Материалдар / Эссе "Ұстаз -мәртебелі мамандық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Ұстаз -мәртебелі мамандық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестациядан өтетін ұстаздарға эссе, мақала жазуға, оұушыларға шығарма жазуға ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2024
58
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім - мәртебелі мамандық

Күздің алғашқы күнінде соғылған қоңырау сылдыры басылысымен оқушылар мектепке кірді. Алғашқы рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер сынып партасына келіп жайғасты. Мұнтаздай киінген, ақ бантиктері желбіреген кішкентай оқушыларма көз тоқтата қарап шықтым. Жиырма бес бала, жиырма бес үміт, жиырма бес арман тұнық, таза көздерімен маған жәудірей қарауда...

Жазылмаған ақ парақтай тап таза, кішкентай балапандардың білім жолындағы алғашқы ұстазы мен екенімді тағы бір сезінген сәтте бойымда бір діріл жүріп өтті.

Иә, мен мектепте мұғалім болып еңбек еткелі 25 жыл өте шығыпты. Осы жылдар ішінде қаншама сыныпты қабылдап, шығарып салдым. Кіп-кішкентай, әрбір үйдің еркесі мектептің тәртіпті оқушысы болып шыққанға дейін қаншама еңбек, қаншама тер төгілді.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», демекші күнделікті жұмыс күні көзге көрінбейтін қаншама істен құралады. Ең бастысы ұстаздық мамандықты таңдаған адам үлкен жүректі болу керек. Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы , бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктелген. Баланың болашағы тек қана ата ананың ғана қолында емес, мектепте білім мен тәрбие беретін ұстаздың да қолында екенін мұғалім мамандығын таңдаған әрібір адам білуі тиіс. Себебі, әр бала – болашақ азамат, болашақ маман және елдің болашағын қалыптастыратын болашақ қайраткер, жеке тұлға екенін үнемі есте сақтауы керек. Алдыңа білім алуға келген әрібір кішкентай жүректің кеудесіндегі отын сөндіріп алмай, білім нәрін сеуіп, маздата жағып,қуаттандырып жіберсе, жас шыбықтай жас бала буыны сүмбі талдай қатайып мектептен түлеп ұшады. Үйдегі анасынан мектептегі үстазын көбірек көретін бала бойына көп қасиетті мұғалімнен сіңдірері сөзсіз. Себебі , ұстаз баланы тәрбиелеп, сәби жүрегін болашағына мақсат қоя білуге сенім ұялатқан тұлға. Ұстаздың алдындағы әр бала танымдылық белсенділігі, қызығушылықтары, дамуы бойынша әртүрлі болады.Соған байланысты мүғалім арқалаған жауапкершілік те күшейе түседі.Кәсіби мықты, өз ісін шебер меңгерген мамандар қажырлылықтың, ізденістің арқасында ғана нәтижеге қол жеткізе алады. Заман талабына сай әр ұстаз осы атқа лайық болу үшінталмай ізденіп, шығармашылық пен құзыреттілікке жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануы қажет. Өйткені уақыт бір орында түрмайды. Мемлекетіміз бәсекелес елдердің алғы шебінде болуы үшін білімпаз ұрпақ керек. Ол ұрпақты тәрбиелейтін білім ордасы –мектеп, ал мектептің жүрегі мұғалім арқылы соғып тұрады.

Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы, деп халық тауып айтқан. Ұстаздың алдынан тәрбие алмайтын мамандық иесі жоқ. Ал, бастауыш сынып мұғалімі алғашқы әріптен бастап үйретіп, жылқы баптағандай төрт жыл бойы баптап қатарға қосып жібереді.

Осы уақыт аралығында қызығы мен қиындығы қатар жүріп, үйдің ерке баласынан мектептің тәртіпті оқушысын қалыптастырып шығарғанда басынан ерекше сезім кешірдім. Ол кездерде әр жаңа сабаққа дайындалып, ізденген, өзгеше форматта, қызықты өткізіп, бала жүрегіне түсінікті тілмен жеткіземін деп түн ұйқымды төрт бөлгенімді ұмытып кетемін.

Мен – ұстазбын! Менің алдымдағы әр бала қоғамымыздың белсенді тұлғасы. Әр жетілген, білімді тұлға қоғамның дамытушы мүшесі. Мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген білімде. Сондықтан да мемлекетіміз үшін білім беру сапасын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеру басты мақсаттарымыздың бірі. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу, жаңа формация мұғалімнің еншісіне тиеді. Осы мәселенің шешуші кілті ұстаздардың қолында.

Адам тәрбиелеу - ұлы міндет! Міндетті атқарушы ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы сабақ. Сабақ домбыра аспабы сияқты. Пернелерін жәй басып, шертіп отыруға болады немесе шебер дәулескер күйшілер сияқты құлақтан кетпес ғажайып күйлер шығаруға болады. Әрібір сабағы сиқырлы, әуезді күйге толы ұстаз болу алдыма қойған мақсатым.

Алдымда жиырма бес үміт, жиырма бес арман, жиырма бес жанар сұраққа тола жәудіреп, маған қарағанда ұстаз екенімді сезініп, бойымды билеген дірілді жауапкершілік алмастырды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!