400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭССЕ Ұстаз мәртебесі – қоғам айнасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ЭССЕ Ұстаз мәртебесі – қоғам айнасы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұстаз мәртебесі – қоғам айнасы

Ұстаз – ұлы тұлға. Қоғамның мәдениеті мен мұрасын, дүниетанымы мен құндылықтарын келер ұрпаққа жеткізетін, жаңару мен жетістіктерге жол бастайтын ұстаз - болашаққа бастар үздіксіз процесстің бейнесі. Қай заманда болмасын ұстаз мәртебесі жоғары және құрметті орында болуы тиіс. Игі іс пен тынымсыз еңбекті танытып жүрген ұстаз мамандығы қоғамда жоғары бедел мен мәртебемен қамтамасыз етіліп жүр ме?!

Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұстаз мәртебесінің қоғамдағы ақсап тұрған тұстарын байқап жүрміз. Бұған себеп неде? Ұстаздың ұлылығын бағаламайтын дәрежеге жеткізген не нәрсе екеніне үңіліп, алдын алуға тиіспіз. Ұстазға тіл тигізетін жас жеткіншектердің ерсі әрекеттеріне көз жұма қарап, ұстаз мәртебесін аяқ асты етуге жол берілмеуі керек. Ұстазға тіл тигізу – болашаққа балта шабу. Осы тұста Президентіміздің 2020 жылы 27 желтоқсандағы «Ұстаз мәртебесі» атты заңға қол қоюуы барша ұстаздарға жаңа серпіліс сыйлағандай болды. Бұл заңның қабылдануы ұстаздың білім беру жүйесіндегі басты тұлға екенін айқындап, жаңа кезеңге аяқ бастырады. Заңның аты – заң. Бұл - ұстаз қауымына қорған әрі ынталандырушы серпін болмақ. Осы ретте Президенттің «Мұғалімнің еңбегі – адамзат игілігімен астасқан өлшеусіз еңбек» деп айтқаны ойға оралады.

Білім саласының өзіндік қиындықтары бары сөзсіз. Оқу мен оқытудың, үлгерім мен бағалаудың қағазбастылыққа тіреліп тұрғаны жүйесіз әрекетке әкелуде. Мектеп – тазалық мен әділдіктің бастауы екені ұмытылмаса, қоғам еш уақытта көштен қалмайды. Сол себепті сапалы және табысты жұмыстың негізі үшін қағазбастылық пен жалаң есептен арылу қажет. Осы тұста заң негізінде ұстаздарды қолдаудың шаралары ұйымдастырылып, жүктемені азайтып, мұғалім абыройы мен беделін көтерудің, материалдық жағдайын жақсартудың жолға қойылғандығы айтылады.

Қорыта келгенде, ұстаз мәртебесі қай заманда болмасын жоғары және қастерлі орында тұруы тиіс. Ұстаз абыройы артқан сайын, білім мен мәдениеттің абыройы арта түседі . Мұғалім мәртебесін көтеру арқылы біз өз болашағымызды көтеретінімізді естен шығармауымыз қажет.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
136
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі