Мұғалім зор
тұлға
Ұстаз деген – жарық күні
ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол
адамның.
Бүкіл әлем мойындайды
еңбегін,
Сен де одан адам болып
жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен
тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен
еленген.
«Ұстаз ... жаратылысынан алғыр да
аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса
қанағатшыл, асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат
адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп
қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»
деп әл-Фараби бабамыз айтқандай, осы қасиеттердің барлығы өн
бойынан табылатын ұстаздар.
Қашанда мұғалім еңбегі әрқашан
өзінің істеген еңбегімен бағаланады. Жас жеткіншектер мектеп
табалдырығын аттаған күннен бастап білім нәрімен сусындандырады.
Өзге үшін күйетін мамандығын сүйетін ұстаз зор тұлға екі аяқты
пенденің барлығы ұстаздың алдын көреді. «Тарыдай» болып табалдырық
аттағанда жылы жүзбен қарсы алып, бар білгенін бала бойына сіңіріп,
«таудай» етіп шығаратын да осы мамандық
иелері.
«Ұстазы мықтынын, ұстанымы
мықты» дейтін халық мақалы осылай
айтылса керек. Өйткені ұстаз алдынан адам, сонан соң маман болуы
көп жағдайда ұстазға байланысты. Ертеде үлкен кісілер балаға бата
бергенде «молда бол, мұғалім бол» дейтін. Бұл нені аңғартады?
Қариядан бастап мұғалімді жоғары қояды. Ұстаз болу үшін үлкен
жүрек, асқан сабырлық керек. Осы еткен еңбегінің жемісін жылдар
бойы күтеді. Өзің білмей өзгеге үйрете алмайсың. Ал дайындық
білімді ұштай білгеннің үстіне біле түсу ұстаздың басты ұстанымы
болуы қажет. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - дегендей
ұстаздың еңбегі зор тұлға.
Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі
өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық
береді. Менің ойымша, кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі,
ұстаздық тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамның
қолынан келмейді. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті
ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз – ұстаз тұл»
деген сөз тегін айтылмаса керек. Ұстаз – халыққа сыйлы адам. Ұстаз
жайлы айтылар сыр да, жазылар жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау –
адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін
жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік,
сабырлылық керек қашанда.
Ұстаз – ардақты, киелі, үлкен
құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын,
өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» дейтін кемеге отырғызып,
болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын
адам. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған
ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан
да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен
ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан
ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Еңбекшіл ұстаз – ел құрметтісі.
Қазіргі заман мұғалімі —
қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына
жауап беретін, жаңалыққа жаны сергек, педагогикалық құбылыстардың
барысын идеялық адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау
дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін,
өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын әрі шығармашылықпен еңбек
ете алатын маман.
Ахмет
Байтұрсыновтың
“Мұғалім қандай болса, мектеп
сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар
көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке
керегі — білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта
білетін мұғалім ” деген сөздері бүгінге дейін маңызын жойған
жоқ.
Жаңару жолындағы Қазақстанға
жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, ақыл-ой және шығармашылық
әлеуеті қалыптасқан, рухани адамгершілік
мәдениеті жоғары шығармашыл мұғалім
қажет Сапалы білім беру үздіксіз
ізденумен тығыз байланысты. Үздіксіз іздену — бүгінгі таңда
мұғалімге қо- йылып отырған басты
талаптардың бірі.
Мұғалімнің кәсіби
құзыреттілігі күнделікті педагогикалық қызметте әртүрлі танылады
және әртүрлі іске асады. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі деп өзара
байланысты үш бөліктен тұратын тұлғаның қасиеттерін түсінеміз:
педагогикалық қызметте жүзеге асатын кәсіби білім, кәсіби
біліктілік, мұғалімнің кәсіби құнды
қасиеттері.
Қазіргі кезде мұғалімге
шығармашылықтың теориясы мен практикасы жайлы білім беріп қою
жеткіліксіз. Біліктілікті арттыру жұмысы шеңберінде олар
шығармашылықтың жаңа түрі: адамның өзін-өзі өзгертуі, қайта түлетуі
арқылы кәсіби шеберліктің шыңына жетуі
тиіс.
Педагогтің шыгармашыл әлеуеті
тиісті деңгейде болу үшін келесі критерий- лерге назар аударғанымыз
жөн:
-
Педагогикалық
шығармашылыққа
құнды көзқарас;
-
Шығармашылық туралы
жүйелі кәсіби-маңызды білім;
-
Педагогтің жеке
басты кәсіби бейімділігі;
-
Шығармашылық педагогикалық қызметте өзін субъект
ретінде қабылдау;
-
білім беру
жүйесіндегі субъектілерге құнды қарым-қатынас;
-
кәсіптегі шыгармашыл идеялдардың және образдардың қамтамасыз етілуі;
-
шығармашыл бағытталған
педагогикалық көзқарас;
-
оқушылардың шығармашыл қабілеттерінің және олардың білім алу
жүйесіндегі қызметі ерекшеліктерінің диагностикалық негіздемелерін білу;
-
ақпаратпен шығармашыл
түрде жұмыс жасау;
-
педагогикалық
құралдарды шығармашыл қолдану.
Педагогтің шығармашылық
қызметінің бес деңгейі мыналар.
-
Қызметтің репродуктивтік-бейімделу
сипаты: мамандықтың негіздемесімен, мазмұны мен танысу. Осы қызметте “мен” дегенін
білдірту.
-
Репродуктивтік ізденіс
қызметте мұғалім ақпаратқа сараптама жасайды. Өздігімен жеңіл шығармашыл элементтерді қоса отырып педагогикалық міндеттерді атқарады.
-
Қайта құрылым сипатындағы қызмет. Мұғалім бұрынғы әдіс-тәсілдерді өндейді, дамытады.
-
ІПығармашыл қызмет: мұғалім өзтәжірибесіне сүйене отырып идея ұсынады. Оның шығармашылығында өз еңбегінің элементтері қатысады, дәстүрлі емес міндеттерді іске асыра алады.
-
Болжамды шығармашыл қызмет: педагогикалық жаңалықтар ашуға бет алады.
Мұғалім нәтижесінің негізі — өзіндік білім алу. Егер білім алу саналы түрде өз қалауымен жоспарланып, өзі мен бақыланып тұрса, онда жүйе тиісті деңгейде болады.
Өзіндік білім алу жүйесі құрылымының бағыттары мынадай: жаңашыл педагогикалық технологияларды, формалар, оқытудың
әдістерін, түрлерін оқу жүесінде
іске асыру, тәжірибемен алмасу, әріптестердің сабақтарына қатысу, кәсіби қызметке өзіндік сараптама жасап отыру, заманауи психология және педагогика
саласы бойынша білімді жетілдіру, экономикалық, саяси
және мәдени өмірдің оқиғаларымен таныс болу, өз
интеллектінді, құқықтық және жалпы мәдениетті арттыру.
Жоғарыдағыны ескерген мұғалім шығармашыл тұлғаға айналады. Ондай мұғалімде идеялар көп болады, ол оны жария етуге жасқанбайды. Осындай жеке- басты қасиеттер заманауи мұғалімге өте қажет. Мұғалімнін еңбегі өте
зор,тарыдай болып мектепке келген бала,таудай болып шығады.Бұл
ұстаздын еңбегі.Ұстаз зор тұлға.
Қарағанды
облысы
Қарқаралы
ауданы
ЖББ № 30 орта
мектебі
Қосымша білім беру педагогы
Мизамбаева Кульзия.