Етістіктің шақтарын оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер
Сабақтың дұрыс өтуіне, нәтижелі болуына әсер ететін бірнеше факторы
бар. Олардың барлығы да мұғалім сабақтың мазмұнына сай оқушылардың
іс- әрекетін қаншалықты үйлестіре алуына қарай өзіндік тиісті мәнге
ие болады. Ал, сыныптағы балалардың білім, білік өрісіне
сәйкестендірілмеген оқыту формалары жасанды жұмыс түрінен аса
алмайтыны анық. Сондықтан жаңа нәрселер жат болып қабылданбас үшін,
әр жаңаның бойында осыған дейін қолданылып келген әдіс -
тәсілдердің белгілі бір элементтері орын алып келгенін ескеру
қажет. Әдетте, орта сыныптарда оқушылардың пәнге қызығушылығын
тудырудың бір тәсілі ретінде грамматикалық ойындарды ұйымдастыру
жиі аталып жүр. Дегенмен, ендігі жерде ойын түрлерінің ой
қалыптастыруға бейімделе жүргізілгені тиімді. Ребустар мен
сөзжұмбақ түзу, морфологиялық ұғымдар үздіксіз сөзтізбек жасату,
қызықты диаграммалар жасату, кестелер жасату, арнайы картотекалар
жасату т.б. сыныптағы жұмыстарда оқушының жарысуы мен ой тұжырымын
беруі қатар қамтылады. Әрі оқушылардың өіндік әрекеттеріне
негізделе орындалады.
Оқушылардың қазақ тілі сабағына ынта қоюын қалыптастырудың, яғни
тілдік тақырыптарды саналы түрде меңгеруінің басты қозғаушы
күштерінің бірі - пәннің практикалық мәніне үнемі назар аударып
оқыту. Бұл оқушылардың оқу мотивтерін оятудың, дамытудың мәйегі
болып табылады. Ал, мотив бар жерде әрекеттің де нәтижелі болары
сөзсіз.
Мотив оқушылардың білуге құштарлығынан, зейінінен және сабақтағы белсенділіктерінен байқалады. Сондықтан, олардың қызығушылығын қалыптастыру мынадай баспалдақтар арқылы жүргізілетіні тиімді:
1) Сабақтың қызықты болуы;
2) Тілдік білім – машықтардың қажеттіліктеріне көз жеткізу;
3) Тілдік білімге, машықтарға деген ішкі қажеттілікті дамыту.
Бұл үшеуін өзара үнемі байланыстыра отырып берілсе білім әрқашан да сапалы болады. Пәнге деген қызығушылық тақырыптағы жаңашылдық элементтердің қамтылуымен байланысты да туындап отырады. Мысалы, сөз таптары туралы оқушының алған жалпы түсініктерін қызықты детальдармен толықтыруға болады. Оған морфологияның етістік саласын оқытқанда көз жеткізуге болады. Етістіктің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар: көсемше тұлғалы етістіктер жеке тұрып толық мағыналы сөз есебінде қолданылмайды, көсемшелерге көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды; көсемшелер тек етістік сөздермен ғана тіркесіп қолданылады; есімше тұлғалы етістіктер және тұйық етістіктер заттанады, есім сөздер сияқты түрленеді. Етістіктер көсемше тұлғасында тек пысықтауыш, баяндауыш бола алады, есімше тұлғасында келіп анықтауыш, тұйық етістік тұлғасында зат есім қызметін атақарады: Күрделі етістіктер құрамы көсемшелерден тұрады. Осыларға назар аудару оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын тудырудың, саналы түрде түсінуін қалыптастырудың тағы бір жолы - тілдік терминдердің мағынасын аша отырып оқыту. Әуелде мұғалімнің басшылығы мен жүргізілетін мұндай жұмыс бірте - бірте тілдік ұғымдарды оқушылар өз бетімен тануына алып келеді. Олай болса, оқушы үшін оның қызықтылық қасиетінің өзі де осы байланыстылықтан өрбитіні анық. Тек оны тиянақты меңгерту үшін сөз төркінін тани білуге үйрету басты шарт болып табылады. Мысалы, етістіктің көсемше категориясын оқытқанда көсемше сөзін А.Байтұрсынұлы енгізгенін, көсем тәрізді үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді, есімше заттанғандықтан түбірі есім деген сөзден туған дегенді айта кету оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыра түседі. Оқушылар игерген білімнің қажеттілігіне көз жеткізудің бір жолы — тақырыпаралық, салааралық, пәнаралық байланыстарды үнемі ескеріп отыру. Бұл, бір жағынан, оқушыларды тілді бір тұтас құбылыс ретінде тануға негіз болса, екінші жағынан, үйреніп отырған білімнің ендігі сыныптарда өтілетін тақырыптарға тірек болатынын саналы түсіне бастайды. Оқушының лингвистикалық дүниетанымы мен тілдік компоненттілігін қалыптастыру бағытындағы жаңа талаптардың жүзеге асуында бұл жол елеулі маңызға ие болады. Мысалы, етістікті зат есіммен, сын есіммен байланыстыра оқыту қазақ тіліндегі тақырыпаралық байланысты жүзеге асырса, етістікті оқытқанда әдебиетпен, тарихпен, педагогикамен байланыстыра оқыту қазақ тіліндегі пән аралық байланысты жүзеге асырған болар еді. Осы мәселелердің барлығы білімнің тиянақтылығының кепілі бола алады. Оқушылардың бойында білім қорының мол болуының пайдалылығына деген сенім қалыптаса бастайды. Фактілер - ұғымдар - заңдар - жеке теориялар - тілдің жалпы адамзат дамуымен байланысы секілді тізбектің құрамына енген бөліктердің әр қайсысының өзіндік ерекшеліктерін айқындала дәлелденуі оқушы логикасын дамыта түсумен қатар негізгі, қосалқы білімдердің ара қатынасын танытады. Ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін екшеу, саралау, жүйелеу, қорыту дағдыларын жетілдіреді.
Бұрынғы кездері әдістемеші - ғалымдардың еңбектерінде оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру мәселесі көбірек орын алса, соңғы жылдары оның орнын білім беру ісін оқушылар сол білімді түсінуі, меңгеруі тұрғысынан ұйымдастыру мәселесі кең өріс алуда. Оқу процесін оқушының белсенді әрекеттерінің педагогикалық - психологиялық заңдылықтарын дәйектілікпен есепке ала отырып жүргізуге назар аударып қажеттілігі айқындалады.
Баланың оқу мотивтерін, оның
ішінде қызығушылығын қалыптастырудың бір жолы ретінде пәнді оқытуда
эвристикалық тәсіл арқылы оқу материалын оқушының өздігінен түсінуі
мен шешуі атап көрсетіледі. Мұнда білім мазмұнын меңгертуде баланың
ынта-ықыласын жұмылдыру мақсаты көзделеді. Грамматикалық ережелер
мен анықтамаларды, оның заңдарын бала өзіндік ой қорытулары арқылы
түйіндейді. Мұндай сабақтарды мұғалім алдын ала жоспарлап, онда
мынадай міндеттерді белгілейді:
- грамматикалық материалдарды оқушыға түсіндіру жолын ықшамдап,
өнімді әрі баланың қабылдануына, ақыл - ойына қонымды болу жағын
қарастыру;
- меңгерілуге тиіс материалдардың түйінді мәселелерін оқушының
өздері ашатындай жағдай тудыру, олардың түсіну дағдыларын
қалыптастыру.
Бұл жағдайда мұғалімнің міндеті оқушының әрекетін ұйымдастыру, оның
жолын көрсету Д.Б. Эльконин, Оқытуды түсіндірусіз, нұсқаусыз
жүргізу Т.Я. Гальперин болып табылады. Ал, оқушы сол тапсырмаларды
шешудің жолдарын өздері табады, бұл олардың ақыл-ой белсенділігін
дамытуға бағытталады .
Бала ұғымына ауырлық келтірмейтіндей деңгейдегі мәселелерді
проблемалық жағдай туғыза отырып меңгерткен тиімді. Себебі оқушының
интеллектуалдық күшінің өсуі жаңа фактілерді түсінудегі және ой
елегінен өткізудегі қиыншылықтарға тап болуынан туады және
проблемалық мәселенің, оқушының тақырыпты меңгеруге деген
ынтасының, оның эмоциялық әсерлігінің және ерік күш - жігерінің
болуымен сипатталады. Өздігінен жұмыс істеуге ниеттелген оқушы
тапсырманы қызыға орындап, жағымды эмоциялық әсер ала отырып,
кездескен қиындықты саналы түрде түсіну арқылы жеңіп шығуға
талпынады. Бұл бағыттағы ізденістердің, ғылыми тұжырымдардың
барлығы да оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыру теориясы,
мазмұнды қорыту теориясы В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, ақыл-ой
әрекетін кезеңдеге бөліп қалыптастыру, рухани қажеттіліктер (Ю.В.
Шаров) мен танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру теориясы,
проблемалық оқыту теориясы т.б. оқушының әрекет субъектісі
ретіндегі рөлін жоғары бағалайды, яғни оқушының білімі де,
меңгеретін машық- дағдылары да танымдық белсенділігі нәтижесінде
оның біліктілігін арттыруға қызмет етуге
тиіс.
Проблемалық сұрақтар оқушылардың белсенді әрекеттерін туғызуға түрткі болып өздігінен ой түйіндеулеріне әкеледі. Мұнда баланың танымдық дербестігін, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру үшін салыстыру, талдау, жинақтау, ой қорту секілді ойлау операциялары жүзеге асырылады.
Ойлау тәсілдеріне: алгоритмдік, жартылай алгоритмдік (дұрыс шешім - бірдей шешім); эвристикалық, жартылай эвристикалық (дұрыс шешім болмау да бірдей болмауы да мүмкін шешімдер) тәсілдерді оқушыға үйретудегі басты мақсат - машықты төтелей меңгерту емес нақты міндетті шешуге көмектесетін операциялар жүйесін қалыптастыру. Таным теориясы даралық таным процесінің негізгі заңдылығын проблемалық ұстаным арқылы бейнелейді. Онда адам ойы білмеуден білуге, толық еместен толық білуге қарай жүруінің ішкі логикасы көрсетіледі. Одан туындайтын негізгі міндеттер мынадай:
- етістіктің шақтарын шығармашылықпен меңгеру дағдыларына тәрбиелеу;
- етістіктің шақтарын шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және көсемшені оқу порблемаларын шешу шеберліктеріне тәрбиелеу;
- шығармашылық әрекеттерін қалыптастыру;
- етістіктің шақтарын оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру;
- етістіктің щақтарын ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру т.б.
Мұғалімнің түсіндіруі жаңа сапаға ие болады, яғни ол етістіктен берілген тапсырманы шешудің жолымен логикасын меңзейді. Әрі өзінің ақпаратты беруші қызметін шектеп, оқушылардың етістіктің шақтар тапсырмаларды өздігінен орындау және түсіну бағытындағы әрекетін кеңейтеді. Таратып айтсақ, мысалы, оқушы анықтаманы өз бетінше құрастырса, біріншіден, оның байланыстырып сөйлеу дағдысы қалыптасады, екіншіден, етістікке шақтарына байланысты атауларды пайдалану нәтижесінде сөздік қоры молаяды, үшіншіден, жұрт алдында сөйлеуге машықтанады, төртіншіден, басқаларды да тыңдауды үйренеді, бесіншіден, оқушылар бір-бірінің қабілет-дарынын қанаттандырып, басқалардың пікірімен санасуға қол жеткізеді. Етістік шақтары тақырыбынан кейін кесте, сызба жасату үстіндегі ойын дәлелді қорғауға үйретуге лингвистикалық әрі логикалық тұрғыдан даму жүзеге асады. Мұнда әр тақырыптан (6 - сыныпта етістік шақтары, етістіктің шақтары жасалуы мен түрлері, 7 - сыныпта етістік және оның категорияларының түрленуі мен етістіктің сөйлемдегі қызметі) ішкі байланыстарын аша келіп, оқушы етістік туралы, оның құрылымы жөніндегі білімін нығайтады. Қарапайым қорытындылар жасаудан бастап, үлкен тарауларды өткеннен (мысалы сөз таптары) оларды талдату, бір жүйеге енетін, яғни, сөз таптарына енетін зат есімді, сын есімді, етістікті т.б. саралау, оларды классификациялау жұмыстары үстінде ойлау операциялары дамытылуымен қатар, оқушының зейін, ерік, шығармашылық қиял, тақырыптық ерекшелігі де өрістейді. Етістіктің шақтарын игеру мен жорамалдар ұсыну және оларды дәлелдеу үстінде тілдік біліктілігі оқушының өз ойын сөйлеу тілінде дұрыс құруы арқылы да танылады. Оқушының өздік жұмыстарында әрқашан сабақтастық ұстанымын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізген тиімді. Себебі оқушы үшін етістік бұрын соңды өтілген тақырып болса, етістіктің категориялары мүлдем жаңа көсемше, есімше, етістіктің райлары, шақтары тақырыптарын өз бетінше меңгеруі қиын.
Етістік шақтарын оқушының қызығушылығын оятып, оның қажеттілігіне көз жеткізетін дидактикалық талаптардың бірі - оқушыға етістіктің шақтарын берілетін теориялық білімнің практикалық мәні екі жүйеде қатар сабақтастырыла жүргізілуі тиіс: біріншіден, етістік шақтарын өткеннен кейін оқушы оның қай сөз табына жататынын, қай сөз таптарымен қалай қатынасқа түсетінін, сол сыныптағы бағдарлама көлемінде меңгеруге міндетті. Бұл ұғым - түсініктер оқушының етістік шақтарын біліктілігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, етістік шақтары теориялық материалды құрғақ ереже болып қалудан баланың ішкі қажетіне айналдыруды қамтамасыз ету мақсатында жасалатын әдістемелік жүйе бойынша етістік тақырыбы оқушының ауызекі сөйлеу, жазба тілдерін дамытуға қарай ыңғайластырылуы тиіс. Бұл бағытта да бағдарламада берілетін тақырып оның қарым-қатынастық тіл жұмсау аясындағы ерекшеліктерімен толығып берілуі ұтымды. Мұнда етістік шақтарын сәйкестендіріліп берілетін жұмыстар жүйесінің мақсаты, жоғарыда көрсетілгендей, білімнің танымдық әрі практикалық өрісін кеңейту екендігі даусыз. Әдіс - А.Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда, кезекшіліктен шығатын нәрсе-әдістің жақсы, жаман болғаны жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Көрнекі педагогтар анықтап, мұғалім мен оқушылардың тәжірибесінде әбден қалыпқа түскен, сыннан өткен әдістер мыналар:
1 мұғалімнің баяндау не түсіндіру әдісі;
2) әңгіме әдісі;
3) көрнекілік әдісі;
4) кітапты пайдалану әдісі;
5) жаттығу әдісі;
6) байқау әдісі;
7) грамматикалық талдау әдісі т.б.
Әдіс дегенді тек оқушымен ғана
байланысты түсінбей, оның басты мазмұны ғылыми ізденістің өзіндік
бір жолы екендігін танып, педагог ғалымдар дидактикадағы тиімді
әдістерді саралап көрсетті.
Мысалы: В.Оконь оқыту әдістерін былайша
жіктейді:
1) репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз ететін әдістер тобы;
2) оқушылардың өз бетімен білім ізденуі әдістер тобы, яғни проблемалық әдістер, олар проблеманы шешу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштауға бағытталады;
3)оқушылардың көркем-эмоционалдық белсенділігін даамытатын әдістер тобы;
Оқушылардың меңгерген білімдерін өздері қоршаған ортаны тани түсуге бағытталатын практикалық әдістер тобы. Оқушыларға қазақ тілі сабағында етістік шақтарын саналы білім беруді қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің ең негізгілерінің бірі – байқау әдісі. Етістіктің шақтарын оқытқанда, байқау әдісі жақсы нәтиже беру үшін, мұғалімнің оқушыларды байқауға дайындау жұмысы мына мәселелерді қамтиды:
1.Оқушылардың байқайтын нәрсесін аңғара алу үшін, оның өткен материалдардан теориялық білімінің болуы:
2.Кейде байқайтынына қатысы бар кейбір деректерді алдын ала білдіру:
3.Нені, не үшін байқау керектігін алдын ала ескерту.
