Эссе. Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық туралы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰСТАЗ – ҰЛЫЛЫҚТЫҢ, АДАЛДЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ.

Ұстаз болу – өз уақытын аямау,

өзгенің бақытын аялау. (Ж.Ж.Руссо)



Ұстаздық жол бұл -дара жол. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін осы бір мәртебесі жоғары еңбек жолында қызмет етіп жүргенімді мақтан тұтамын. Мен осындай жолда нағыз мамандар жұмыс жасағанын қалаймын. Өз кәсібін сүйетін адам ғана өз ісінің шебері болмақ. Себебі заман талабына сай бұл мамандық қажырлы еңбек пен үздіксіз ізденісті өте қажет етеді. Алдымызда отырған әр оқушы алдымен тәрбиені отбасынан алса, одан кейінгі тәрбие беретін ортасы – мектеп, мұғалім. Осы уақытқа дейінгі еңбек жолында жүріп түйгенім: Ұстаз болу үшін жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқу керекпіз. Себебі ұстаз -ұлылықтың, адалдықтың символы. Өзің шын мәніндегі «үлкен оқушы» болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін. Өмірде талай ұстаздар болады. Ал мектептің ұстаздары–бастаудың басы болып табылады. Сондықтан да мен өзімнің әр сабағымда оқушылардың бойына Отансүйгіштік пен парасаттылықты, ізгілік пен адамгершілікті қалыптастыруда аса мән беремін.ХХI ғасыр ұстазы- көзі ашық, көкірегі ояу, қас қағым сәтте болып жатқан өзгерістерге дайын, заманауи , оқушының жүрегін жаулай алатын тұлға болуы керек. Сол кезде ғана ұстаз оқушының алдында ғана емес, қоғам алдындағы мәртебесі биік ұстаздықтың этолонын қалыптастыра алады.Алдыңнан түлеп ұшқан шәкіртің шыңға шықса сол нағыз адал еңбектің бағаланғаны болып табылады. Әрине, ол үшін талмай, қажымай еңбек ету керек. Меніңше, өз мамандығын ерекше сүйіп, мамандық таңдауда қателеспеген адам ізденуден, дамудан шаршамайды. Сонда ғана біз заңғар заманның бәсекеге қабілетті тұлғасын дайындап шығамыз. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жандүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.

Сөз соңында айтқым келетіні – оқушылар үлкен өмір жолында қандай мамандық таңдаса да, нағыз адам болып шыққаны әрбір ұстаз үшін маңызды. Мен осы жoлға титтей де бoлсa үлес қoсып жүргенімді мaқтаныш сaнаймын. Табиғат берген қaбілетімен жұмыс істеген aдам бaқытты. Себебі oл өзі бaқытты бoлсa, aйналaсындағы aдaмзaт та бaқытты.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2024
177
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі