Материалдар / Эссе «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, бас¬қаның бақытын аялау»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, бас¬қаның бақытын аялау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің өмірлік арманым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
642
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Н.Н.

  «Ұстаз  болу  –  өз  уақытыңды  аямау,  бас­қаның  бақытын  аялау»


Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы - деп  қалай  дәл  тауып  айтқан. Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық.Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  —  жауапкершілігі   жоғары  мамандықтың  бірі  ұстаздық  ету  екені  ақиқат.

Менің мұғалім мамандығын таңдауыма себепші болған бастауыш сынып мұғалімі әпкем Шолпан еді. Әпкем маған үлгі-өнеге болды. Сол себепті мектеп бітірген соң ойланбай Абай атындағы АлМУ-дың филология факультетіне оқуға түстім. Аталған білім ошағын « Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолды таңдадым. Мамандығым бойынша Алматы қалаындағы № 1 мектепке жұмысқа қабылдандым. Қуанышымда шек болмады, сонымен бірге қорқыныш та болды.  Мектеп ұжымы мені жақсы қабылдады. Тәжірибелі ұстаздардан үлгі алып,әрбір  ұстаздың  бойында  болатын  төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік сияқты жақсы  қасиеттерді  бойыма  сіңірдім. Мен  әріптестерімнен, баланың  бойына  ақыл — білім  дәнін  сеуіп, көңілін  табуды,  алаламай  сүйе  білуді  үйрендім. Жас буын өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытып, үйрете жүріп көптеген іс- шараларға белсене қатыстым, ашық сабақтар бердім. Еңбегіме қарай II санатты мұғалім атандым.

Қыз бала болған соң тұрмыс құрып, ана болу бақытына қол жеткіздім. Қазақстанның демографиялық саясатын өз үлесімді қосып үш баланың анасы атандым. Сол себепті демалыста болдым. 2013-2014 оқу жылынан бастап жүрегімнің қалауымен таңдаған сүйікті мамандығыма қайтадан оралдым.

Ұс­таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның  пікірімен  санасу,  оқушының кішкентай  қуанышын,  табысын  ба­ғалай  білу, білімді жас ұрпақ тәрбиелеу.  

Бүгінгі таңда М. Мәметова атындағы № 28 мектеп – лицейде 2014 жылдың 3 қаңтарынан бастап еңбек етудемін. Еңбек өтілім: 16 жыл.

2015 жылы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында үшінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтадым . Ол жерде түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оқушыларға жаңа әдістермен сабақ өткізіп жүрмін.

2016 жылы ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс мектебінде қазақ тілін оқыту бойынша өз біліктілігімді көтеріп , оқушыларға білім берудемін.

Лицейде өтіп жатқан іс –шараларға оқушылар да, өзім де белсене қатысамын.

2015 жылы наурыз айында 2 «Б» сыныбымен « Ғажайып түстер» тақырыбында,

2015 жылы желтоқсан айында 3 «Б» сыныбымен «Қалалар» тақырыбында,

2016 жылы 23 қараша күні 4 « А» сыныбымен « Балмұздақ» тақырыбында ашық сабақтар өткіздім. Өткізген сабақтарымның жопары баспа беттеріне шығып жүр.

«Қазақ елі- Мәңгілік ел» тақырыбында 4,5, 6 сыныптар арасында мәнерлеп оқудан байқау, мақал- мәтелдер айтудан сайыс өткіздім.

2016 жылы қыркүйек айында өткізілген « Тілге құрмет – елге құрмет» атты онкүндікке оқушыларым белсене қатысты.

Оқушыларым қазақ тілінен халықаралық онлайн олимпиадаға қатысып, 2, 3 орын алды.

Қалалық шығарма жазу байқауына қатысып, Пак Игорь 3 орын, Гепфер Никита 3 орын, Алмұратова Жібек 2 орын иеленді.

«Дарынды шәкірт –ұстаз еңбегінің жемісі» дегендей оқушыларымның жетістіктеріне қуанып жүрмін. Әлі талай биік жетістіктерге қол жеткіземіз деп ойлаймын.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!