Жаңартылған білім
бағдарламасының оқытудағы тиімділігі
Эссе
Ұстаздық еңбек өтілімім биыл
он сегіз жыл. Біліктілік арттырудың
деңгейлік оқу курсынан өтіп, жаңа бағдарлама бойынша сабақ
жүргізіп, өз іс - тәжірибемді әріптестеріммен бөліскім келеді.
Әрине, бұл жаңа бағдарламаның қиындығы мен қызығы көп, бірден
игеріп кету оңай емес. Ұлы педагог Ыбырай
Алтынсарин«Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі»,өз ісіне жан-тәнімен
берілген,мыңдаған шәкірттің жүрегіне жол тапқан, тынымсыз
еңбектеніп, оқушыларына бар ынтасымен білім беріп,аянбай еңбек етіп
келе жатқан тұлға-деп айтқан. Қазіргі таңда жаңаша оқыту
өзекілігі өте зор. Мен де оқыту үдерісіне енгізіліп жатқан жаңа
бағдарламаның тиімділігі жөнінде айтпақпын.Әр түрлі әдіс-тәсілдер
қолдану мұғалімнің шеберлігі мен біліктілігіне
байланысты. Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық
негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – 7
модульді практикалық түрде қолдану
арқылы оның
артықшылықтарына көз
жеткіздім. Жаңа әдістерін жетілдіру
мақсатында педагогтардың біліктілігін арттыру курсының
бізге ұсынылып отырған бағдарламасы мына
жеті модульден тұрады:
1. Білім беру мен білім
алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау
және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды
оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім
беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және
көшбасшылығы
Осы 7 модуль
бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың
сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны
қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп,
соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы
сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта
ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл
күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей
отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды
үйретеді.
7 модулді қолдана отырып,
өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде
белсенділігім арта түсті. Бастауыш сыныптар мен орта сыныптарда
сабақ беремін. Бағалау форматы да
өзгеріп,оқушыларды балдық жүйемен бағалаймыз.Бағалаудың екі түрін
тиімді қолданып,қазіргі таңда машықтанып
қалдық.Әсіресе,қалыптастырушы бағалау күнделікті сабақ барысында
қойылады. Жаңа бағдарламамен білім беру
оқушылардың таланттылық пен дарындылықты анықтауды да, сыни ойлауды
да және критерий бойынша бағалауды, яғни формативті,
жиынтық бағалай білуді бағалауда мұғалімге тәуелді болмайтынын,
бағалау көз алдында болатынын біледі. Жаңартылған білім берудің
маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын
құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу,
тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым- қатынасқа
түсу, жеке, жұппен, топқа жұмыс жасай білу, функционалды
сауаттылықты, шығармашылықты қолдана
білуді және оны тиімді жүзеге асыру
үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді біліктілік курстарда
оқып, ұғындық. Білім мазмұнын жаңарту тікелей
шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне
байланысты.
Жаңа бағдарламаның оқыту мен
оқытудағы жаңа тәсілдерінің 5 түрлі тиімділігін
білеміз.
1.Бір – бірінің пікірін
тыңдайды, ынтымақты қарым – қатынастың негізі
қаланады.
2.Өзін жеке дара тұлға ретінде
тануға жол ашуға, бір – біріне құрметпен қарауға
ұмтылады.
3.Өз ойын ашық, еркін айтуға,
пікір алмасуға, бірін – бірі бағалауға, мұғаліммен еркін сөйлесіп,
пікір алмастырады.
4.Достарының ойын тыңдай
отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге
көмектеседі.
5.Белсенді шығармашылықты
ойлауға негіз қаланады.
Оқушылардың пәнге
қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу
бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі
бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан
да бастауыш сыныпта әр сабаққа
әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім
сапасын арттыру ең басты
мәселе.
Үйреніп жатқан әдістер
оқушылардың ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін
жеткізуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін
тигізетініне көзім жетті.
Сөзімді қортындылай келе
біздің негізгі міндетіміз: берген білімді дұрыс , сауатты қабылдай
алатын оқушылар қатарын көбейтсек,жақсы нәтижеге жететініміз
сөзсіз. Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді
ұрпақ.