Сондықтан да мұғалім оқытудың байқау әдісіне қойылатын мына талаптарды білуге тиіс:
1) Оқушылардың нені байқайтынын дұрыстап түсіндіру. Мәселен мұғалім тақтаға етістіктің түрлерін мысал жазғанда, етістіктің қай түрлерін келетінін байқап отыр деп тапсырма береді. Немесе соның көрнекті құралын тақтаға ілгенде, қызылмен жазылған обьект нені көрсететінің байқауды тапсырылады;
2) Байқағанда, оқушы назары алдымен не нәрсеге сонан кейін қайсысына аударылатынын айту, яғни байқаудың жоспары мен жүйесін үйрету.
3) Байқаудың мақсатын және оның пайдасын таныту. Мысалы: етістіктің шақтарын жазуда да сөйлеуде де дұрыс қолдана білу үшін, оның мағынасы мен формаларын білудің міндет екенін аңғару (келып емес кел+іп, кел – а емес кел – е екенін дұрыс қолдана білу.
4) Байқалғандарынан ненің басты ненің қосымша фактор екенін аңғару.
5) Байқалған фактілернің негізінде дұрыс ой қорытындысын шығару.
6) Ой қорытындысының дұрыстығын байқаған фактілермен дәлелдеп беру.
Байқау уақыттық та, көп уақыттық та болып келеді. Аз уақыттық сабағында қазір онша көп орын алмайды. Қазақ тілі сабағында етістік шақтарын білім беруде ең тиімді байқау – аз уақытты байқау. Байқаудың тым ұзаққа созылғаны (3 – 4 сағатта бір ғана обьектіні байқау) оқушыларды жалықтырады. Соның салдарынан басқа сабақтарда олардың байқауға ықыласы болмайды. Сондықтан да етістікті оқытқанда, аз уақыттық байқау әдісі тиімді. Осындай талаптарға сай ұйымдастырылған, қолданылған байқау әдісі оқушыларға тілдік фактілерді тануға, соның негізіндегі етістік жөнінде ереже (ой қорытындысын ) айтуға және сол ережені фактілер арқылы берік, саналы түрде сақтауына, белсенділігін арттыруға, өздігінен жұмыс істеу қабілеті дамуға мүмкіндік жасайды.
Қазақ тілі сабағында етістіктен берілетін білімнің бәрі бірдей оқушылардың байқауы арқылы меңгеріле бермейді. Сондықтан да тілдік теориялық материалдар оқушыларға мұғалімнің түсіндіруі арқылы да меңгертіледі. Қазақ тілінде етістік шақтарын матеериалдарын мұғалімнің түсіндіруі дегеніміз – оның ұғымдары мен ережелерін логика зааңдарын басшылыққа ала отырып ғылыми тұғыда белгілі бір жүйемен оқушыларға айтып беруі. Түсіндірудің негізгі өзіндік ерекшелігі – дәлелдеу. Мұғалімнің түсіндіруінде үнемі пайымдау, ой қорытындысын шығару, дәлелдеу дегендер болып отырады. Оқу материалдарын түсіндіруі бір – ақ ізбен жүрмейді. Ол түрленіп отырады.
Солардың негізгі түрлері мыналар:
1. Бағдарлама мен оқулықтағы етістіқ шақтары туралы білімді түгел түсіндіру. Түсіндірудің бұл түрін әр мұғалім бұрыннан қолданып жүр.
2. Оқулық пен бағдарламада көрсетілген етістіктің шақтары туралы материалдардың ең негізгісі ғана мұғалімнің түсіндіруі. Бұлайша тұсіндіргенде, ал қалғанын оқушылар мұғалімнің көмегімен меңгереді. Мәселен мұғалім етістік пен зат есімді салыстырып олардың арасындағы айырым белгілерді түсіндіреді / етістік іс – қыймылды білдіреді, не істеді? Не істейді? Қайда? т.б сұрақтарға жауап береді, етістік шақтары тұлғасында тұрған сөзге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса, заттанып келіп зат есім болса, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы сын есім бола алады, немесе етістіктің есімше және көсемше котегорияларын өткенде өзара салыстыруға болады (көсемшенің -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалары бар болса, есімшеде ар, -ер, -р, -ған, -ген, -қан, -кен, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, -атын, -етін, -йтін, -йтын), ортақ белгілерін көрнекі құралға (венндияграмасын қолдануға болады) сүйене отырып (екеуі де етістіктің котегориясы екенін) оқушылардың өздігінен білуін талап етеді.
3. Оқушыларға бағыт беру. Мұғалім жаңа материалды өтерде оқушыларға тек бағыт береді. Содан кейін оқушылар көрнекі құралды пайдалана отырып, ол материалды өздері мен менгереді.Мысалы, түрленетінің айту талап етіледі.Оқушылар бұрыннан белетін материалдарына сүйніп,көрнекі құралдардың көмегімен жаңа материал жайында өз түсініктерін айтады. Мұғалім тек қана олардың айтқанын жүйеге келтіреді, толықтырады.
4. Оқушыладың өздігінен түсінуі немесе түсіндіру. Мұғалім өтілетін тақырыпты хабарлайды да, көрнекілікті іледі. Сонан кейін оқушылар оны байқайды да, мұғалімнің жетекші сұрағынсыз-ақ өздері сол жайында сөйлейді. Екінші сөзбен айтқанда, мұғалім тыңдайды. Оқушылар жаңа материалды түсіндіреді, яғни олар өзінше қалай түсінетінін айтады. Түсіндірудің осылайша түрленіп отыруы оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен ықыласын, белсенділігін арттырады. Әрі олардың ойлау қабілетін дамыту, сөз байлығын арттыруға көмектеседі, сөйлеуге, ойын рет-ретімен айта білуге үйренеді. Әңгіме әдісі – оқушыларға білім беруде қолданылатын көне әдістерінің бірі. Әңгіме әдісі бойынша оқушыларға оқу материалдарын меңгерткенде, мұғалім сыныпқа жетекші сұрақтар қояды.Оқушылар оған жауап қайтарады. Сөйтіп, мұғалім оқушылардың жауаптары арқылы меңгертеді. Сондықтан да кейбір әдіскерлер әңгіме әдісін сұрақ-жауап әдісі,кейбірі әңгімелесу әдісі деп те айтады.
Әңгіме әдісіне үнемі мұғалім сұрақ қоя бермейді, кейде оқушылар да сұрақ қояды. Әйтеуір сыныпқа қойылған сұрақтар әңгіме туғызуға себепші болды. Сол себепті бұл әдіс әңгіме әдісі деп аталынады.
Әңгіме әдісінің мәні мына төмендегідей:
1.Әңгіме әдісі оқушыларға етістік шақтарын дұрыс талдауды, олардың өзіндік ерекшелігін есте сақтай білуді үйретеді.
2.Әңгіме әдісі. Оқушыларды етістік шақтарынан талданған жеке фактілерді жинақтап, ой қортындысын дұрыс шақыруға дағдыландырады.
3. Әңгіме әдісі. Оқушыларды ұжым болып жұмыс істеуге үйретеді.
4. Әңгіме әдісі. Оқушыларды ойлауға,тапқырлыққа дағдыландырып, қиялын шарықтатады.
5.Әңгіме әдісі. Әр оқушының оқу материялы, яғни етістіктің қаншалықты білетінің аңғаруға мүмкіндік жасайды.
Граматикалық білім беруге қолданылатын әңгіме әдісі үш түрлі:
1. Хабарлайтын әңгіме;
2. Эвристикалық әңгіме;
3. Еске түсіретін әңгіме;
Хабарлайтын әңгіме дегеніміз -оқушылардың бұрыннан білетін білімі мен тәжірбиесіне және байқауына сүйене отырып, сұрақ -жауап арқылы мұғалімнің етістікті түсіндіруі.
Эвристикалық әңгіме сұрақ - жауап арқылы жаңа материалды оқушылардын өзіне меңгерту. Эвристикалық әңгімеде оқушылар етістікті, оған тән қасиеттерді басқа сөз таптарымен салыстыра отырып, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін таниды, ой қорытындысын шығарады.
Еске түсіретін әңгіме дегеніміз - қайталау, жинақтау арқылы оқушылардың етістік шақтарына бұрыннан білетін білімдерін бір жүйеге келтіру және соларды практикада қолдану. Бұл әдісті 7 сыныпта "Етістіктін шақтарының түрленуі " және "Етістіктін сөйлемдегі қызметі " тақырыптарын өтерде 6-сыныпта өткен "Етістік" мен "Етістіктін жасалуы мен түрлері " атты тақарыптарды қайталауға тиімді болар еді.
Шақтарды оқушылардың дағдысын қалыптастыру үшін жүргізетін жаттығулардың түрі өте көп. Сондықтан да мұғалім жаттығуға байланысты мыналарды білуге міндетті:
1. Белгілі бір жаттығуды не үшін орындайтына, оның қандайпайдасы барлығына түсінсе ғана оны саналы түрде орындайды. Саналы түрде орындалған жаттығулар ғанаткөсемшеден тиісті дағдыланған алуына көмектеседі.
2. Жаттығуды оқушының қызығушылығын ,ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс.
3.Жаттығу оқушы назарын өзіне тартатындай болуы керек.
4. Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.
5. Жаттығулардың түрлі-түрлі болып келуі.
6. Жаттығулар тек таяуда ғана өткізілетін материалдарға негізделмей, бұрынырақта өтілген кейбір материалдарды да, қамту керек.
7. Жаттығулар оқушылардың уақытын алмауға тиіс.
8.Шығармашылық жаттығуладың көбірек болуы қажет.
9.Әр жаттығу оқушы еңбегінен нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.
10.Белгілі бір жаттығуды орындау үшін, оқушылардың сол жаттығуды орындаулық білімі болуы шарт. Жаттығулар осы талапқа сай болғанда оқушылардың ғана дағдысын қалыптастыра алады.
Кітаппен жұмыс істеу әдісі сабақтың барлық кезеңінде қолданылады. Себебі шақтарды білім оқушылардың тілдік құбылыстарды бақылауы арқылы немесе мұғалімнің сөзі арқылы ғана емес, басқа әдістер арқылы да меңгерілетіні белгілі.
Оқушыларға қазақ тілінде шақтардан білім мазмұнын игеруіне оқулық пен көмекші оқу құралдары, ғылыми көпшілік әдебиеттер, журнал мен газет материалдарының мәні зор. Мұғалімнің түсіндіруі мен жаттығу жұмыстары кітапқа сүйеткенде ғана нәтижелі болады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға кітапты пайдалануды үнемі үйретіп отырады.
Қазақ тілінен етістік шақтарын оқытқанда грамматикалық талдау ауызша да, жазбаша да жасатып отырылады. Дегенмен, талдаудың қай түрі жүргізілсе де, ол оқушылардың көп уақытын алмауға, тек оларға шақтарды басқа категориялармен салыстыра отырып таныту немесе алу мақсатынкөздеуге тиіс.
Өз бетімен ізденіп білім алу әдістеріне мына әдістер жатады:
1. дәстүрлі проблемалық әдіс;
2. кездейсоқтық әдіс;
3. ситуатциялық әдіс;
4. оқушылардың сабақ бере білу әдісі;
5. дидактикалық әдіс;
6. эвристикалық әдіс;
Дәстүрлі проблемалық әдістің құрлымы мынадай үлгіде келеді:
1. мұғалімнің проблемалық ситуатция жасауы:
2. проблеманы жүйелеп таныстыру және оның шешімінің болжамын ұсынуы:
3. шешімнің болжамдарын тексеріп көру:
4. алынған шешімдер мен нәтижелерді бір жүйеге түсіріп оларды қолдану жолдарын анықтау:
Бұл әдістің ерекшелігі мынада: оқытудан гөрі оқушылардың қызметіне зор мән беруі.
Проблемалық әдістің ерекшелігі сонда - оқушыларға шақтардың мазмұндағы мәлемет беріліп, соның себебін анықтау тапсырылады. Себебін анықтау барысында оқушыларда қандай да бір сұрақтар туындайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Етістіктің шақтарын оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер

шағым қалдыра аласыз