ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

УДК 376



Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Павлодар қ. Қазақстан



ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


Аңдатпа

Бұл мақалада есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі қарастырылады. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары сипатталып, қазіргі замаңғы жаңа заманауи технологияларға шолу жасалады. Сонымен қатар, есту қабілеті бұзылған балалардың оқу процесінде қолданылатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз етулер мен қосымшалар талданады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласындағы ықпалы мен оларды тиімді қолдану әдістері қарастырылады.

Түйін сөздер: ақпараттық технологиялар, компьютерлік технологиялар, есту қабілеті бұзылған балалар, ақылды айна.


Аннотация

В данной статье рассматривается роль информационных технологий в обучении детей с нарушениями слуха. Описываются преимущества использования информационных технологий и проводится обзор новых современных технологий нынешнего времени. Кроме того, анализируются специализированные программные обеспечения и приложения, используемые в образовательном процессе детей с нарушением слуха. Рассматривается влияние информационно-коммуникационных технологий на сферу образования и методы их эффективного применения.

Ключевые слова: информационные технологии, компьютерные технологии, дети с нарушениями слуха, умное зеркало.



Abstract

This article examines the role of information technology in the education of children with hearing impairments. It describes the advantages of using information technologies and provides an overview of new modern artificial of the present time. Additionally, it analyzes specialized software and applications used in the learning process of children with hearing loss. The impact of information and communication technologies on education and methods for their effective implementation are also considered.

Key words: information technology, computer technology, children with hearing impairments, smart mirror.








Тез өзгеріп жатқан әлем жағдайында, технологиялардың үнемі дамып, күрделенуі білім беру саласының ақпараттандырылуына айрықша маңыз береді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру тәрбиешілерге педагогикалық тәжірибеге жаңа әдістерді, тәсілдерді және технологияларды кеңінен енгізуге жол ашады. Бұл тәрбие, оқыту және түзету процесін жандандыру мен инновациялық идеяларды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы цифрландыру үдерісінің кең таралуына байланысты компьютерлер өмірдің көптеген салаларында, соның ішінде білім беру жүйесінде қолданыла бастады. Бұл оқыту мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологиялар (АТ) – бұл мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және таратуға арналған әдістер мен техникалық құралдар кешені, оның ішінде компьютерлік жүйелер мен телекоммуникация құралдары. Компьютерлік технологиялар (КТ) – ақпараттық технологиялардың бір түрі, өйткені ақпараттық процестердің басым бөлігі компьютерлік құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) да ақпараттық технологиялардың маңызды бөлігін құрайды [1].

Ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізде, көптеген салаларда жиі қоладнылады. Оқу жағын қарастырсақ, қазіргі кезеңдегі білім беруді жаңғыртудың маңызды шарттарының бірі – оқу процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу. Бұл технологияларды білім беру жүйесінде қолдану оқытудың мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, ақпараттық қоғам жағдайында оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, білім берудің жаңаруы мен индивидуализациясын жүзеге асыруға, оқу үдерісін жеделдетуге және оның сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Барлық жағымды әрі пайдалы жақтарын қарастыра, бұл қазіргі кезде өмірде, әсіресе білім беруде ажырамас бөлігіне айналды. Осы орайда ғалымдар ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесіндегі рөлін жан-жақты зерттеп, олардың педагогикалық мақсаттарын айқындауға тырысуда. Солардың бірі – И.В. Роберт, ол ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі педагогикалық мақсаттарын төмендегідей бөліп көрсетеді:

Білім беру процесінің тиімділігі мен сапасына әсер ететін көрсеткіштерді арттыру;

Танымдық белсенділікті күшейту;

Қажетті ақпарат көлемін ұлғайту және оны іздеуге кететін уақытты қысқарту [2].

Жалпы білім берумен қатар, ақпараттық технологиялар коррекциялық оқытуда, яғни ерекше қажеттіліктері бар балалармен, соның ішінде есту қабілеті бұзылған балалармен кеңінен қолданылады. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы танымдық белсенділікті қалыптастыру – мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Білімді саналы әрі берік меңгеру белсенді ақыл-ой әрекеті барысында жүзеге асады. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен әлеуметтік бейімдеу жүйесінде ерекше маңызды рөл атқарады, себебі бұл балалар үшін негізгі анализатор – көру қабілеті. Сонымен қатар, АКТ әртүрлі деңгейдегі бақылау жұмыстары, тесттер, карточкалар, кестелер мен плакаттар дайындауда таптырмас құрал болып табылады [3].

Ақпараттық технологияларды қолдана отырып өткізілген сабақтар оқушылар үшін қызықтырақ өтеді, нәтижесінде білімді меңгеру тиімдірек болады. Оқу материалының қолжетімділігі мен көрнекілігі артады, ал есту қабілеті төмен балалар үшін көру арқылы қабылдау таным процесінде маңызды рөл атқарады.

Шетелдік зерттеушілер ақпараттық технологияларды пайдаланудың келесі артықшылықтарын атап өтеді:

Оқытудың индивидуализациясы және өз бетінше даму мүмкіндігі – әр бала өзінің оқу қарқынына сәйкес білім ала алады, бұл әсіресе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін маңызды;

Жедел кері байланыс алу интерактивті бағдарламалар мен құрылғылар арқылы оқушы өз әрекеттерінің нәтижесін бірден көріп, түзету енгізе алады:

Оқытудың кезең-кезеңмен жүргізілуі және материалды қысымсыз қайталау мүмкіндігі – әр тақырыпты бірнеше рет қайталап, оны толық меңгеруге мүмкіндік береді;

Психологиялық тұрғыдан жайлы орта қалыптастыру;

Мотивацияны арттыру және көру-кинестетикалық дағдыларды дамыту – анимациялар, интерактивті тапсырмалар мен ойын элементтері оқыту п процесін қызықты әрі тартымды етеді;

Оқушылардың сенімділігін арттыру және ауызша сөйлеуді қолдануға ынталандыру – арнайы бағдарламалар дыбысты күшейту, сөйлеуді тану және модельдеу арқылы баланы белсенді коммуникацияға ынталандырады.

Демек, оқу саласында жағымды ықпал етуіне қарағанда, ақпараттық технологиялар арнайы білім беру саласында мұғалімдердің оқыту үдерісін оңтайландырып, оқушылар үшін қолайлы жеке оқыту ортасын құруға мүмкіндік береді. Бұл олардың білім алу процесіне деген қызығушылығын арттырып, жетістікке жетуге ынталандырады [2].

Ал, егер, есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеудің ерекшелігіне келсек, бұнда, – көп көлемдегі көрнекі (иллюстрациялық) және сөйлеу (кестелік) материалдарды қолдануды, сонымен қатар көптеген ұғымдарды, әсіресе әрекетке байланысты ұғымдарды бірнеше рет қайталап түсіндіруді талап етеуі басым рөлге ие. Компьютерлік техника сөйлеу материалын көрнекілікпен байланыстыруға үлкен мүмкіндік береді. Алайда, компьютер тәрбиешіні толықтай алмастырмай, тек көмекші құрал ретінде қолданылуы керек.

Педагог әртүрлі қызмет түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың (АКТ) мүмкіндіктерін қолдана отырып, мектепке жастағы балалардың дамуына үлес қоса алады. Мысалы:

Мультимедиялық презентациялар – оқыту мен дамыту материалдарын жарқын, тірек бейнелер жүйесінде, нақты құрылымдалған, реттелген ақпарат түрінде ұсынуға мүмкіндік береді.

Фото және бейне экскурсиялар – бөлмеден шықпай-ақ, қала немесе ел шекарасынан тыс нысандармен танысуға жол ашады.

Танымдық бейнефильмдер – ұйымдастырылған оқу қызметінде, күн тәртібіндегі сәттерде, рөлдік ойындарға дайындық кезінде қолданылып, білімді жүйелеу мен жинақтауға көмектеседі.

Бейнежұмбақтар – есте сақтау қабілетін, қиялды, ассоциативті және категориялық ойлауды дамытады.

Көзге арналған жаттығулар, таңғы жаттығулар, сергіту сәттері – баланың көңілін басқаға аударып, шаршауын басып, күшін қалпына келтіреді және салауатты өмір салтын үйретуге ықпал етеді, жағымды эмоциялар туғызады.

Дамытушы, үйретуші мультфильмдер – балалардың шығармашылық қабілетін ашып, жаңа білімді қызықты түрде меңгеруге көмектеседі.

Компьютерлік дамытушы, оқыту бағдарламалары – танымдық белсенділікті арттырып, дербестікті, өз күшіне сенімділікті дамытады, ой-өрісті кеңейтеді, сөздік қорды байытады, логикалық ойлау мен көру, есту жадын, зейінді шоғырландыруды жақсартады.

Компьютерлік дамытушы ойындар – мектепке дейінгі балалардың танымдық үдерістерін дамытуға, өткен материалды бекітуге арналған.

Білімді бекіту мен тексеруге арналған тесттер – ойын түрінде тексеру жүргізуге, зейін мен есте сақтауды дамытуға, логикалық ойлау мен тұжырым жасау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Тәрбие-білім беру процесін жоспарлау кезінде АКТ-ны түрлі формаларда қолдану – сабақтарды қызықты әрі тартымды етеді, ал сөйлеу материалы есту қабілеті шектелген балалар үшін анағұрлым қолжетімді болады. Алайда, бағдарламаның талаптарын, балалардың ауызекі сөйлеу деңгейін, психофизиологиялық ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін ескеру қажет. Есту қабілеті бұзылған балалар өздеріне тән жас ерекшеліктерімен, жеке қабылдау жүйесімен (көру, есту), танымдық қабілеттердің төмен даму деңгейімен, мотивациялық ерекшеліктерімен, тұрақсыз психоэмоционалды жағдайымен, төмен жұмыс қабілеттілігі және тез шаршағыштығымен ерекшеленеді. Сондықтан АКТ қолдану барысында баланың денсаулығына ерекше көңіл бөліп, келесі ұсыныстарды сақтау маңызды:

көзге арналған жаттығулар мен сергіту сәттерін ұйымдастыру;

АКТ-ны қолданатын сабақтардың уақыты – таңертеңгі кезең (екінші жарты күнде – шектеулі түрде);

АКТ-мен жұмыс жасауға оңтайлы күндер – сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі (дүйсенбі – рұқсат етілген);

презентация дайындау талаптары: фон, иллюстрациялар, сөйлеу материалы (қаріп, орфоэпия), анимациялық эффектілер.

Техникалық құралдарды сауатты пайдаланып, оқу процесін дұрыс ұйымдастырған жағдайда, АКТ-ны денсаулыққа зиян келтірмей-ақ кеңінен қолдануға болады [4].

Ақылды айна: сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арналған инновациялық шешім

Бүгінгі таңда логопедиялық көмекке мұқтаж балалар саны артып келеді. Сөйлеу тілінің дамуы кешеуілдеген, дыбыстарды бұрмалап айтатын немесе мүлде сөйлемейтін балаларға сапалы әрі нәтижелі көмек көрсету — әрбір маманның басты міндеті. Осындай жағдайларда жаңа технологиялар көмекке келеді. Соның бірі — Ақылды логопедиялық айна. Ақылды айна дегеніміз не? Ақылды айна — бұл кәдімгі айна мен заманауи технологиялардың үйлесімі. Ол сенсорлық экранмен жабдықталған, интерактивті оқу бағдарламалары мен ойындар орнатылған құрылғы. Бұл айнада бала өз бейнесін көре отырып, сөйлеу дағдыларын дамытады, артикуляциясын түзетеді, ал сиқырлы әлем кейіпкерлері оған түрлі тапсырмалар беріп, бағыт-бағдар көрсетеді. Ақылды айнаның басты ерекшелігі — ойын арқылы үйрету. Баланың қызығушылығын ояту арқылы мотивациясы артады, ал сабақ өздігінен білім мен дағдыны қалыптастыру алаңына айналады.

Сурет 1. Ақылды айна. Артикулляциялық жаттығулардың ойын және анимация негізінде өткізілуі.

Құрылғыда қолданылатын технологиялар (тыныс алу, сөйлеу, қимыл, шапалақ арқылы әрекетке жауап беру) баланың кері байланысты нақты уақытта алуына мүмкіндік береді. Яғни, бала дұрыс дыбыстау кезінде айнадан мақтау немесе анимация түріндегі қолдау алады. Бұл — өзін-өзі бақылау мен жетістікке жету сезімін қалыптастырудың тиімді жолы.


Сурет 2. Тыныс алу жаттығуларының микрофон арқылы бейнелердің қозғалуымен әрекеті.

Ақылды айнаның мүмкіндіктерін нақтырақ қарастырайық:

Интерактивті тапсырмалар: дыбысты дұрыс айту, буынға бөлу, тыныс жаттығулары, сөйлеу моторикасын дамыту;

Персонализация: әр баланың жасына, сөйлеу деңгейіне және жеке ерекшеліктеріне бейімдеу;

Экранды жазу функциясы: сабақ барысын жазып, ата-анаға көрсетуге немесе логопедтің өз жұмысын талдауға мүмкіндік береді;

Көрнекілік пен ойын әлемі: мультфильм кейіпкерлері, жарқын бейнелер, сиқырлы тапсырмалар баланы зеріктірмей, үнемі ынталандырып отырады;

Сабақ құрылымын жеңілдету: логопедтің уақытын үнемдеп, сапалы әрі жүйелі жұмыс жасауға жағдай жасайды [5].

Бұл құрал сөйлеу тілінің әртүрлі бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеуде таптырмас көмекші:

дыбысты дұрыс айту бұзылыстары (дислалия, фонематикалық есту кемістігі),

сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеуі (ТТЖ),

балалар церебралды параличі (ДЦП),

аутистік спектр бұзылыстары (АСБ) және басқа да диагноздарда қолданылады.

Бұл құралдың аталған барлық мүмкіншіліктерін негізге ала отырып, ақылды айнаны есту қабілеті бұзылған балаларды да оқытуда қолдануға болады және өте тиімді құрал болып табылады. Себебі бұл құрылғының негізгі артықшылықтары мен функциялары дәл осы санаттағы балалардың ерекшеліктеріне сай келеді.

Неліктен Ақылды айна есту қабілеті бұзылған балалар үшін пайдалы?

1. Көрнекілік пен визуалды қолдау. Есту қабілеті шектеулі балалар үшін көру – негізгі ақпарат көзі. Ақылды айнада:

Жарқын анимациялар,

Ерін, тіл, жақтың қозғалысын бақылайтын функциялар,

Визуалды нұсқаулар мен қолдау материалдары қолданылады.

Бұл баланың артикуляцияны дұрыс көруі мен қайталауына мүмкіндік береді.

2. Ойын арқылы үйрету. Есту кемістігі бар балалар жиі мотивациялық қиындықтармен кездеседі. Ақылды айнадағы ойын форматы:

Сабақты қызықты етеді,

Бала белсенді қатысады,

Жетістік сезімі арқылы алға ұмтылады.

3. Интерактивті кері байланыс. Балалар дыбысты өздері ести алмаса да, айна визуалды түрде (жарық, анимация, кейіпкердің реакциясы арқылы) дұрыс немесе қате айтылған дыбыстарға жауап береді. Бұл естусіз-ақ сөйлеуді дамытуға көмектеседі.

4. Сабақты жазу мүмкіндігі. Сабақ барысын бейнежазба арқылы тіркеуге болады. Бұл ата-аналарға немесе сурдопедагогтарға баланың жетістіктерін бақылауға мүмкіндік береді.

5. Жеке бейімдеу. Құрылғыны әр баланың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес икемдеуге болады — бұл өте маңызды, себебі есту қабілеті бұзылған балалардың даму деңгейі әртүрлі болады.

Ақылды айна — бұл тек құрылғы емес, логопед пен бала арасындағы көпір, сөйлеу тілін дамытудың заманауи, тиімді және қызықты тәсілі. Сонымен қатар, ол— есту қабілеті бұзылған балаларға логопедиялық және тілдік көмек көрсетудің жаңа сапалы деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін заманауи құрал. Ол сөйлеуді көрнекілік арқылы үйретіп, баланың қызығушылығын арттырып, өзіне деген сенімділікті қалыптастырады [6].

Ақпараттық технологиялар арқылы есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеуін дамытуға арналған зерттеу жұмысы

Зерттеу объектісі – бастауыш мектептегі есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеуін дамыту процесі.

Зерттеу пәні – есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеуін дамыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану.

Зерттеудің мақсаты:

Бастауыш мектептегі есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамыту үдерісіне ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу, оларды оқу тәжірибесінде пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.

Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

1. Бастауыш мектептегі есту қабілеті бұзылған балалардың даму ерекшеліктерін сипаттау.

2. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған коррекциялық педагогикада қолданылатын бар ақпараттық технологияларды талдау.

3. Есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеуін дамытудың тиімді ақпараттық технологиялық құралдарын анықтап, қолдану.

Зерттеу әдістері:

- теориялық (осы мәселе бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау);

- эмпирикалық.

Зерттеу болжамы: Есту қабілеті бұзылған балалармен коррекциялық оқыту процесі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы қиындықтарды атап өтіп, балалардың есту кемістігі мен есту қабілеті нашар балаларға арналған бейімделген бағдарламаның талаптарын ескере отырып, ең тиімді компьютерлік бағдарламалар жүйеленсе, нәтижелі болады.

Зерттеу нысаны мен өткізу орны:

Зерттеу нысаны ретінде есту қабілеті бұзылғанбастауыш сынып оқушылары алынады. Зерттеупроцесі «Арнайы кешенді балабақша – мектеп – 1 мектеп-интернат» КММ жүргізіледі. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған әдістемелер мен техникалық құралдар кешенін зерттеу оқу процесінде қолданылатын құралдардыс ынақтан өткізу негізінде жүзеге асырылады.

Зерттеу барысында ақылды айна мен аудиокласс сынды ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы 6–7 жастағы есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелік жұмыс нәтижелері қарастырылады. Зерттеу Павлодар қаласындағы арнайы мектеп-интернатта 3 апта бойы жүргізілді. Қатысушылар — есту аппараты мен кохлеарлы импланты бар 6 бала.

Мақсаты: Ақылды айна арқылы сөйлеу қабілетін дамытып, дыбыстық қабылдау, артикуляция, сөйлеу белсенділігі деңгейлерін арттыру.

Зерттеу кезеңдері:

 1. Диагностикалық кезең: Бастапқы сөйлеу деңгейін анықтау.

 • Дыбысты қабылдау — 40%

 • Артикуляция дұрыстығы — 30%

 • Сөйлеу белсенділігі — 3/10

 2. Негізгі жұмыс: Зерттеу жұмысының негізгі кезеңінде балалармен күн сайын 20–30 минут аралығында логопедиялық сабақтар өткізілді. Жұмыс барысында ақылды айна, аудиокласс, және интерактивті тақта секілді ақпараттық технологиялар қолданылды. Жаттығулардың мазмұны сөйлеу қабілетінің төрт негізгі компонентін дамытуға бағытталды: дыбыстарды дұрыс айту, сөйлем құрау, дыбыстық ажырату және интонация.

1. Жаттығу: “Қысқы сөздерді дұрыс айту”

Мақсаты: Артикуляция дағдыларын жетілдіру.

 • Балаларға қыс тақырыбындағы суреттер көрсетілді (қар, аяз, шана, аққала).

 • Әр сөз айна арқылы қайталанып, дыбыстың дұрыс айтылуы бақыланды.

 • Аудиокласс арқылы эталондық үлгі тыңдалып, бала өз айтылымын салыстырды.

 • Ақылды айна арқылы дыбыстың дұрыс айтылуы визуалды түрде көрсетіліп, қателер түзетілді.

2. Жаттығу: “Сөйлем құрастыру”

Мақсаты: Сөздерді байланыстырып, қысқа мағыналы сөйлем құрау.

 • Балаларға тақырыптық сұрақтар қойылды (“Қыста не жауады?”, “Қыс мезгілінде балалар не істейді?”).

 • Әр бала айнаға қарап сөйлем құрастырды (“Қар жауып тұр”, “Балалар сырғанап жүр”).

 • Сөйлемнің құрылымы, интонациясы және дауыс екпіні түзетіліп отырды.

3. Жаттығу: “Дыбыстық ажырату”

Мақсаты: Ұқсас дыбыстар мен сөздерді ажырату.

 • Аудиокласс арқылы сөз жұптары тыңдатылды (“қар” – “қарға”, “шана” – “шанау”).

 • Балалар әр сөзді айна алдында қайталап айтып, дыбыстық айырмашылықтарын үйренді.

 • Қиын сөздерге арнайы артикуляциялық жаттығулар жасалды.

4. Жаттығу: “Интонацияны дамыту”

Мақсаты: Сөйлеу ырғағы мен дауыс екпінін дұрыс қолдану.

 • Қысқа сөйлемдермен жұмыс жүргізілді (“Қар жауады”, “Қыс келді”).

 • Балалар сөйлемдерді алдымен тыңдап, кейін интонацияға көңіл бөліп қайталап айтты.

 • Ақылды айна арқылы сөйлеу барысындағы ырғағы мен дауыс биіктігіне назар аударылды.

Барлық жаттығулар әр баланың сөйлеу деңгейіне қарай бейімделіп, жеке және шағын топтарда өткізілді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ойын элементтері мен визуалды материалдар қолданылды.

 3. Аралық бақылау (2-апта):

 • Дыбысты қабылдау — 65%

 • Артикуляция — 55%

 • Сөйлеу белсенділігі — 6/10

 4. Қорытынды диагностика (3-апта):

 • Дыбысты қабылдау — 80%

 • Артикуляция дұрыстығы — 75%

 • Сөйлеу белсенділігі — 8/10

Нәтижелер:

 • Сөйлеу анықтылығы 30%-ға жақсарды.

 • Сөздік қор орта есеппен 25%-ға артты.

 • Интонация мен сөйлеу ырғағы 40%-ға жақсарды.

 • Барлық балалар дыбыстарды дұрыс айта және ажырата бастады.


Д
иаграмма
1- Зерттеу нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіштері


Қорытынды: Ақылды айна мен аудиокласс құралдарының қолданылуы есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу қабілетін жақсартуға мүмкіндік берді. Артикуляциялық дағдылар дамып, сөйлеуге деген қызығушылық пен мотивация артты. Бұл құралдарды арнайы білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмыстарда жүйелі қолдану ұсынылады.

Компьютерді есту қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларын оқытуда қолдану – бұл жұмыс істеуді қалайтын әрі шын мәнінде балаға көмектесуге дайын адамдар үшін шығармашылық қабілеттілікті көрсетудің үлкен алаңы. Бұл – бүгінгі балаларды, олардың сұранысы мен қызығушылықтарын түсінуге мүмкіндік, балаға деген сүйіспеншілікті іске асыру жолы. Алайда, сабақ барысында компьютерді қолданғанда, біз тек білім беріп қана қоймай, баланың денсаулығын сақтау жауапкершілігін де естен шығармауымыз керек. Есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру саласында ақпараттық технологияларды қолдану келесі талаптарды ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс: – жаңа материалды меңгеру барысында көрнекі материалдың көп мөлшерде қолданылуы; – оқу ақпаратының мөлшерін оңтайлы реттеу; – оқушылардың қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес материалды баяу әрі түсінікті қарқында ұсыну; – сөздік қорын жүйелі түрде дамыту бойынша жұмыс жүргізу; – бейімделген оқу мәтіндерін қолдану (қысқа және қарапайым сөйлемдер, түсініксіз сөздердің ең аз мөлшері және т.б.). Осы талаптардың қолданылу негізінде, АҚТ-ның тиімділігі одан әрі артады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мухина, Ю. Р. Соотношение понятий «информационные технологии» и «современные информационные технологии» в обучении / Ю. Р. Мухина // Молодой ученый. — 2009.

2. Роберт, И. В. (2008). Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы, перспективы использования. Москва: Издательский центр «Академия».

3. Залилова С.Р. Использование средства ИКТ в обучении слабослышащих детей / С.Р. Залилова // Infolesson 2022.

4. Салмина А.Ю. Применение ИКТ в работе с дошкольниками, имеющими нарушения слуха / А. Ю. Салмина. // Образование и воспитание. — 2022. — № 5 (41).
5. https://playstand.ru/products/umnoe-zerkalo-artikme/

6. https://dostupsreda.ru/catalog/inklyuzivnoe-obrazovanie/kabinet-logopeda/zerkala-logopedicheskie/umnye-zerkalo-dlya-logopeda

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.04.2025
166
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі