Материалдар / Есту қабілетін дамыту. "Көліктер"

Есту қабілетін дамыту. "Көліктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Есту қабілетін дамыту
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Көліктер»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Есту қабілетін дамыту.

Сабақ түрі: Топтық сабақ

Қатысушылар:

Қуаныш Гүлім-4 жас

Нәби Жомарт-5 жас

Жолдыхожаева Гүлниса-5 жас

Жолдасбек Диана-4 жас

Жас ерекшеліктері: 4-5 жас

Бала бұзылыстарының күрделілігі:

Қуаныш Гүлім-Екі жақты есту қабілетіннің бұзылысы, Кохлеарлы импланты бар, жалпы сөйлеу тілінің дамымауының І – дәрежесі.

Жолдасбек Диана-психосөйлеу дамуының тежелуі

Нәби Жомарт-жалпы сөйлеу тілінің дамымауының І –дәрежесі.

Жолдыхожаева Гүлниса- оң жақты есту қабілетінің бұзылысы, сөйлеу тілінің дамымауының ІІІ дәрежесі


Мақсаты:

Білімділік: Адам өмірі мен еңбегінің жеңілдететін көліктің маңызын білуге үйрету.Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру,  аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету. Жалпы көліктің не үшін қажет екенін ұғындыру.

Түзете-дамытушылық: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Есту қабілетін дамыту, көріп-естіп ажыратуға үйрену.

Тәрбиелік: Өз-өзіне қызмет етуіне, қоғамдық орындарда жүріп-тұруына тәрбиелеу,ұжыммен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Көшеде жүру ережелерімен таныстыруды жалғастыру. Көлік жүргізушісінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Әдіс—тәсілдері: Сөздік, көрнекілік, ойын.

Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, ойыншық машина түрлері,жол ережелеріне байланысты кілемшелер мен жол жүру белгілері.

Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық, қызметтік көліктер

Әрекет кезеңі

Педагогтың   іс-әрекеті

Балалардың әрекеті

  Мотивациялық-қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы-ізденуші

 

 

 

 

Рефлексивтік-түзетуші

 

- Балалар сендер күннен күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің  керек, солай  ма?

- Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетімізді бастайық.

Жылулық шеңбер

-Сәлем, саған алтын күн!
-Сәлем, саған көк аспан!
-Сәлем, саған жер ана!
-Сәлем, саған достарым!
-Сәлеметсіздер ме, қонақтар.

Бізде бүін сыйлырлы қорапша бар. Кәне, ашып көрейікші, не бар екен?

Түстерін атайықшы



- Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің  төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап  беріп, жұмбақтар шешеміз.

- Көлік дегеніміз не?

- Ол адамға неге қажет?

- Сендер сабаққа қандай көлік түрлерімен  келесіңдер?

- Ал енді, мен жұмбақ жасырамын.

   Жұмбақтар

1.  Тізбектелген көп үйлер,
Көшіп жүрген көк үйлер.

2.  Құс сияқты құс емес,
Жүрсе де тым биікте.
Қақпайды бір қанатын
Жүрсе де тым биікте

3.  Қос күрекпен еседі,
Су көлігі деседі.

4. Жүргізуші  жүргізеді,
Төрт аяқты батырды.

- Балалар, мына суреттерге қараңдаршы.  Көліктердің қандай түрлері болады?



Әңгіме: «Көліктер».

  Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас  жасау үшін пайдаланады. Көліктердің төрт  түрлері бар. Олар:

   1. Әуеде ұшатын көліктер:
   2. Суда жүзетін көліктер:
   3. Жерде жүретін көліктер:
   4. Темір жол көліктер:

 Ал енді, балалар, осы көліктерді танысайық.

  Ерте, ерте, ертеде адамдар алыс жерлерге  жануарлар арқылы және жануарларға жегілген  екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Кейінірек адамдар машина, автобус сияқты жерде жүретін көліктерді, содан кейін темір жол көліктері: пойыз, трамвайды ойлап апқан.

- Балалар, сендер құс сияқты ұшқыларың келе ме?  Міне, адамдар түрлі жолдарын ойластырған, ең алдымен әуе шары пайда болды да, кейін моторы бар ұшақтар мен тік ұшақтарды ойлап тапты.

- Балалар, сендер суда жүзіп көрдіңдер  ме?

- Ал қайықпен ше?

- Адамдар ертеде үлкен өзендерден бөренелер  арқылы жүзіп өткен. Қайықтарды, кемелерді уақыт өте ойластырып тапқан.

-Ал енді, балалар, сергіту сәтін жасап бір сергіп  алайық.

            Сергіту сәті

Дидактикалық ойын:

          «Сыңарын» ойыны

Балаларға көлік түрлері және көлікті кім басқаратыны туралы суреттер беріледі. Балалар сәйкесінше жұбын табу керек

-Балалар, жедел жәрдем көлігі кімдерге қызмет  етеді.

-Жол полициясы қандай қызмет атқарады?

-Өрт сөндіретін машина қандай қызмет  көрсетеді?

-Автобус, пойыз, ұшақ не үшін керек?

-Дұрыс айтасыңдар, машина жүргізетін адамды  кім деп атауға болады?

-Пойызды жүргізетін адамды кім деп айтамыз?

-Ұшақты кім басқарады?

Жарайсыңдар балалар.

Ал енді,  балалар,  бүгінгі ұйымдастырылған  іс-  әрекетімізді құрастыру сабағымен жалғастырайық.

«Көлік құрастыру». 

Қиылған дайын көлік суреттерін үлгіге қарап,  құрастырады.

Ұжымдық  жұмыс.

   Балаларға жол түрлері (әуе жолы, жер және су жолы ) шеңбері беріледі. Балалар жол түрлеріне қарай көлік түрлерін сәйкестендіреді.

Д/О: “Ненің дыуысы?”

Сонда бұл ненің дыбыстары болды екен?

Дұрыс айтасыңдар

Балалар көліктердің түрлері өте

көп.Көліктер жерде, әуеде, суда жүреді

екен



Қорытынды:

-Көліктің қандай түрлері болады?

-Адамға көлік не үшін қажет?

-Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?

-Не құрастырдыңдар, балалар?

Жарайсыңдар, балалар!

Осымен бүгінгі  іс- әрекетіміз аяқталды.  Балаларды мақтау-мадақтау.

 

 

-Ия

 

-Балалар өлең жолдарын қайталайды

 









- тікұшақ
- Машина

Сары, қызыл, ақ

 





- Балалар суреттерге  қарап көліктердің  түрлерін айтады.

- Ұшақ, тікұшақ, зымыран

- Кеме, қайық,

-Жедел жәрдем, өрт сөндіру, жеңіл машина

-Трамвай, пойыз

 

-Балалардың жауабы.

 

-Әуенді қайталап, іс-қимыл жасайды.

 

 

-Бағдаршам.

 

     

- Қызыл  көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары  көзін  ашқанда,

Қарап  қалма  аспанға.

Жасыл  көзін ашқанда,

Өте бергін  жасқанба.

 

-Жол  апаты  болмау  үшін.

 

   



-Бип-бип,бип  дейді.

Жолдан  былай   кет –дейді.

Күшікті  басуға, басуға,

Болмайды,  болмайды машина.

Бип-бип-бип

-Балалар қызыға  ойнады, ойын бірнеше  рет қайталанады.



-











Балалардың жауабы.

 

-Ауырып  қалғандарға.

-Жол  тәртібін қадағалайды.

-Өрт  болған  жағдайда.

 

-Ұзақ  сапарға  . шыққанда керек.



- Жүргізуші.

- Машинист.



- Ұшқыш

 

Балалар  қандай көлік түрін   құрастырғанын айтып,   талдайды.

 





Балалардың  жауабы.

-Су, жер, темір  жол,әуе  көліктері.

-Алыс жерлерге  бару  үшін  керек.

 

-Жол  апаты  болмау  үшін.

 




Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Көлік түрлерін ажыратып, қызметін біледі.

Нені игерді: Барлық көліктер адамға қызмет етеді. Көліктің түрлерінің өзгеріп, көбейюі адамның қиялына, шығармашылығына байланысты  екен.

Меңгерді: Көліктердің сыртқы құрлысы мен қызметіне қарай ажыратады. Жолда жүру ережелерін сақтауды.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