Эссе.Мемлекеттік тіл-менің тілім.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе.Мемлекеттік тіл-менің тілім.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік тіл қазақ тілі туралы оқушы эссесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мемлекеттік тіл-менің тілім

Қазақстанның мемлекеттік қазақ тілі - бұл менің тілім. Менің және барша қазақ азаматтары мен азаматшаларының ана тілі. Бұл тіл тарихымыздың алтын қазынасы мен болашағымыздың жарқын бейнесі. Қазақ тілі тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің, ұлтшылдығымыз бен ынтымақтастығымыздың түп тамыры мен тірегі,онсыз қарапайым күнделікті өмірдің өзін елестету тым қиын. Себебі,туған тіліміз санамыздың кемімес бөлшегіне айналған. Кейбіреу үшін бұл жәй ғана өз мүддесіне жұмыс істеу құралы ғана шығар, бірақ кейбіреулер үшін бұл тіл патриотизмнің символы.

Өз тарихымызға үңіле қарар болсақ 1920 жылдан бері қазақ халқы орыс билігінің тәуелсіздігінде болды. Мұндай жағдайда әрине қазақ тілі-діні екінші сатыға төмендеп,орыс мәдениеті мен тілі бірінші орында болды. Қазақ халқын орыстандыру мақсатында, қатігез билік ана тілімізді жою үшін бәріне дайын болды.Қазақ баласын өз тілінде сөйлегені үшін жұмысқа алудан да бас тартты, ортақ көліктен қуып шығып,тепкінің астына алуға дейін барды. Орысша хат танымаған қазақтың жәй ғана нан табуының өзі қиынға соқты. Бірақ осындай қиын-қыстау сәтте қайсар халқымыз бір мезетке де ана тілге деген адалдығын жоғалтпай, осындай бай да рухани тілді бізге табыс етті.

Тіліміздің жетік сақталуында қазақ интелегенция өкілдері мен ақын, жазушы, ағартушыларымыздың алар орны биік. Өкіметтің қыспағына қарамастан қазақ елін жігерлендіру үшін, тіл байлығымызды кеңейту үшін керемет өлең жолдарын және мағыналы кітаптарды жарыққа шығарған сол кездегі беткеұстар тұлғаларымыз. Сол себепті тілімізді рухани азықпен байытқан аталарымыздың еңбегін қадірлейік!

Мен дәл қазір оқушымын.Бірақ менің жішкентай жүрегім «қазағым, ана тілім» деп соғады. Өзіме сенімдімін. Алдағы өмірімде өзге тілді меңгерсем де, өзге елде жүрсем де тіліме деген құрмет ең басты орында тұрады. «Анамыздың ақ сүтімен дарыған ана тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту» деп Бауыржан атам айтқандай бабамнан қалған қазыналы тілімізді құрметтемеп, сақтамасақ кім болғанымыз ? Осы эссені жазып отырып қиялымның қанатында самғап, тілімнің даналығын ,кеңдігін,сұлулығын әлі талай әлемге танытармын деген арман биіктерге жетелей түсті.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2024
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі