Этнолингвистика курсы – ұлттық дүниетанымды қалыптастыру құралы
Қазақ тілі – сөздік қоры бай, сөз мағынасын түрлендіре қолдануға икемді тіл. Тіл халықпен бірге жасайды. Тіл арқылы халықтың өзіндік болмысы мен ділі танылады. Яғни, тілдің тамыры тереңде. Халық тарихы-тіл тарихы. Тілді халықтан, халықты тілден ажырата қарастыруға болмайды. Қазақ тіліндегі байырғы сөздер мен жаңа сөздердің, түрлі айшықтауыштар мен морфемалардың сан алуандығын байқауға болады. Бүгінгі күні оқушының қызығушылығын туғызу үшін тілдің өзін ғана қарастырмай, оның ұлттық тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен, танымымен, әдеп- ғұрпымен байланыстыра талдайтын болсақ, тілге деген құрметті арттыруға болады. Тіл білімінде бұл сала-этнолингвистика деп аталады.
Оқушыларға қазақ тілінің бай сөздік қоры мен этнолингвистикалық атауларды меңгерту арқылы халықтың рухани-мәдени өмірін, салт-дәстүрін, дүниетанымын таныту және оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту мақсатында мектепте «Этнолингвистикалық атаулар» бағдарламасы жүргізіліп келеді.
Адам танымы қоршаған ортасына, өмір сүріп отырған ұлтына, мемлекетіне, айналасындағы табиғатына, дініне, діліне, ұлттық құндылығы мен ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүріне тікелей байланысты. Осыдан келіп әр халықтың өзіне тән, тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен өмір-тіршілігін, тұрмыс-салтын, дәстүрлеріне байланысты дүниетанымдық, рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын этнолингвистикалық атаулардан іздестіру — бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Рухани жаңғыруға қарқынды бет алған тұста қазақтың ұлттық құндылықтарын меңгерту, соның ішінде тілдік жүйедегі этномәдени атаулардың мәні мен мағынасын түсіндіру, олардың бастапқы мағынасы қандай болғанын, бүгінгі күнге дейін қалай өзгергенін, тілімізде ұзақ жылдар бойы қай мағынада сақталғанын анықтау терең ізденісті талап етеді. Этномәдени бірліктердің дені материалдық және рухани мәдениет атаулары болғандықтан, қазіргі қолданыста жиі кездеспейді. Ал оқушылардың тілдік қорында күнделікті кездескен бұйымдары мен әрекеттері, жағдаяттармен шектеліп келеді. Оның үстіне ғылыми-техникалық прогресс легімен енген шеттілдік сөздермен толығып келеді. Ендеше әрбір қазақ баласы ошақ, бақыр, айтұяқ сияқты лексикалық бірліктердің көмескіленген мағынасын түсініп, абдыра мен сандықтың, бесті мен дөненнің айырмашылығын ажырата білуі тиіс. Сол үшін әсіресе қазақ тілі сабағында этнолингвистикалық атауларды оқытудың оңтайлы тәсілдері жіті зерттелуі қажет.
Мусаева Майра Дуйсалықызы
Жамбыл облысы Меркі ауданы
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мектептегі этнолингвистика атауларын оқыту- тіл мен мәдениетті байланыстыру жолы
Қазақ тілінің бай лексикалық қорына негізделіп, тіл мен халықтың біртұтастығын көрсете отырып, оқушыларға терең ұлттық сана қалыптастыруға мүмкіндік береді. Этнолингвистикалық атауларды талдау арқылы оқушылар халықтың рухани және мәдени өмірін, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын танып, тілдің тек сөздер жиынтығы емес, ұлттық өзіндік болмыс пен дүниетанымның айнасы екенін түсінеді.
Оқушыларға қазақ тілінің бай сөздік қоры мен этнолингвистикалық атауларды меңгерту арқылы халықтың рухани-мәдени өмірін, салт-дәстүрін, дүниетанымын таныту және оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту мақсатында этнолингвистиканы мектепте оқыту тиімді болмақ. Қазіргі таңда ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізу білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда этнолингвистика ғылымының мазмұнын мектепте оқыту ерекше маңызға ие. Өйткені этнолингвистика – тіл мен мәдениеттің өзара сабақтастығын қарастыратын ғылым саласы. Ол арқылы оқушылар тек тілдің құрылымын ғана емес, сол тілде сақталған халықтың тарихы, дүниетанымы мен салт-дәстүрлерін де танып біледі.
Этнолингвистика курсын мектепте оқытудың тағы бір артықшылығы – тіл үйретудің өмірмен байланысын арттыру. Тек грамматикалық ережелерді меңгерумен шектелмей, оқушылар тілдік бірліктердің артында жатқан тарихты, дәстүрді, мәдениетті таниды. Бұл олардың сөздік қорын байытып қана қоймай, ұлттық болмысқа деген қызығушылығын арттырады.Сонымен қатар, этнолингвистикалық білім оқушыларды өз мәдениетін құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетіне сыйластықпен қарауға тәрбиелейді. Яғни, этнолингвистика курсы тек тіл мен мәдениетті байланыстырып қана қоймай, тұлғаның рухани дамуына ықпал етеді.
Қорытындылай келе, мектеп бағдарламасына этнолингвистика курсын енгізу – ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізудің, тіл мен мәдениеттің бірлігін сақтаудың тиімді жолы. Бұл курс оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып қана қоймай, олардың ұлттық дүниетанымын кеңейтуге, мәдени мұраға құрметпен қарауға үйретеді.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз