2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Етістік. 3-класс

Етістік. 3-класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні бойынша сабақ жоспары. Бұл жоспар бастауыш сынып мұғалімдеріне, жас мамандарға көмек ретінде ұсынылады. Жоспарда "етістік" тақырыбы бойынша сабақты өткізудің реті көрсетілген. Сабақ мақсаты - 1.Етістік туралы түсініктерін қалыптастыру, етістікті басқа сөз таптарынан айыра білуге машықтандыру. Өз бетімен жұмыс дағдысын жетілдіре түсу. 2.Адамгершілікке баулу. 3.Шығармашылық қабілетін дамыту.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

4 жалпы білім беретін орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі:

Камышева Сағираш Жангалиевна

Класы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:

1.Етістік туралы түсініктерін қалыптастыру, етістікті басқа сөз таптарынан айыра білуге машықтандыру. Өз бетімен жұмыс дағдысын жетілдіре түсу.

2.Адамгершілікке баулу.

3.Шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі: шығармашылық – ізденіс сабағы.

Сабақтың құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ақпараттық технология, түсіндіру, өз бетімен, шығармашылық, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың жоспары:

I.Психологиялық қалыпқа келтіру.

II.Жаңаны оқы, танып біл! – жаңа материалмен жұмыс.

III.Өзіңді-өзің жетілдір! – жаңа материалды игерту жұмыстары.

IV.Талпыныс! – шығармашылық-ізденіске жетелейтін тапсырмалар.

V.Өзіңді-өзің тексер! – жаңа материалды қорытындылау

VI.Бағалау.

VII.Үйге тапсырма

Сабақтың өткізілу барысы:

1)Психологиялық қалыпқа келтіру жаттығуы.

Шөліркемей гүл тұрсын.

Жерім жайнап, құлпырсын,

Нұрын сыйлап біздерге,

Көкте мәңгі күн тұрсын.

2)Жаңаны оқы, танып біл! – жаңа материалмен жұмыс.

а)Бейнефильм арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып алу. (Сұрақ жауап арқылы әңгіме жүргізіледі).


Мұғалім: Балалар, алдарыңыздағы бейнефильмнен не көріп отырсыңдар?

-Мынау кім? Ол не істеп жатыр? Көбелек не істеді? Ата не істеді?

-Балалар, жатты, ұшты, ұйықтай алмады, ойнады, зерікті деген сөздер нені білдіреді?

Балалар: Қимыл, іс-әрекетті.

Мұғалім: -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не екенін сездіңдер ме, балалар?

Балалар: -Иә. Етістік.

Мұғалім: -Етістіктің ережесін еске түсіріп қорытындылап жіберейік.

Балалар: -Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. не істеді? қайтты? – деген сұрақтарға жауап береді.

а)Оқулықпен жұмыс. Слайд-1

Жатқа жаз! Етістікті тауып астын сыз.

Ұнатады, мақтайды

Аппақ түстің бәрін ел,

Бізді аурудан сақтайды,

Ақ халатты дәрігер.

-Дәрігер мамандығы туралы не білеміз? – пікірлесу.

-Дәрігер сөзін тәуелдеу, сөз құрамына талдау.

3)Өзіңді-өзің жетілдір! – жаңа материалды игерту жұмыстары.

а. Оқулықпен жұмыс.

-2-жаттығу. Сен білесің бе?

-Оқу, етістікті тауып,қай сөз табымен байланысып тұрғанын айту.

-3-жаттығу. «Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу».

4)Талпыныс! – шығармашылық –ізденіске жетелейтін тапсырмалар орындалады.

а) Ұйқасын тап: Слайд-2

Ақыл көпке....

Өнер көкке....

Ақыл – дос,

Ашу - ......

ә) Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

5)Өзіңді-өзің тексер! – жаңа материалды қорытындылау.

6)Тест.

1.Етістік дегеніміз не?

А) Заттың атын білдіреді.

Ә) Заттың сынын, түр-түсін білдіреді.

Б) Заттың қимыл, іс-әрекетін білдіреді.

2.Етістікті тап:

А) Қиял, ақыл, ой.

Ә) Ойлады, жүгірді, күлді.

Б) Ауа, су, от.

3.Тәуелдеулі зат есімді тап:

А) үйім

Ә) кітапты

Б) қуаныш

4.Етістікпен тіркескен зат есімді тап.

А) кітап оқыды

Ә) қиын тапсырма

Б) сағыныш сазы

5.Туынды зат есім қайсысы:

А) ұшқыш, ақылшы.

Ә) қалам, қанат.

Б) ақын, ой

7) Бағалау

8) Үйге тапсырма: 5 – жаттығу.



13 Маусым 2018
685
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі