Материалдар / Эссе .Үштілділік-заман талабы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе .Үштілділік-заман талабы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2019
12968
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

                                        Үш тілділік – заман талабы

                                                             

    Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.Ал, ана тілін жақсы білмейінше, сауатты

сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолдан байынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмаймыз.

Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен

жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау керек, яғни поли мәдениетті тұлға қалыптастыру керек.

     «Елу жылда ел жаңа...» демекші, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері әлемнің көптеген дамыған елдерімен мәдени, экономикалық, саяси және  әлеуметтік жағынан байланыс жасап келеді. Бұл қатынастардың оң нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтастығы, өзара түсіністігі, яғни тіл білуіне байланысты.

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезендеп іске асыруды ұсынды.Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –

жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»атты жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді.Елбасының бұл жоспары Қазақстанның әлемдік дағдарыстың қашан аяқталуын күтпей өзіндік даму стратегиясын алдын ала  белгілеуі деп айтар едім. Президентіміз тек экономиканы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау салаларын барынша

дамытуға көп көңіл бөлгендігін ерекше атап өтті. Осы жолдауда білім мен ғылымның модернизациясын жалғастыру қажеттігін меңзеді.

    Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “Мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортан қол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет” - деп етекше атап көрсеткен. Білім министрі  2019 жылға дейін  елімізде үш тілді білім беруге көшуде еш кедергі болмауы керек деп санайды. 2019 жылға дейін жоғары сыныптарды осы жүйеге көшіретінін айтты. Бір айта кететіні, мектепте жоғары сыныптарға техникалық мамандықтар пәнін ( химия, физика,биология,информатика) ағылшын тілінде өткізе отырып, оқушының әлемдік оқудағы үдерістерге ықпалдасуына жағдай жасайтынын тілге тиек етті.Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың

кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады.Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда ағылшын тілі «21 ғасырдың»,халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды.

     Ағылшын тілін оқып – үйренемін деушілердің саны күннен – күнге көбеюде.. Шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту,Қазіргі уақытта,ағылшын тілін меңгерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп

үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.Үштілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күннің ең басты қажеттілігі. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз.Үштілділік — нақтытұлға,ұжым,халықтын белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үштүрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы.

Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренседе, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады. Мәселен, Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Қ.Сәтбаев, А.Құнанбайұлы сынды аумалы төкпелі заманда өмір сүрген қазақ зиялылары туған жерден жырақта жүрседе, өзге империяның бодандық бұғауында болсада, тұғыры биік анна тілін бәрінен жоғары қойған. Өйткені олардың бәрініңде тілі қазақша шыққан, бірі ауыл молдасынан хаттаныса, енді бірі анна тілінде мұғалімдерден тіл сындырған.Егер біз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазақ тілін дұрыс жұмсай білсек, ол қоғамдағы тілге жүктелетін қажеттілігіміз болса өтеуге жарайтын бай тіл. Мәселетілдің міндетін дұрыс түсініп, өз міндетімізді атқаруда болып отыр. Ұлттық өркендеп, тіліміз өз еліміздегі және халықаралық дәрежедегі позициясын нығайтқан кезде біздің сөздерімізде өзге тілдерге енетіндігіне, тіліміздің әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмән келтірмеуге болады. Дәл бүгінде қазақ тілінің әлем тілдерінің ешқасысынанд акем түспейтін, бірнеше ғасырлық даму тарихы бар, ұлттық әдебиет тіл деңгейіне дейін дамып жетілген ұлы тіл екендігіне еш күмән жоқ. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ, дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, оттыда ойнақы. Ана тіліміз қашанда мәйекті мәтелдей білімде, тәрбиеде өз дәрежесінен түспесі хақ! Осы орайда өз ойын қара өлеңмен жеткізген Қадыр Мырза Әлиев атамның мына бір шумағы, менің сөзімнің нақты айғағы:

Ана тілің арық бұл,

Ұятың болып тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Ия, баршамыз өзге тілді өз еліміздің өркендеуі мақсатында үйреніп, тұғыры биік тіліміздің маңыздылығын әсте есімізден шығармайық.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!