Материалдар / Эстафеталық жүгіруді түрлендіру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эстафеталық жүгіруді түрлендіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық жүгіруді түрлендіру. Сабақ №130 бұйрық бойынша жасақталған.
Авторы:
03 Қаңтар 2024
285
30 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мектеп

«№1 жалпы білім беретін мектеп»

Мұғалімнің аты-жөні

Абиев Мурат Костаевич

Сынып

7 «А»

7 «Ә»

7 «Б»

7 «В»

7 «Г»

Күні






Қатысушылар саны:






Қатыспағандар саны:






Бөлім

1-бөлім. Жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамыту

Сабақтың тақырыбы

Эстафеталық жүгіруді түрлендіру.

Оқу мақсаттары

7.3.5.5 Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды анықтай білу

Сабақ мақсаттары

Басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту мақсатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану

Бағалау критерийі

Дене жаттығуларының орындалуын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: өздерінің жеңіл атлетикадағы ерекше қимылдарын сипаттай, талқылай әрі көрсете алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: екпін алу, итерілу, ұшу, қону; көтерілу, жерге қону; фитнес құрамдастары: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік; қадамдар, аттау; лақтырулар: итеріп шығару, итеру, көтеріп тастау, лақтыру; қауіпсіздік, қауіп-қатер; сөрелік екпін алу, қашықтық бойынша жүгіру, мәреге жету;

Талқылауға арналған сұрақтар:

- секіру біздің жүрек соғысымызға қалай әсер етеді?

- лақтыру бойынша біздің жарыстарымызда қандай қауіпсіздік ережелері болуы тиіс?

- оқушылар лақтырулар орындайтын жаттығуларда қауіп-қатерді азайту үшін не істейсіңдер (қауіп-қатерді басқару)?

- ұзындыққа секіру үшін көтерілу кезінде неліктен барлығын бірізді орындау маңызды екендігін айта аласыңдар ма?

- сендер өз дене дағдыларыңды пысықтаған және оларды жақсартуға тырысқан кезде жақсы жаттықтырушының/мұғалімнің болуы неліктен маңызды екендігін айта аласыңдар ма?

- лақтырумен байланысты жаттығуларда қатаң қауіпсіздік

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік

Мұғалімге арналған ысқырық

Үлкен бос кеңістік, жалаушалар, бор, ысқырық

Сабақтың

ортасы

25 минут

(С, Т) 8-10 адамнан тұратын 3-4 команда бір-бірден сапқа тұрады. Әрбір саптың алдында бір гимнастикалық орындық болады (тақтайы жоғары қараған). Белгі бойынша бірінші ойыншылар тақтаймен жүгіріп өтеді, қабырғаға дейін жүгіреді және оған қолынт тигізіп, кері қайтады. Екінші ойыншы қайтып келген ойыншы оған қолын тигізгенде ғана жүгіреді. Тапсырманы орындаған оқушы саптың соңына тұрады.

Гимнастикалық орындық бойымен жүгірген кезде қауіпсіздік техникасының сақталуына назар аударыңыз. Ойыншылары жылдамырақ эстафетаны аяқтаған команда жеңеді.

(С, Ф) Сынып командаларға бөлінеді, олардың әрқайсысында капитан таңдалады. Командалар сөре сызықтарының артына – бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Командалар арасындағы арақашықтық – 20-30 м. Алаңның ортасында, ені 2-3 м жолақты шектейтін екі сызықтың арасында, шахмат тәртібінде жалаушаларды лақтырады. Белгі бойынша ойыншылар жылдам жалаушыларға қарай жүгіріп, оларды барынша көп жинауға тырысады. Белгіленген уақыттан кейін команда бойынша балалар орындарына қайтып келіп, сапқа тұрады. Капитандар ойыншылар әкелген жалаушаларды жинап, санайды. Әрбір жалауша үшін бір ұпай есептеледі. Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

1. Жүгіру кезінде ойыншыға еденде жатқан жалаушалардың кез келген санын жинауға рұқсат беріледі. 2. Бір-бірінен жалаушаларды тартып алуға тыйым салынады. 3. Жалаушалар үшін орынды шектейтін сызықтан шығуға болмайды. 4. Командалардың капитандары барлығымен бірдей дәрежеде ойнайды.

Сұраңыз: Бұл эстафетада ептілік физикалық қасиеті дамиды ма? Эстафетаны орындау кезінде команда капитанының рөлі қандай?

Төрт-төрттен, бес командаға бөлініңіз, эстафеталық таяқшамен 100 м арақашықтыққа жарыса жүгіріңіз.

Назар аударыңыз: (қауіпсіздік ережені сақтау, әр қайсысы өз жолымен жүгіру, таяқшаны түсіріп алмау, бір-біріне кедергі жасамау, жылдам жүгіру).

Дескриптор

эстафеталық таяқшамен 100 м жүгіреді;

арақашықтықты сақтайды;

тапсырманы мұқият орындайды.

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!