Материалдар / Эссе .Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты (талдап жаз)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе .Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты (талдап жаз)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсарин- қазақ халқының ағартушылық тарихында терең із қалдырған ұлы тұлға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2024
65
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты

(Талдап жаз)

Ыбырай Алтынсарин- қазақ халқының ағартушылық тарихында терең із қалдырған ұлы тұлға. Халық ағартушысы, ұлт перзенті,қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған, ұлт тарихында аты мәңгі өшпейтін,озық ойлы- жаңашыл ұстаз.

Жазушының туындыларын жан-жақты талдап, терең ұғынатын болсақ, шығармалары қысқа мазмұнға құрылған. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел қолдану арқылы әр әңгіменің тәлім-тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлген.Ал Ыбырай әңгімелеріндегі ата тәрбиесі: жастарды оқуға, білімге, өнерге,достыққа адал болу,жақсылыққа жақын болып, жамандықтан жирену,әділдікке ұмтылуға шақырды.Мысалы, «Бақша ағаштары» деген шығармасында ағаштың қисық өскеніне көп мағына береді.Қате жеріңді түзетіп, пайдалы істі үйренсең, жақсы түзу болып өсетініңді айтады. «Әке мен бала» деген шығармасында «аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың»,- деген қорытынды шығарады. Ағартушы, ғалым «Аурудан- аяған күштірек» әңгімесінде ананы, әжені қадірлеуді көрсеткен.Сейіт деген баланың аяғының ауруы жанына қанша батса да, анасын ренжітпеу үшін қабақ шытпай отырады.Осы идея «Мейірімді бала» шығармасында да айтылады. Патша үкімі бойынша әкесінің қолы кесілуге тиіс еді. Ал он үш жасар қыз әкесінің орнына өз қолын кесуді ұсынады.Мұнда отбасына деген махаббат, анасы мен бауырларына деген аяушылық, мейірімділік суреттеледі.

Ы. Алтынсарин тек балаларды ғана емес, ересектерді де еңбекке саудаға, отырықшылыққа тәрбиелеу мәселесін де көтереді. «Қыпшақ Сейітқұл» туындысында егін салып, сауда жасау, қарақшылықпен күн көрген адамның , жолы да қараңғы екенін суреттейді.Жазушының шығармаларындағы көтерілген ғибратты мәселенің бірі-еңбек пен талап. Бұл ойды «Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде көркем бейнелейді.Сонымен қатар ақын озық мәдениетке жету үшін білімнің маңызы зор екенін «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңінде де көрсетеді.Өлеңде дамыған елдерді үлгі етеді.Білім мен мәдениет жағынан озық елдердің қатарына қосылу керектігін айтады. «Тастан сарай салғызған», « Отынсыз тамақ пісірген», « Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» өнерге жетудің жолы-оқу, білім екенін осы өлеңде жақсы түсіндірген.

Қорыта айтқанда, Ыбырай әңгімелеріндегі ата тәрбиесі бізге керек құнды дүние. Ол өзінің ағартушы әлемінде баланы қызықтыра отырып, әділдікке, талаптылыққа, өнерлі,білімді болуды үйретеді.Ендеше қаламгер жасаған кейіпкерлер бойындағы ізгі қасиеттерді өз бойымызға жинақтап, болашаққа сеніммен қарайтын саналы,ақылды, білімді болу-біздің міндетіміз.



Байсбаева Ғ.









































Эссе

« Ғасырлар бойы арман еткен егемендік-қазақтың басына қонған бағы»

деген тұжырымды дәлелдеп жаз

(Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-30 жыл)

Мен Тәуелсіз мемлекет Қазақстанда туып-өскенімді мақтан етемін! Қазақстанның өз алдына дербес, егеменді, көп ұлтты мемлекет болғанына да, міне, 30 жыл толғалы отыр. Осы орайда, Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Тәуелсіздік тағдыр сыйы емес, қилы ауыр-ауыр кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткізген заңды құқығымыз екенін әрқашан есте ұстайтын азамат болыңдар» дегені еске оралады.

Әрине, тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Қаншама ғасырлар бойы біз көптеген қиыншылықтарды көрдік.Тарихты оқып отырсақ,бүгінгі күнге жету үшін батырларымыздың, билеріміздің, ағалар мен апаларымыздың арыстанша арпалысып, өмірлерін қиғанын көреміз.Заманында Абылай хан, Кенесары мен Наурызбайлар, Сырым мен Исатайлар сияқты батырлар қазақ халқының тәуелсіздігі мен дербестігі үшін талай рет қан майданға түсті.Әз Тәуке бастаған ұлы тұлғалар жойқын шайқастар, Төле би бастаған кемеңгер билер ата- дәстүрін жалғастырып,елін қорғап, халық санасын мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тәуелсіздік үшін мынау кең далада халқымыз әрлі-берлі көшіп -қонып ,талай рет дербес орда тігіп, өз алдына ел болған-ды.Талай рет басқыншылық дауы басым түсіп, шаңырағы шайқалып, қиналды. Бірақ еркіндікке ұмтылған халықтың арманын ешкім өшіре алған жоқ.Қаншама тер төгілді, нәтижесінде бақытты өмір, тыныштық...

Күн өткен сайын, заман да өзгеруде.Уақыт ешқашан да тоқтамайды. 30 жылдың ішінде Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттерінің қатарынан өз орнын ойып алды.Ғасырға бергісіз отыз жылдың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті мұхиттың арғы жағындағы АҚШ та, көрші Ресей мен Қытай да мойындады.Еліміз жыл сайын еңсесін биік көтеріп, зор үмітпен алға жылжып келеді.Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымыздың тәуелсіздігін баянды ету жолында тіл мен мәдениеттің кең құлаш жаюына мүмкіндік берді.Тәуелсіздікті одан әрі дамыту жолында елімізде көптеген өзгерістер болды.30 жыл ішінде ғылым, білім, мәдениет,медицина салалары да дамыды. Қазақстан жаппай индустрияландыруға бағыт алды.Өнеркәсіпті дамытып,шикізат өндіру, машиналар, әртүрлі тауарлар жасау арқылы халыққа қызмет етуге кірісті.Индустрияландыру кезінде мыңдаған жаңа технологиялық өндіріс орындары пайда болды.Олар- жаңа өнімдердің көптеген түрлерінің шығарылуына жауапты болып, мыңдаған жұмыс орындарының құрылуына ықпалын тигізді.















































Эссе

Сенің болашақ мамандығың адам өмірін сақтаудағы маңызы

қандай деп ойлайсың?

Болашағына жоспар құрмайтын жан жоқ шығар? Мен де мектеп бітіру мерзімі жақындаған сайын өз таңдауыма қол жеткізуге асығып, жоспарлы түрде білім сынақтарына дайындалып жүрмін. Мен үшін алдағы болашақ – құпиясы мен қызығы, қиындығы мен сынағы қатар тұратын тылсым дүние.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағына көз жіберсем, ондағы «Мен таңдаған мамандықтың орны қандай болмақ?» деген сұрақ мазалайды. Себебі білікті маман – қоғамның дамуына үлес қосатын қозғаушы күш. Әр мамандықтың заман сұранысына сай өзіндік орны болады. Сондықтан да мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті талап етеді.Қазақ елінің экономикасының нығаюы, болашағының бекем болуы өз ісінің шебері, яғни білікті мамандар еншісінде.  Сан алуан мамандық иелері бар. Ал «Қандай мамандықтар бірінші кезекте сұранысқа ие болады?» десе, онда ол менің достарымның арасында пікірталас тудырары сөзсіз. Өйткені әркім өзі қалаған мамандығы тұрғысынан өз таңдауын қорғайды. Біріншіден, ол өз қабілеті мен өзі таңдаған мамандықтың қажеттілігін жан-жақты ойластырып шешім қабылдаған. Екіншіден, қажетсіз мамандық деген пікір жоқ. Егер білім мен тәжірибе және шығармашылық үйлессе, онда кез келген маман өз саласындағы қажырлы еңбегімен қоғамға тың идея, нәтижелі үлес қоса алады.

Мамандық таңдау жауапкершілігін мен жете түсініп, көп ойландым. Ақыры бір шешімге келіп, білімнің қара шаңырағы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география факультетіне тоқталдым. Қазақстанның жетекш,і классикалық университетінің миллиондаған түлегі Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында да табысты еңбек етіп жатқаны аян. Демек, білім ордасында нағыз өз ісінің білікті мамандары сабақ береді деп сенемін. Сол ортада болу, ғылым мен білім тынысын сезіну – кез келген адам үшін бақыт, әрине.

Білікті маман болу деген не? Бұл – тек үздік білім иесі болып қана қоймай, білімді тәжірибемен ұштастыру, ғылыми ізденіп, өз жаңалықтарыңды ашу және тағы басқа іскерлік қабілеттерді дамыту. Сондай-ақ меңгерген білім, игерген дағды мен машықты өмірде қолдану мүмкіндіктерін қарастыру. Сондай маманға сұраныс та болады және ол ел экономикасын өрістетуге тың идеялар қоса алатын, нағыз өз ісінің шебері бола білмек.

Ойымды қорытып, болашақ өкілі ретінде пікірімді тұжырымдасам, мен өзім таңдаған мамандықтың сұраныста болатынына сенімдімін. Менің мақсатым – тәуелсіз қазақ елінің дамуына үлес қосу. Жүрегім жалынға, көкірек көзім рухани ізденіске толы. Қазақ елінің атын шығаратын бір перзентін қабыл ал, болашақ!











































Эссе

Сенің болашақ мамандығың адам өмірін сақтаудағы маңызы

қандай деп ойлайсың?

Болашағына жоспар құрмайтын жан жоқ шығар? Мен де мектеп бітіру мерзімі жақындаған сайын өз таңдауыма қол жеткізуге асығып, жоспарлы түрде білім сынақтарына дайындалып жүрмін. Мен үшін алдағы болашақ – құпиясы мен қызығы, қиындығы мен сынағы қатар тұратын тылсым дүние.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағына көз жіберсем, ондағы «Мен таңдаған мамандықтың орны қандай болмақ?» деген сұрақ мазалайды. Себебі білікті маман – қоғамның дамуына үлес қосатын қозғаушы күш. Әр мамандықтың заман сұранысына сай өзіндік орны болады. Сондықтан да мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алға қойған арманыңа жетуге себепші болатын ол-мақсатың.Менің мұғалім болғым келеді.Қоғамның сұранысына сай,елге пайдасы тиетін, халыққа қызмет ететін болашағы зор мамандық.

Менің болашақ мамандығымның адам өмірін сақтаудағы маңызы өте зор.Біріншіден,кез келген тұрмысқа қажетті заттар болсын, киетін киім, ішетін тамақ осының барлығын оқу арқылы танисың. Оның құрамын, сапасын ажыратуың қажет.Оны оқытып үйрететін мұғалім.Екіншіден, жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші- білім деңгейімен өлшенеді.Ал ел тізгінін ұстайтын жастар өте білімді болуы керек. «Мұғалім мамандығы- барлық мамандықтың анасы»,- деп қалай тауып айтқан. Мұғалім болу үшін асқан сабырлылық, төзім, кең пейіл, терең білім, өз пәніне деген сүйіспеншілік керек деп санаймын. Сол үшін мен дәл қазірден бастап өз мамандығымның қыр-сырын меңгеруге тырысамын. Елімізде «Мұғалім мәртебесі» заңы қабылданып, осы мамандық иелеріне ерекше көңіл бөлініп жатыр. Менің мамандығым қоғамның ең кішкентай мүшесі балалармен тиянақты, сапалы жұмысты талап етеді.

Қорыта айтқанда, кейбір мамандықтар заман өзгеруіне байланысты жоғалып та кетеді. Ал мұғалім мамандығы адамзатпен бірге жасайды. Мен өзім таңдаған мамандықтың сұраныста болатынына сенімдімін. Менің мақсатым – тәуелсіз қазақ елінің дамуына үлес қосу.







Эссе

О. Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі Ерік перзенттік борышын

ақтай алды ма?

О. Бөкейдің «Атау кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды.Адамның адамгершілік болмысы, сол замандағы шындық, адамдар арасындағы қарым-қатынас суреттеледі.

«Атау кере» кеңестік кезең мен нарық заманының басталғанын сипаттайды. Оқиғаның басында реалистік сипаты басым болса, соңына қарай оның мифтік сипаты байқалады.Қаламгер адамдар өмірін аралар дүниесіне ұқсатады. Автор үш кейіпкер арқылы бүкіл қазақтың өмірін, тарихын көрсетеді.Туынды да Терең психология мен философия бар. Басты кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап, тұңғиық ойға батасың.Өзіңді ойландырып, ойға батыратын кейіпкердің бірі-Ерік. Ерік бейнесі шығармада асқан шеберлікпен сомдалған.Оның образы әртүрлі жақтан суреттеу арқылы ашылады, бірде автор өз атынан баяндаса, енді бірде шешесі Нүрке кемпірдің атынан баяндайды.Жары да,ойға шомып , күйеуінің іс-әрекетін сарапқа салады.Тағанға жасалған іс-әрекеттер де Еріктің толыққанды бейнесін аша түседі.

Ерік өзіңнің пезенттік борышын ақтай алмады Жастайынан әкесінен айрылып, әке тәрбиесін көрмей өседі. Өзінен озғандарды өлердей жек көреді. Студент кезінен Тағанның қол жеткізген жетістіктерін көре алмайды. Ғылым мен білім жолындағы адамдарды еңбексіз күн көретін пасық адамдар деп ойлайды.Тағанның ішімдікке салынып, маскүнем болғанын көріп, іштей қуанады.Өмірдегінің бәрін ақшаға сатып алуға болады деген қате пікірге сеніп,байлық қуады.Шетелдің ашқарақ арасы мен жергілікті «жеңілтек» араларды будандастырады. Қауіпті аралар шығып, анасын шағып өлтіреді.Тақырыптағы қауіпті будан ара емес, өзі болып шығады.Анасы орыс болса, әкесі қазақ еді. Бірақ анасы мен әкесінің де жүрегі таза.Алайда перзенттері алаяқ,ашкөз адамның өзі болады. Соңында ашкөздіктің кесірінен мазаққа айналып, қорлықпен қаза табады.Ол өзінің анасын да, жарын да аямады.Ерік бейнесі арқылы біз өмір шындығын танып білдік.

Қорыта айтқанда, шығарманы оқып отырған адам келешекке дұрыс жоспар құруды үйренеді. Автор оқырмандарды ойландыра келе, өмірлік мақсатыңды дұрыс таңдауға, ата-ана, халық алдындағы жауапкершілікті түсіндіреді. «Атау кере» шығармасы өмірдегі ақ пен қараны,махаббат пен зұлымдықты,жеңіс пен жеңілісті көрсете білді.



































Қазақ елінің экономикасының нығаюы, болашағының бекем болуы өз ісінің шебері, яғни білікті мамандар еншісінде.  Сан алуан мамандық иелері бар. Ал «Қандай мамандықтар бірінші кезекте сұранысқа ие болады?» десе, онда ол менің достарымның арасында пікірталас тудырары сөзсіз. Өйткені әркім өзі қалаған мамандығы тұрғысынан өз таңдауын қорғайды. Біріншіден, ол өз қабілеті мен өзі таңдаған мамандықтың қажеттілігін жан-жақты ойластырып шешім қабылдаған. Екіншіден, қажетсіз мамандық деген пікір жоқ. Егер білім мен тәжірибе және шығармашылық үйлессе, онда кез келген маман өз саласындағы қажырлы еңбегімен қоғамға тың идея, нәтижелі үлес қоса алады.

Мамандық таңдау жауапкершілігін мен жете түсініп, көп ойландым. Ақыры бір шешімге келіп, білімнің қара шаңырағы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география факультетіне тоқталдым. Қазақстанның жетекш,і классикалық университетінің миллиондаған түлегі Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында да табысты еңбек етіп жатқаны аян. Демек, білім ордасында нағыз өз ісінің білікті мамандары сабақ береді деп сенемін. Сол ортада болу, ғылым мен білім тынысын сезіну – кез келген адам үшін бақыт, әрине.

Білікті маман болу деген не? Бұл – тек үздік білім иесі болып қана қоймай, білімді тәжірибемен ұштастыру, ғылыми ізденіп, өз жаңалықтарыңды ашу және тағы басқа іскерлік қабілеттерді дамыту. Сондай-ақ меңгерген білім, игерген дағды мен машықты өмірде қолдану мүмкіндіктерін қарастыру. Сондай маманға сұраныс та болады және ол ел экономикасын өрістетуге тың идеялар қоса алатын, нағыз өз ісінің шебері бола білмек.

Ойымды қорытып, болашақ өкілі ретінде пікірімді тұжырымдасам, мен өзім таңдаған мамандықтың сұраныста болатынына сенімдімін. География ғылымының қай саласы болсын зерттеуге негіз болатын құбылыстарға толы. Соны зерделеп, еліміздің дамуына үлес қосатын тың бастамаларды қолға алуға болады.

Менің мақсатым – тәуелсіз қазақ елінің дамуына үлес қосу. Жүрегім жалынға, көкірек көзім рухани ізденіске толы. Қазақ елінің атын шығаратын бір перзентін қабыл ал, болашақ!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!