Материалдар / Ессіз құмарлық - денсаулықтың жауы!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ессіз құмарлық - денсаулықтың жауы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Зиянды әдеттерге қарсы мақсаттағы сабақтан тыс іс-шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2023
204
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

36 Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі



«Бекітемін»

Мектеп директоры

_______А.Жаныкулова











Ессіз құмарлық – денсаулықтың жауы

9- сыныптар







Биология пәнінің мұғалімі: Бахтыбайқызы М.











2022-2023 оқу жылы



«Ессіз құмарлық – денсулықтың жауы»

Бүгінгі таңда биология ғылымының алатын орны ерекше. Жасөспірімдердің экологиялық, салауаттылық, гигиеналық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың ғылыми және танымдық қабілетін дамытып, оқытуды тікелей салыстыруда , адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуде, мамандыққа баулуда биология пәні жетекші орын алады.

Осы мақсатта «Ессіз құмарлық – денсулықтың жауы» тақырыбында өткізіліп отырған дәстүрден тыс сабақта адам өмірін ұзарту, ағзаның қызметін жақсарту, сезім мүшелерінің мүмкіндігін тұншықтырмауға болатынына басты көңіл бөлу.

Іс-шарада проблемалық мәселелерге назар аударып, оқушылардың шығармашылығын тыңдау.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, слайдтар, таблицалар, кейіпкер киімдері, дәрі –дәрмектер, буклеттер

Сабақ барысы:

Үш 9- сыныптан жабдықталған 3 топ:

1 топ Сана

2 топ Зерек

3 топ Зерде

Мұғалім. «Алғашқы байлық - денсаулық» деген халық мақалы бекер айтылмаған. Адам баласы ерте заманнан- ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. Қазіргі кезде де адамның денсаулығы үшін күрес жүргізу өзекті мәселе болып отыр. Осы орайда біздің бүгінгі сабақтан тыс іс-шарамызда салауатты өмір салты, құмартқыш заттардың адам денсаулығына әсері және де сол заттардың адамның жеке мүшелеріне тигізетін әсерін зерделеп келген оқушыларымыздың жұмыстарын тыңдау. Ал олай болса кезекті қатысушы топтарға берейік.

«Сана » тобы. Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі, ішімдікті тұтынуды доғарып тазалықты сақтауымызға бағытталған. Салауатты өмір салтымен дұрыс тамақтануды, тазалық ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі қажет. Ол мыналарды қамтуы тиіс. Есірткі- қауіп. Ол ағзаны уландырады. Ішімдік пен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді. Ішімдік пен темекіні жарнамаллауғ барлық жерде түпкілікті тиым салынуы тиіс.







«Зерек » тобы - Құмартқыш заттар

Есірткі заттары адам ағзасының ең кішкентай бөлшегі биомембраналарға әсер етеді. Биомембраналар әдетте сұйық, кристалл түрінде кездеседі. Есірткі заттар осы биомембраналарға әсер етіп, жасушалардың өлуіне әкеп соғады. Жасушаның өлгені бірте бірте ағзаның өлгені болып табылады. Есірткіні қолданған адам қолданған сайын көбейтуді тілейді. Нашақорлар ауру адамдар, олар есірткі үшін неше түрлі қылмыстар жасайды.

Ортақ инені пайдалану ЖИТС қа апаратын тура жол. Сондықтан да оқушылар мұндай жаман әдеттен аулақ болғандарыңыз жөн.

Темекі – Америкадан шыққан. Ескі Қытай құмыраларында темекі шегіп тұрған адамның суреттері кездескенімен Колумб ашқан жаңалыққа дейін адамдар темекіні білмеген. Колумб алтын іздеген сапарында 1492 жылдың 27 қазанында Куба жағалауына келіп түсті. Тұрғындар келушілерді қолдарына бықсыған от ұстап , өздері сигаро деп аталатын шегуге арналған шөппен қарсы алды. Колумбтың бейнелеп айтқанындай , олар бұл шөптің түтінін жұтады екен. Темекінің тез таралуына, әрине оның тез баурап алатын қасиеті себепші болды. Ал адамға оның алдында өзін – өзі ұстауы қиынға түсті. Біз қазір никотиннің еліртуші қасиеті туралы білеміз, бірақ ол кезде темекінің ерекше қасиеті бар деп танылды. Мысалы , темекі шипалы, оның түтіні ауруларды , жын-шайтанды және т.б аластайды деп есептелді. Сондай ақ темек адамға қуат беретін және тынышталдыратын құрал деп ойлады. Темекі жапырағы емдік зат ретінде қолданылды. Ресейге темекіні ағылшын көпестері Архангельск арқылы 1583 жылы әкелді, ал сонан кейін ол Ресей жерінде кеңінен өсіріле бастады. Бірқатар елдерде, мысалы Италияда темекі діни себептермен «жын-перілердің ермегі» деп танылды. Рим папалары шылым шегетіндермен оны иіскейтіндерді шіркеуден аластауды ұсынды.

Ішімдіктің шығуы – адамдар ерте кезде ішімдіктің дәмін әртүрлі жеміс шырындарынан , ашыған балдан татса керек. Ертедегі Греция мен Египеттен пальма ағаштарынан, нан мен балдың шырындарынан ашыған ішімдіктер дайындаған. Арақ Ресейге 16 ғасырда әкелінген, 1649 жылдан 1795 жылға дейін халыққа тек қазыналық арақ сатылды. 19 ғасырдың аяғында патша үкіметі ішімдік сатуды мемлекет қарауына алған. Ресейде алкоголизм жаппай ауруға айналды . Бала үшін әсіресе шешесінің маскүнем болуынан ауыр азап жоқ. Маскүнемдікке салынуы, ең алдымен адамдардың өмір сүретін ортасына, жанұясына байланысты болады.

Уланған мүшелердің «жан дауысы». «Тағылым» тобы (әр мүшелерге сөз берілді) Әр оқушы уланған мүшелердің кейпіне кіріп, монолог оқиды.

Ми, асқазан, бауыр, жүрек, өкпе, сезім мүшелері.

Ми – мен бес бөліктен тұрамын: үлкен ми , аралық ми, ортаңғы ми, мишық , сопақша ми. Ішімдіктің әсерінен менде тежелу процесі болады, әсіресе қабырғасы қатпаған жасөспірімдерге өте зиян. Соның әсерінен ештеңе сезбеймін, алғырлық қасиетім жойылған, тіпті түсті ажырата алмаймын. Кейде буындырып, булықтырып, талдырып жығады. Соның нәтижесінде талма ауруы пайда болды.

Асқазан – спиртті ішімдік тамақ сияқты келіп, бойға таралып сіңбейді. Ол маған келгенде шырышты қабығымды күйдіріп, бірден қантамыр жүйесіне өтіп кетеді. Ол менің тамақ сіңіретін безімнің сөлін шығарып, үздіксіз тітіркендіріп, қоздырып тұрады. Соның нәтижесінде гастрит ауруы пайда болады. Темекі түтінінің құрамындағы никотин де солай әсер етеді. Қарында, ішектерде жаралар пайда болады.

Сезім мүшелері мен олардың маңызы. Сезім мүшелеріне көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу, тепе-теңдікті сезу жатады. Сезім мүшелерінің құрылысы өте күрделі. Бұл мүшелердеі әрқайсысы қоршаған ортаның белгілі құбылысына жауап бертіндей болып құрылған. Мысалы, көз – жарықты , құлақ – дыбысты естуге бейімделген. Көз- адамның аса нәзік сезімтал шамшырағы, сондықтан адамзат көз арқылы табиғатта болып жатқан алуан түрлі құбылыстарды , көріністерді, жанды немесе жансыз денелердің бояуларын көре білген. «Көзің ауырса, қолыңды ти», «Көзіңді жасыңнан сақта » - деп халқымыз көзді механикалық заттардың әсерінен сақтау қажет екенін айтты. Көздің жұмысы темекі тартудан, ішімдік әсерінен бұзылады. Темекінің ішіндегі улы заттар қанның құрамына өтіп, рецептор жасушаларының құрылысына әсер етеді. Оның сезімталдық қызметін нашарлатады. Кейде көру жүйесі никотин немесе темекідегі басқа заттардан ауыр зақымданады. Алкаголь ұрт тамырлары арқылы қанға өтіп, ішіндегі оттекті таситын эритроциттерді бұзады да оттектің мөлшерін азайтады. Сөйтіп көздің рецептор жасушаларында зат алмасу баяулайды.

Оқушы -Пардабай М. М.Сағындықованың өлеңі «Бірінші байлық - денсаулық» өлеңін оқиды.

Денсаулығы адамның,

Бірінші байлық демей ме?!

Шалыс басқан қадамың ,

Қайғы боп келмей ме?!



Есірткі, арақ, шылымға

Үйір болған сорлының

Не боларын айтайық .

Әрі қарай жолының



Ағзасы түгел уланып,

Өкпесі кетер алдымен

Жүрек, бүйрек , бауыры

Әлсіреп түгел қолымен.



Есірткі мен арағың,

Бүкіл жұртқа жат қылар.

Туысың сенен жалығып

Жолдасың сырт айналар



Ағзасы улы адамдар,

Әдетте көп жасамас

Жас кезінде көз жұмып

Қырықтан да аса алмас.

Сондықтан аулақ болайық

Есірткі, шылым, арақтан

Салауатты өмірге лайық

Игі істерге талаптан!



Оқушы – Сейдіразақ Ә. Т.Қосановтың өлеңі – «Қайда кетіп барамыз адамдар ау?»

Қайда кетіп барамыз адамдар – ау?

Осы қазір бауырым, заман бар –ау

Ақиқатын айтайын алау-далау

Жақсылықтан жамандық асып барад

Қайда кетіп барамыз адамдар - ау?

Расында не дейміз сый тартқанға?

Жүгенсіздік сыйпат қой бұл да тыңдар

Бейнетаспа көрсетіп сорақыны

Қайда кетіп барамыз адамдар- ау?

Құлазиды қам көңіл көтерілмей

Жөнімізді жүрміз бе жете білмей,

Неге сонша дүние азып барады,

Уатылған кірпіштің кетігіндей?

Іздеп жүрміз тінімсыз жанға жалау,

Осы өмірдің құқайы тармағы анау,

Қамшының тек сабындай қысқа өмірде,

Жерге кіріп тұрасың ұяттан –ау.



«Нашақордың хаты» оқылады

Мұғалім. Мінекей оқушылар біз ағзаға спирттік ішімдіктер мен темекінің, есірткінің , қандай зияны бар екенін білдік. Алайда зиянын біле тұра бұл заттарды тұтына беретін адамдар халық арасында көп кездеседі. Бұл заттардың шырмауына ілінген адамның мұндай тұзақтан оңай құтыла алмасы анық. Сондықтан да ең дұрысы құмартқыш заттарға құмартпай тұрып әр адам өзін жеңіп, зиян әдетке жолмағаны дұрыс. Ал осымен оқушылар бүгінгі іс шарамызды аяқтаймыз. Бүгінгі шардан алған әсерлеріңді стикерлерге жазып , тақтаға іліңдер.

Көрермендерге сөз беріледі















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!