Материалдар / Этностильдегі бұйымдарды жасау (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері) Бұйымдарды әшекейлеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Этностильдегі бұйымдарды жасау (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері) Бұйымдарды әшекейлеу

Материал туралы қысқаша түсінік
бас киім, камзол дайындау үшін нұсқаулық-технологиялық карта құрастырады; - қажетті өлшемдерді алады; - бұйымның сызбасын сызады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2022
1023
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Көркем еңбек

Мектеп: Ғ.Мұратбаев ШЖЖОМ

Күні:25 11.2022ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Л.Абсатова

Сынып: 8 сабақ

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Этностильдегі бұйымдарды жасау (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері)

Бұйымдарды әшекейлеу

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

8.2.3.1-Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану

8.2.3.2-Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау

8.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда

қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау

8.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақтың мақсаты:

- бас киім, камзол дайындау үшін нұсқаулық-технологиялық карта құрастырады;

- қажетті өлшемдерді алады;

- бұйымның сызбасын сызады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі:

5 минут

Сәлемдесу.Түгендеу.

«Мен саған ... тілеймін» ойыны. Жақсы тілектер айту. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Шатастырылған әріптер» ойыны

Оқушылар жұптары сол құраммен жұмыс жасауды жалғастырады. Әрбір жұпқа барлық әріптері шатастырылып жазылған сөздер бар карточкалар таратылады.

УҰҚР (құру)

ЫҰМБЙ (бұйым)

ИТСОНТЭЛЬ (этностиль)

КБАСІМИ (бас киім)

ЛКАЗМО (камзол)

Белгілі уақыт аралығында оқушылар жұптаса отырып, араласқан әріптердің дұрыс тәртіпте орналасуын шешіп, дұрыс жауабын айтады. Мұғалім қажеттілігіне қарай түзете отырып, оларды тақтаға жазады. Мұғалім тақтада жазылған сөздерге назар аудартып, оқушыларға осы сөздерден тақырыптың атауын тұжырымдауды ұсынады, сонан соң сабақтың мақсатын хабарлайды.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Өзара бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер


Әр оқушыға арналған бірдей түсті қағаз парағы, қайшылар.



Жаңа білім

35 минут

Сұрақ:

  • Бұл бұйымға қандай ою-өрнек қолайлы?

  • Бұл бұйымды жасауға қандай материалдарды қолданған ыңғайлы?

  • Өз эскиздеріңді тағы да немен толықтырғыларың келеді? Неліктен?

Топтар осы жайында өз ойларын ортаға салады

Тәжірибелік жұмыс.1 кезең.

  • Бас киімнің сызбасын құру үшін өлшем алу кезінде қандай өлшем алу ережелерін сақтау қажет?

  • Бас киімнің – тақия, сәукеле және т.б. сызбасын құру үшін қандай өлшемдер алу керек?

  • Өлшем алыңдар және нәтижесін кестеге жазыңдар

Конструкциялау кезінде, яғни сызба жасау кезінде БА (бас айналымы) өлшемінің бөлінуі немесе бөлінбеуі де мүмкін. 2,4,6,8,10,12 немесе басқа санға бөлінуі мүмкін. Бұл бас киімнің моделіне байланысты. Яғни, егер артқы жағынан тір тігіс түскен жаздық бас киім болса, онда құрылым кезінде бөлінбейді. Ал егер, мысалы, қиықты тақия болса, онда 4-тен 12-ге дейін бөлінеді. Яғни БА өлшемі жоспарланған қиық санына бөлінеді.

2 кезең. Бас киім сызбасын сызу. Нұсқа 1 (тақия)

Нұсқа 2.Бас айналымы аздап құлақтан жоғары өлшенеді және алынған санды төртке бөлу керек. Параққа негізі алынған өлшем санына тең, биіктігі -1 – 1,5 см кем етіп бесбұрыш сызу (а- сурет). Мысалы, бас айналымы 52 см-ге тең болса, онда әр бесбұрыштың негізі 52 : 4 = 13 см, ал биіктігі 13 - 1 = 12 см болады. Пішу барысында матадан 4 бөлшек пішу қажет.

Нұсқа 3.Бейне материалды қарап шығу және жұмысқа ұсынылған кезең бойынша бас киім дайындау.

3 кезең. Оқушылар алынған ақпаратқа, дизайнерлік шығармашылық бұйымды жасауға арналған эскиздер мен таңдалған материалдарға сәйкес нұсқаулық-технологиялық картаны дайындап, оны кестеге орналастырады:

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі


Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Бұйым дайындау кезеңі

Дайындау реттілігі

1



2



3




Дискриптор

- белгілі бір талаптарға сәйкес бұйым дайындау үшін альбомға немесе жұмыс дәптеріне қажетті жазбаларды орындайды;

- осы жазбалар негізінде бұйым дайындаудың әртүрлі тәсілдерін ескере отырып, өлшем алу және сызбасын сызуды орындайды


Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=87-DrwZ4fvE

https://www.youtube.com/watch?v=9ZIaQhw_HWQ

https://www.youtube.com/watch?v=O8sZma1be-s




Бекіту


5 минут

Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылармен бірге нобайлар көрмесімен орындалған жұмыстарды талқылау

«Бағдаршам» әдісін қолдану


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.





Абсатова Лаура Умирхановна

«Ғани Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Отырар ауданы, Қостерек ауылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!