны мен тәнін, бар болмысын арнау тек шынайы ұстаз болып туылған тұлғаның бойындағы туа дарыған қасиеттер.

Әрбір адам сауатын ашу үшін ең алғаш ұстазға жүгінеді. Ал ұстаздың міндеті алдына келген, қанаты қатаймаған, ештеңеден хабары жоқ шәкіртінен зиялы тұлға дайындау. Он, жүз тіпті мың ғасыр өтсе де ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғымның абыройы артпаса кеміген емес. Себебі, қай заман болмасын, қоғамға ұстаздың еңбегі ерек. Тіпті қоғам ұстазға зәру десек артық емес. Әр таңның атысы мен күннің бастысы өзінің емес өзгенің баласының қамы үшін қамығып жүретін әрбір ұстаз атаулының еңбегі ұлы демей не дейміз?

Тарыдай болып кірген бүлдіршін: біреудің еркесі, біреудің серкесі, бірінің жалғызы болса енді біреуінің көз көрген қуанышын алдына отырғызып, сол балақайлардың еркелігін көтеріп, оқытып, қателігін кешірген, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке,адамгершілікке, мейірімділікке баурайтын сол ұстаз. Білім ордасынан таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға, болашағыңызға тілекші болып отыратын тағы да сол ұстаз.

«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады»,-деп хакім Абай атамыз айтқандай тіпті тұлғаның «абыройлы тұлға» болып қалыптасуы да ұстазының тәліміне тікелей байланысты болса керек.

Әрбір азамат баласы ұстаздың алдынан өткен. Қазіргі таңда мамандық көп. Бірақ мамандықтың сан түрлі болғаны емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын, сол мамандыққа абыройлы тұлға қылатын тағы да ұстаз.

Мейлі сіз ұшқыш болыңыз, ғалым, жұлдыз, тіпті президент болсаңыз да сізді сауаттандырған, осы өмірге махаббатпен жетелеген ұстазыңызды ұмытпағаныңыз абзал. Ұстаз атты ұлы есімге құрметпен қарауыңыз, ұстаз атты ұлы тұлғаға құрмет көрсетуіңіз сол адамға деген сый-сияпат емес, ол сіздің тәрбиелі тұлға болғаныңыздың белгісі.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы

Ұстаз болу - сезімнің күн шуағы,

Ұстаз болу - адамның асылдығы.

Ұстаздық - дара жол, сара жол. Жүрген жолы түрлі сипатта: бірде ашық болса бірде қашық. Қызығы мен қиыны да бірге. Қоғамға үлгі етер тұлға. Жалпы адамзат қоғамы тарихында баланы бойна жинақталған біліммен сусындандырып ғана қоймай, үнемі шәкірттерімен тығыз қарым-қатынаста, білсем үйренсем дейтін баланың сырлы тағдырына үлес қосуға жаралған мамандық. Ұстаз атына сай болу, оны абырой тұту, қастерлеп арындай таза ұстау – әрбір педагогтің борышы. Ұстаз –өз мамандығын, өз пәнін, алдына келген әрбір шәкіртін, мектебін сүйетін адам. Осы мамандығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігі талай асуларды бағындырары сөзсіз.

Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған мамандар

Ұрпағының ертеңіне жол сілтеп,

Өмірінің әр шақтарын қиғандар!,-демекші ұстаздықты таңдаған әрбір тұлға қоғамға мәңгілікке пайда әкелер аты мен заты өшпес тұлға. Ұстаз деген шәкірттердің айнасы. Қажырлы да салмақты жолды кешкен, талшыбықты иіп әкеліп мәуелі бәйтерек қалдыра білген ұстаз – ҰЛЫ есім!





Орындаған: Алматы облысы,Талғар ауданы, Панфилов ауылы №33 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Достанова Айнур Жумабаевна



ЖИ арқылы жасау
01 Ақпан 2025
148
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі