Эссе Ұстаздық- ұлы іс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе Ұстаздық- ұлы іс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық мамандықтың қоғамдағы орны жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұстаздық – ұлы іс

«Мамандықтың бәрі жақсы, дұрыс таңдау жасап, жемісті еңбек етуді айт» деп жатады үлкендер. Және бата бергенде де, «мамандық иесі бол» , «мұғалім бол» деп ризашылығын білдіретінін білеміз.

Әр адамның бойынан белгілі бір мамандықтың нышаны мектеп жасынан біліне бастайды. Сан түрлі еңбек саласына қызығып, ой елегінен өткізіп, армандап, түбінде болмысы мен мінезіне лайықтала бір мамандыққа икемделеді.

Мәселен, халқымыздың әлемге танылуына себепкер мінез-құлқына келсек, бейбіт өміріміздің белгісі – төрт бұрышпен сыйласу, қонақжайлылық, бітімгерлік, шыдамдылық, шешендігіміз - бір төбе, «бас бүтін, ел тыныш болса болды» дейтін жомарттығымыз, дархандығымыз шетел зерттеушілерінің «қазақ даласының шөбіне дейін теңселіп ән айтып тұрғандай» дейтін пікіріндегі әншілігіміз, дұшпаннан елді, жерді қорғаудағы батырлығымыз, сол шүйгін шөппен емдеп алатын емшілігіміз, «кілемді ұшырып» , Таусоғарды, Көлтауысарды ойлап табатын қиялшылдығымыз, биенің сүтін сазға илеп салған берік сәулет өнерінің жәдігерлері - сары даладағы ескерткіштер – А. Иассауи, Айша бибі кесенесі, Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары, көне қалалар орны керемет құрылысшылардың болғандығын паш ететін халықтың өнер мектептері бүгінгі мамандықтардың бастауы емес пе?!

Біздің жарқын болашағымызға, бүгінімізге – кешегіміз, ата-баба салған сүрлеу негіз болады.

Бұрындары, арнайы мамандандырылған оқу орны болмаса да, диплом, сертификат берілмесе де, оқу орны – халық мектебі, ал диплом – халықтың немесе ақсақалдың батасы болып есептелген.

Бүгіндері қандай, қайда білім алам демейміз, қандай, қайда жұмыс бар демейміз, оқып, еңбектенгенімізге сай таңдау мүмкіндігіміз зор.

Абай, Шәкәрім «Талап, еңбек, терең ойды – асыл іс», «талапты еңбекке салыңдар» деп адамзатты «ерінбей еңбек етуге» үндейді.

Сол еңбекті қоғамымыздағы әр сала күндіз-түні тынымсыз атқаруда. «Адамның күні адаммен» болғандықтан, әр мамандық иесі бір-бірімен тығыз байланыста.

Елбасынан бастап әр адам мейлі қызметкер, не жұмыскер, әлде оқушы, тіпті кәсіп иесі өз функцияларын жете біліп әрекеттенеді.

Ел тәуелсіздігі, бірлігі, дамуы, өркендеуінің ұйытқысы-халық, кепілі-Елбасы. Тәуелсіз елімізді көршілес елдермен келісімге келтіретін шешендеріміз-дипломаттар , елшілер , саясаткерлер , аспанмен тілдескен зәулім ғимараттар салатын құрылысшы ағалар мен түп-түзу даңғыл жолдарды төсеген инженер,жол мамандары , желмен жарысқан халқымның денсаулығын емдейтін дәрігерлер, еркін елдің тыныштығын, қоғам тәртібін қорғайтын батыл ағаларымыз МАИ қызметкерлері, жолды қысқартып, жер мен жерді табыстыратын жүргізушілер, ел мен елді байланыстыратын байланыс торабы қызметкерлері, күміс көмей, жез таңдай бұлбұл әнші аға-апаларымыз дарынды ойшыл, талпынған құстай, аспанға ұшқан ғарышкер де – бәрі-бәрі бір адамға қарыздар, барлығы осы адамның тәлім-тәрбиесін, білімін алған , ол-Ұстаз !

Мен мамандық әлемінде самғай қалықтап, әр мамандықтың қыр-сырына үңіліп қызықтап, бірақ түгел дерліктей осы бір мамандық иесіне борыштар екеніне тоқталғым келеді.

Алғаш кетік тіс, бетін жазғы самал сипаған қара балаға , бір үйдің еркесіне, әлі бәрі таңсық бүлдіршінге әліппенің әрбір әрпін аса зор ыждаһатпен танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрысты айыруға баулыған,жан дүниеңе, тап-таза әлеміңе шуақ түсіріп, анадай аялаған мұғалімнің орны ерекше. Нұрлы бейнесі жүрегіңнің төрінен мықтап орын алады ғой.

Ұстаз да – диқан. Адам жанына дән себеді, біліммен,өнегемен суарады,қорғайды. Шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын қатайтып талмастай етіп ұшырады.

Қыран түлегіне қайрылмас қанат, ұстаз түлегіне талмас талап сыйлайды. Демек, мұғалім өмірінің ең шуақты, шұғылалы шақтары- шәкіртіне арнаған кезі. Анасы мен баласының арасындағы сүйіспеншілік сияқты нәзік қылды жақсы ұстаз бен шәкіртінен байқауға болады.

Сол ұстаздардың мекені- мектеп- жасөспірімдерді, болашақ білікті мамандар, мамандық иелерін қалыптастыратын, келешекке жол ашатын алтын орда.

Ал Ұстаз- алтын сандықтың кілтін аша білген парасат иесі.

Ұстаздық- ұлт мерейін өсірер ұлы іс.















Шакенова Қарлығаш Болатқызы

О. Жұмабеков атындағы орта мектеп

11 В сыныбы

Жаңаарқа ауданы





Жұлдыз Болатқызы

Мен мамандықтар әлемінде





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2024
157
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі