400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Эстафеталық жүгірулердің түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
жүгіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар №16


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1. Жүгіру,секіру және лақтыру

дағдыларын оқу

Мектеп: ҚОМ Тексерілді

Күні: 09.10.2017ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Кадекова К

Сынып: 7


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Эстафеталық жүгіруді түрлендіру.

Оқу мақсаттары

7.3.5.5 Басқа адамдардың дене жаттығуларын ың тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды анықтай білу.

Оқу бағдарламасына сілтеме

3.5 Басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту мақсатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушы эстафеталық ойындарды ережесін біледі,ойнай алады.


Көбі: Білім алушы эстафеталық ойындардың ережесін біледі, ойнай алады.,қауіпсіздік ережелерін сақтай алады


Кейбірі: Білім алушы эстафеталық ойындардың ережесін біледі, ойнай алады,ойындағы жаттығуларды жақсы түсініп орындай алады.

Жетістік критерийлері

Дене жаттығуларының орындалуын анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Екпін алу, итерілу, ұшу, қону көтерілу, жерге қону фитнес құрамдастары: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік қадамдар, аттау лақтырулар: итеріп шығару, итеру, көтеріп тастау, лақтыру қауіпсіздік, қауіп-қатер сөрелік екпін алу, қашықтық бойынша жүгіру, мәреге жету.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды белсенділікке, патриоттыққа, болжай білуге, өз ойын жеткізуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, физика, жас өспірімдер физиологиясы.

Бастапқы білім


Лақтыру түрлерін меңгерді.


Сабақ барысы

Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,

Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10мин


Дайындық бөлімі.

Білім алушылардың сәлемдесіп зейінін шоғырландырып,бірге сабақ мақсаттарын/ОМ/ анықтап алу. Техника қауіпсіздігі. Спорттық киімдеріне назар аудару. Жаңасабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.


Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.





















Кең алаң

Ысқырық,секундомер,

гимнастикалық орындық,жалауша


Сабақтың ортасы

25мин

(С, Т)8-10 адамнан тұратын 3-4 команда бір-бірден сапқа тұрады. Әрбір саптың алдында бір гимнастикалық орындық болады (тақтайы жоғары қараған). Белгі бойынша бірінші ойыншылар тақтаймен жүгіріп өтеді, қабырғаға дейін жүгіреді және оған қолынт тигізіп, кері қайтады. Екінші ойыншы қайтып келген ойыншы оған қолын тигізгенде ғана жүгіреді. Тапсырманы орындаған оқушы саптың соңына тұрады.

(С, Ф)Сынып командаларға бөлінеді, олардың әрқайсысында капитан таңдалады. Командалар сөре сызықтарының артына – бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Командалар арасындағы арақашықтық – 20-30 м. Алаңның ортасында, ені 2-3 м жолақты шектейтін екі сызықтың арасында, шахмат тәртібінде жалаушаларды лақтырады.

Белгі бойынша ойыншылар жылдам жалаушыларға қарай жүгіріп, оларды барынша көп жинауға тырысады. Белгіленген уақыттан кейін команда бойынша балалар орындарына қайтып келіп, сапқа тұрады. Капитандар ойыншылар әкелген жалаушаларды жинап, санайды. Әрбір жалауша үшін бір ұпай есептеледі.

Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында білім алушыларға рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі секіру жаттығуларында оқушылардың қызығушылықтарын қолдап және үдерісін дамытып, дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап. Деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым.Деңгейі жоғары оқушылармен аралстырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беру, тапсырмалардың орындалу дағдыларын тексеру.


Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1818
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі