400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Етістіктің шақтары. Өткен шақ

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өткен шақ қимылдың іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенің білдіретінің түсіндіру.

Дамытушылық: балалардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөз байлығын, сөйлеу мәдениетін, ойлау естеу сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: ізденімпаздықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті түсіне білуге, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмыстары, шығармашылық тапсырмалар орындау.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, суреттер, плакат.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері

Ортада шеңбер жасап, «Менің Отаным» тренингін орындаймыз

  • Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;

  • Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;

  • Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

  • Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

  • Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

  • Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!

Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық. Стикерге өзіміздің бойымыздағы жаман қасиеттерді жазып сандықшаға салайық.

Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі арқылы жыл мезгіздеріне топтастыру

1-топ. Қыс

2-топ. Көктем

3-топ. Жаз

4-топ күз
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
30 жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құру.

ІІІ. Сұрақ – жауап.
Балалар, жылдың қай мезгілі? (қыс)
Қыс
та ауа райы қалай өзгереді?
Күн суытады, қар жауады, боран соғады, қырау түседі, аяз шымшылайды, су қатады.
Енді өздерін айтып шыққан сөздерін сөз таптарының қайсысына жатады.
Етістік.
Етістік дегеніміз не?
Етістіктің жіктеліуі?
Етістіктің неше шағы бар?

ІҮ. Жаңа сабақ.

Бүгін өтетін жаңа сабағымыз тақырыбы: «Өткен шақ». Өткен шақ етістіктер, іс-әрекеттің бұрын болғанын білдіреді: оқыды, келіпті, жазыпты.
Өткен шақ етістіктер не істедім? не істедің? не істеді? деген сұрақтарға жауап береді.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
Тоқыды, салды, барды.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған етістіктер қашан болған істі білдіріп тұр?

36-жаттығу

ЖЫЛ ҚҰСТАРЫ

Өтті күндер боранды

Аязды күн жоғалды.

Көктемді ертіп соңына

Жыл құстары оралды.

Қар көркіді су болып,

Сулар ұшты бу болып.

Мал да төлдей бастады,

Үйдің маңы шу болып.

Аязды күн өтті енді,

Шуақты күн жетті енді.

Жауқазынмен қаулаған

Қарсы алдық біз көктемді


3
7- жаттығу. Жіктеуді сәйкестендіріп жаз. Топтық жұмыс.Төрт топқа төртеуі беріледі. Әр топ өздеріне берілген тапсырманың сәйкесін тауып жазады.


Мен биле ді
Сен биле дім
Сіз биле дің
Ол
биле діңіз

Біз биле діңіздер
Сендер биле ді
Сіздер биле дік
Олар биле діңдер

Мен оқы дыңыз

Сен оқы дым

Сіз оқы ды

Ол оқы дың

Біз оқы дыңыздар

Сендер оқы дық

Сіздер оқы ды

Олар оқы дыңдар


38- жаттығу.Берілген етістіктерді өткен шаққа қойып сөйлем құрап жаз. Төрт түсті конвер ішіне сөз жазылған парақтар беріледі. Әр топ бір конверттен алып ішіндегі сөзге сөйлем құрап жазады.

Оқы, қатыс, біл, кел

39-жаттығу.Әңгімені көшіріп жазып, алғашқы екі сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
Етістіктерді тауып, қай шақ екенін айту.
Аяжан атасының ауылына келді.
(І )Жолда оған Ораз кездесті. (ІІ) Ол Аяжанды атасының үйіне



дейін апармақ болды.(ІІІ ) Аяжанның ауыр чемоданын көтеріп алды.( IV)
40- жаттығу. Екі бағандағы етістіктерді салыстырып олардың бір бірінен өзгешеліктерін дәлелдеу.

танысты танысып жатыр
үйренді
үйреніп жүр
шақырды
шақырып тұр
тыңдады
тыңдап отыр

42-жаттығу. Кестені толтыр. Жеке жұмыс

Қазір орындалып тұрған қимыл


Бұрын орындалып кеткен қимыл




Ү. Сабақты бекіту.

«Тез ойла, сөз ойла» ойынын ойнап жіберейік.
І топ.
… құлындайды. (Бие)
ІІ топ.
… қоздайды.(Қой)
ІІІ топ.
… боталайды.
(Түйе)

IV топ.

... төлдейді (мал)

Кері байланыс. «Пирамида» құрастыру

ҮІ. Үйге тапсырма.
41- жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жазбаша жауап жазу.
ҮІІ. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.



Күні: 21.02.2017ж. Қолы:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1674
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі